Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін


Спортшының өз әрекетімен, үлкен амплитудамен қозғалысты



Pdf көрінісі
бет59/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

Спортшының өз әрекетімен, үлкен амплитудамен қозғалысты 
орындау қабілеттілігін белсенді икемділік дейміз.
Сыртқы орта әрекеті күшімен әсер етіп қозғалысты үлкен 
амплитудамен орындау қабілеттілігін енжар икемділік дейміз.
Сыртқы 
орта әрекетіне жататындар – дене тәрбиесі мұғалімінің, жаттықтырушының, 
серігінің көмегі, әр түрлі құрал-жабдықтардың көмегі т.с.с. Мысалы, кілемде 
аяқтарын жан-жаққа соза отырып, аяқтарының ортасына қарай терең 
еңкейіп, икемділік жаттығуын жасап жатқан спортшыны алайық. Ол өз 
әрекетімен, өз күшімен жаттығуды орындаса белсенді икемділік, ал орындап 
жатқан кезде жаттықтырушысы келіп арқасынан итере басып, терең еңкеюге 
көмектессе енжар икемділік деп танылады. Икемділікті тәрбиелеудің басты
кезеңдерінде белсенді икемділікті дамытып барып, ары қарай енжар 
икемділікті дамыту әдісін жалғастырса дұрыс болады. Икемділік сыртқы 
орта әсері арқылы жақсы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет