Буын. Зерттелуі және түрлері


Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер» (1977ж.)



бет3/13
Дата10.10.2022
өлшемі38,3 Kb.
#152373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-92101

Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер» (1977ж.): Буын - сөз ағымындағы бір немесе әлденеше фонемалық тобынан жасалған фонетикалық единица. Қазақ тіліндегі буын өзгешелігінің бірі - буын жасаушы дауысты дыбыстар өзімен бір үйлесежүретін дауыссыздардың акустикалық көрсеткіші болып келеді. Егерде буындағы дауысты жіңішке болса, үйіріндегі дауыссыздар ды жіңішке болады, жуан болса, дауыссыздар да жуан болады.
Ж. Аралбаев «Буын біздің байқауымызша әртүрлі дыбысталу күшінен құралған арнаулы фонетикалық комплекс». Мәселен «тал» деген сөзде бір буын бар, осы сөзде үш фонема бар, оның алдыңғысы мен кейінгісі дауыссыздар. Ол дауыссыздар айтылу жағынан бірдей емес, буын басындағы дауыссыз дыбыс күштірек айтылады. Қазақ тілінде буын ішіндегі біртүрлі дауыссыздар біркелкі күшті айтылады: ыссы, қатты. Мұндай жағдайды тең күштілер дейміз. Қазақ тілінде сөз ішінде сөз аралығындағы біркелкі дауыссыздар буын жігін көрсетеді - түбірде: ләз-зат, із-зет, қосымшалы сөздерде: тас-саң, хат-ым.
Демек, дауыссыздар бітеу буында әр-түрлі экспирация басқыштармен айтылады.
Буын ішіндегі дыбыстардың санына қарай қазақ тілінде буындар үш түрлі болып келеді: ашық, жалаң, тұйық.
Ашық буын дауыстыға біткен (а-ла). Жалаң буын жалғыз дауыстыдан құралады. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын дейміз (ақ, өрт, ат). Тұйық буын дыбыс құрамына қарай жай және ауыр тұйық болып екіге бөлінеді.

  1. Жай тұйық буын дегеніміз (д/ты+д/сыз) екі дыбыстан құралған (ас, ал,өс).

  2. Ауыр тұйық буын дегеніміз үш фонемадан құралады (д/ты+д/сыз+д/сыз). Мысалы: ант, өрт, арт.

Қазақ тілінің буын жөніндегі бір ерекшелігі - буындар қалай болса, солай келе бермейді. Жалаң буын мен тұйық буын сөздің басында ғана кездеседі. Тұйық буынга жалаң буынды қосатын болсақ, онда буын жиі өзгереді (өрт-і, төрт-еу).
Дауысты дыбыс алды-артына да дауыссыз дыбыс қойып буын жасайды. Бұны бітеу буын дейміз. Бұл буын да ауыр және жай буын болып бөлінеді.

  1. Жай бітеу буын дегеніміз - алды-арты дауыссыз жалаң, сонор немесе салдырдан тұрады. Мысалы: мал, нан, тас, жаз.

  2. Ауыр бітеу буын дегеніміз - бір жағы екі дауыссызға біткен буын. Мысалы: төрт, булт.

Бітеу буынның:
а) басы ауыр бітеу буын;
ә) аяғы ауыр бітеу буын.
Әуелгі буында дауысты мен дауыссыз бірге келіп, одан кейінгі буын дауыстыдан басталса, онда әуелгі буынның алдындағы дауыссыз екі дауыстының аралығында қалып, буынға жіктелгенде соңғы буынға жылысады. Мысалы: куп-ім, ку-нім.[3, 97-105 б ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет