Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет171/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
165 
геруге болады. Кҿп тілді ҥйрету арқылы біз болашақта кҿзі ашық, ҽлемдік мҽдениетке кҿзқарасы 
қалыптасқан азамат тҽрбиелейміз деген ойдамыз. 
Сапаға жетелейтін, оны қадағалайтын тҥрлі тетіктер жеткілікті. «Ҽлеуметтік – экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жҥзеге асыру 
мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тҽжірибесін оқу – тҽрбие ҥрдісіне енгізе отырып, 
тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы тырнақ алды маңызды мҽселелердің бірі болып табы-
лады. Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тҽжірибесінің 
тиімділігін ғылыми тҽсілдер арқылы жҽне оқытушы – ҽдіскерлердің ғылыми-ҽдістемелік ҧстаным-
дарындағы ерекшеліктеріне тоқталып ҿтсек. 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері: 
-
оқушыларға алған білімдерін оқудағы жҽне ҿмірдегі мҽселелерді шешуде пайдалануды ҥйре-
туге бағдарлау; 
-
тілдерді деңгейлік ҥйретуді ҧйымдастыру; 
-
пҽндерді кіріктіру; 
-
жаңа пҽндерді енгізу; 
-
тереңдетіп жҽне стандартты оқуға арналған пҽндерді жоғары мектепте таңдау қҧқығы; 
-
жоғары оқу орындарына тҥсуге мақсатты тҥрде дайындалу; 
-
бағалаудың критерийлік жҥйесі; 
-
осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту; 
-
сын тҧрғысынан ойлау; 
-
білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу; 
-
зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру. 
Ҥштілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер ҥш тілде жҥргізілетін оқу бағдарлама-
лары бойынша білім алатын оқушылар жҧмысқа ҧқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білу-
дің артықшылықтарын тҥсінеді. Ҥш тілде оқытудың ҽдіс-тҽсілдері – пҽн мен тілді кіріктіріп оқыту 
ҽдісі, командалық оқыту, тілдік ортаға ену.
«CLIL» – Ҥштілділік оқыту бағдарламасын жҥзеге асырудың тиімді ҽдісі. 
CLIL – ҽдісінің негізгі қаруы. 
Қазіргі таңда тілдік пҽн емес сабақтарда тіл мен мазмҧн ағылшын тілінде қоса оқытылып жатқа-
нын жоққа шығара алмаймыз. Бҧл термин ХХ ғасырдың соңында Еуропада пайда болғанымен, 
тарихы ертеден басталады. Соңғы жылдары CLIL ҽдісі Европа мен Славакия елдерінде ҥлкен маңыз-
ға ие болып отыр. CLIL білім жҥйесіне жҽне методологиялық мақсаттарына сай арнайы ҽдіс болып 
табылады. Бҧл оқушының қызығушылығын арттырып жоғары нҽтиже кҿрсетуінің негізгі қҧрал-
дарының бірі болып табылады. Пҽнді шет тілінде ҥйретудің қарапайым жолынан гҿрі, пҽнді жҽне 
тілді кіріктіріп оқытуда қос тілділік білім жҥйесін қосу маңызды ҧсыныстардың бірі болып отыр. 
Марш пен Фригольс бес негізгі ерекшелігін атап кҿрсетті: 
кҿп нысаналық, оқыту аясын кеңейту, тҥпнҧсқалық, белсенді оқыту, қолдау. 
Марш пен Фригольстың кҿп нысаналы ҧсыныстарына сҥйене отырып, ҿзекті тақырыптарды тіл-
дік емес сабақтарға кіріктіріп оқытуда жҽне жоспарлап оқытуда пҽнаралық тақырыптар жҽне жоба-
лар арқылы кҿрсете алды. CLIL – екі мақсатты кҿздейтін оқыту ҽдістемесі. 
1. Екінші немесе ҥшінші тіл арқылы пҽнді оқыту. 
2. Пҽн арқылы тілді оқыту. 
Мысалы: Бір сабақты алайық, қай пҽн екенін ҿзіміз таңдаймыз. Сол пҽнге қажетті мағлҧматтар 
мен жабдықтарды аламыз. Сонда тіл мен пҽнді сол сабаққа кіріктіріп оқыту ҥрдісі жҥреді. Орыс 
кластарына География пҽнін қазақша оқыту балалардың География пҽнін жҽне қазақ тілін ҥйреніп 
шығуын кҿздейді. Мысалы: су буланды, сосын бҧлтқа айналды, - деп бір оқушы айтса, екінші бір 
оқушы: тамшылар жиналды, сосын жаңбыр жауды, - деп ҿз ойын айтады. Осы кезде мҧғалім оқушы-
лардың ойларын жалғастырып, қосымша ақпарат беруге тырысады. Мысалы: табиғи қҧбылыстарды 
сипаттағанда осы шақты қолданамыз: Жаңбыр жауады. 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
166
CLIL – келесі теорияларға негізделген, Лев Выготскийдің (1978) «Оқушы ҿз бетінше меңгере 
алмайтын білім немесе дағдыны ҿзінен жақсырақ білетіндердің кҿмегімен ҥйренеді». Стивен 
Крашеннің (1982) екінші тіл меңгеру теориясы; «Тілді ҥйрену грамматикалық ережелерді шектен 
тыс жаттау мен қайталауды қажет етпейді. Тілді ҥйрену ҥшін сол тілде мағыналы ҽрі шынайы 
қарым-қатынас болуы керек». 
CLIL ҽдісін қолданатын мҧғалім тек пҽн мҧғалімі немесе тек тіл мҧғалімі болмауы тиіс, керісінше 
CLIL ҽдісін қолданатын мҧғалім пҽн мен тілді қатар оқытуы керек, екеуі теңдей қатар жҥруі керек. 
CLIL ҽдісінің артықшылықтары: 
-
оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіреді; 
-
оқушылардың сҿздік қорын байытады; 
-
оқушылардың оқуға ынтасын арттырады; 
-
пҽндік білімі бірінші тілде оқитын оқушылармен бірдей, кей жағдайда артық та болады. 
CLIL ҽдісін қолдану барысында - 
-
ҽр сабақттың пҽндік жҽне тілдік мақсаттары болуы керек; 
-
мҧғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалау керек; 
-
оқушыларға дифференцияция жасалуы қажет; 
-
тірек сҿздермен жҧмыс жасалуы қажет; 
-
айтылым, жазылым, тыңдалым жҽне оқылым дағдылары дамытылуы қажет; 
-
белсенді оқу ҽдістерін қолдану керек. 
CLIL ҽдісін қолдану барысында тапсырмалар мақсатқа бағытталған, оқушылардың тіл деңгейлері-
не сай, орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық тҥрде байланысқан болуы қажет. 
Ең алдымен тілдік пҽндер мен тілдік пҽндер емес пҽндерге назар аудару қажет. Бҧл жерде мҧға-
лім жан-жақты танымы жоғары болуы маңызды жҽне білім алу саласында ҽрдайым қол ҧшын беріп 
отыруы тиіс. Егер оқушылар сҽтті ҥйреніп шығуға ынталанса тілдік жҽне пҽндік білімін оңтайлы 
қолдана алатындарына сенімді болуы қажет. Адамның ҿзіне деген сенімділігі біліммен жҽне тҽжі-
рибелі жҧмыстармен қаруланған ортада кҿрінеді. Жалпы айтқанда, шет тіліндегі қарым-қатынас 
жҽне ҽрдайым қайталанып отыратын тақырыптар жҽне тапсырмалар сенімділіктің негізгі кҿзі болуы-
на кҿмектеседі. CLIL – белсенді оқыту ҽдісіне жатады, ҿйткені мҧғалімдер сабақты жҥргізуші ретін-
де ҽрекет жасайды, қалған ойлау, сабақ барысында ізденіп жҧмыс істеу оқушының міндеті болып 
қалады. Бірігіп жҧмыс жасауда оқушылардың қорқынышы бҽсең болады жҽне басқаша айтқанда 
мотивация дамиды, бірігіп жҧмыс жасап тілді ҥйрену, сабақ мазмҧнын тҥсіну жҽне оқығанының 
қорытындысын кҿрсетуді дамытады. Шығармашылық пен критериальды ойлау болса да, ағылшын 
тілінде білім алу ауыр жолдардың бірі. CLIL ҽдісі бойынша оқушының ҿткен тақырыптарды жҥйелі 
саралап ҿтуіне қолдау табады. Бірақ ҿткен тақырыптарды қолдану тек ҧстазға қатысты дҥние, бҧл 
оқушылардың тапсырмаларды орындауына жҽне оларды шешуде кҿмектеседі. Қарапайым ғана 
мысалмен айтқанда оқушылардың тапсырманың негізгі берілгеніне қарай орындау немесе тапсырма-
ны орындаудағы мақсатына қарай басқа да тҽсілдерді кҿрсетуге болатынын айтса болады. Оқушылар 
қолдау кҿрсетіп отырудың уақытша екенін ҿздері-ақ басында тҥсіне бастайды. Кейіннен ҿздері-ақ 
тапсырмаларды еш қолдаусыз орындай бастайды. Негізгі қҧзыреттілігін қалыптастыруда CLIL ҽдісі-
мен (ContentLanguage Integrated Learning) ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бҧл ҽдіспен оқытудың 
ерекшелігі, мҧнда тҥрлі оқыту жағдайларда сабақ жҽне оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті 
тілді пайдаланып, сабақты ҿткізу екі тілде (отандық жҽне шетелдік) жҥзеге асырылады. Білімді то-
лық игеру ҥшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сҿйлеуіне, ҿз ойын ашық жҽне толық 
айтуға ҥйрету, ой-ҿрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Ҽрбір оқушыны ҿз мҥмкіндігіне 
қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дҧрыс. Мҧғалім ҿз ісінің маманы болуымен қатар, 
оның бойында баланы жақсы кҿру, баланың кҿзқарасы мен пікірін сыйлау, тек ҿз пҽнінің тҿңірегінде 
ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан ҿзгерістерге қҧлағы тҥрік, кҿзі ашық, жан-жақты талдау
жасай білетін маман болу.
CLIL ҽдістемелік тҽсілдің негізгі принциптерін анықтау кезінде Еуропа елдерінде 4C (DoCoyle, 
2008) деп аталатын тҿрт негізгі аспектілері анықталады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет