Бюджет жүйесі


БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



бет3/3
Дата07.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#61779
1   2   3
Байланысты:
бюджет

3. БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



    1. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бюджеттік бағдарламалардың анықтамасы

Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары.

Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына жетудің жолдары болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік функцияларды, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиіс.

1. Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары.

2. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

3. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына жетудің жолдары болып табылады.

4. Бюджеттік бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік функцияларды, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиіс.

1. Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттік бағдарламалар:

1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар;

2) бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.

2. Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджетік бағдарламалар:

1) республикалық бюджетте бекітілетін республикалық бағдарламалар;

2) облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінде бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламалар;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде бекітілетін қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

3. Іске асыру тәсіліне байланысты бюджеттік бағдарламалар:

1) бір әкімші іске асыратын жеке бюджет бағдарламалары;

2) бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінуге тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

1. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау іске асырылатын баѓдарламалардың түпкі мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін шығыстардыњ тиімділік, уақтылылық, сапа, нәтижелілік өлшемдері қолданыла отырып жүргізіледі, осы өлшемдер арқылы:



  • Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебін және негіздемесін талдау;

  • Бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуін талдау;

  • Бюджеттік баѓдарламаларды іске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиімді және нәтижелі әдістері мен тәсілдерін талдап-жасау жүзеге асырылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш сатыда:

  • Бюджет жобасын әзірлеу кезінде;

  • Бюджеттің атқарылуы кезінде;

  • Бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау бюджеттік өтінімдер, паспорттар, бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есептер, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары негізінде жүргізіледі.

4. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

1. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады.

Санат шығыстарды экономикалық белгілері бойынша топтастырады.

Сынып пен ішкі сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастырады.

Ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.

Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттары әзірленіп бекітілген. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын олардың жүзеге асырылуы туралы есеп беріп отырады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлем жасау және міндеттемелерін қаржыландыру жоспары Мәслихат пен әкімияттың орындауға бекіткен бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың сомаларына сәйкес келеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, олардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің төлем жасау және міндеттемелерін қаржыландыру жоспарлары жиынтық қаржыландыру жоспарын құрастыруға пайдаланылған.

Бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары мен төлем жасауды қаржыландырудың жиынтық жоспары жыл бойынша да және айлар мен өсе түскен жиыны бойынша да теңдестірілген.

Қаржыландырудың жиынтық жоспары жылдық сомасының ай-айға бөлінісі өсе түскен жиынымен бюджет түсімдерінің ай-айға бөлінген жиынтық жоспарынан аспайды.

Қала бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспары қаржы бөлімі меңгерушісінің қолымен бекітіліп, мөрмен расталған.

Қаржы бөлімі тоқсан сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсыратын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі есептердің негізінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына баға беріп отырады.

Міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін қаржы бөлімі тарапынан бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің өтінімдерін қарап, міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде анықтамалар жасалған.

Қала бюджетінің жеке табысы бойынша жоспардың орындалуы аудан кәсіпорындрының тиімді іс-әрекетіне және олардың қаржы саясатына тікелей байланысты.

Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау.

Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін органдардың шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ, ағымдағы бір бюджеттік бағдарлама және бір бюджеттік даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер жасауы

1.Бюджеттік өтінім бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін негіздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы болып табылады.

2. Бюджеттік өтінім:


  • бірыңғай бюджет сыныптамасы;

  • бюджет шығыстарының лимиттері;

  • өткен қаржы жылы бюджеттік комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;

  • республиканың немесе аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат;

  • басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі негізінде жасалады.

3.Осы Кодексте кµзделген бюджетті наќтылау жаѓдайларын ќоспаѓанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі жыл сайын бір ғана бюджеттік өтінім жасайды.

4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі:

1) бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін және олар бойынша шығыстар сомасын;

2) бюджеттік бағдарламаға түсіндірме жазбаны;

3) бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) паспортының жобасын;

4) кредиторлық берешектің жалпы сомасын оның пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты;

5) дебиторлық берешектің жалпы сомасын оның пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты;

6) гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;

7) бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша шығыстар есептерін;

8) басқа да ақпаратты қамтиды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен өздерінің иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының тиісті қаржы жылына арналған болжамы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалып, бюджеттік өтініммен бірге табыс етіледі.

5. Бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі белгіленген нысанда өткен жылғы есептілік деректерін, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкімші жоспарлайтын бюджеттік бағдарламаларды айқындайды.

6. Бюджеттік бағдарламаға түсіндірме жазба жоспарланып отырған бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнін, республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажеттігі мен рөлін ашып көрсетеді, өткен жылғы бюджеттік өтінімнен ауытқу себептерін көрсетеді.

7. Бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, нормативтік-құқықтық негіздемесін, күтілетін нәтижелерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзімдерін, ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін айқындайтын құжат болып табылады.

8. Бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі бекітілген заттай нормалар ескеріле отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткіштерін ашып көрсетеді.

9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінім мынадай құжаттарды, соның ішінде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен іріктеу кезінде қалыптастырылған құжаттарды:

1) бюджеттік кредит берудің мақсатына, принциптеріне, өлшемдеріне, бағыттарына бюджеттік бағдарламаның сәйкестігі негіздемесін қоса алғанда, бюджеттік бағдарламаны бюджеттік кредит беру арқылы іске асырудың мақсатқа сай екендігінің негіздемесін;

2) бюджеттік кредит беру объектілеріне және (немесе) бағыттарына қажеттілік негіздемесін;

3) бюджеттік кредиттер шарттарының негіздемесін;

4) бюджеттік кредит беру өтелімділігінің есебін;

5) жұмысқа тартылған жағдайда, сенім білдірілген өкілдің (агенттердің) көрсеткен қызметіне ақы төлеу мөлшерінің негіздемесін қосымша қамтуға тиіс.

10. Бюджеттік өтінімді жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік мекмелерді қаржыландыру:

1.Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.

2.Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

3.Бір мемлекеттік мекемені басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4.Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.

5.Осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

Жылдық қаржыландыру жоспары

1.Жылдық қаржыландыру жоспары – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) жылдық түсімдер көлемімен теңдестірілген жылдық қаржыландыру көлемдерін айқындайтын құжат.

2.Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберіледі.

3.Жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру:

1. Инвестициялық жобаларды қалыптастыру бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатына қол жеткізу үшін оңтайлы стратегияны айқындау және міндеттер қою мақсатында, сондай-ақ жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) құрылымы мен алдын ала құнын анықтау үшін жүзеге асырылады.

2.Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орта мерзімді мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу сатысында жүзеге асырады.

3.Инвестициялық ұсыныстарды бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды келісу сатысында жүзеге асырады.

4.Инвестициялық жобаларды іріктеуді экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оларды бағалау жөніндегі оң қорытынды негізінде жүзеге асырады.

5.Іріктеліп алынған инвестициялық ұсыныстар жоспарланған кезеңнің екінші немесе үшінші жылында іске асырылуы басталатын жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ретінде басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізіледі.

Мемлекттік бюджеттік инвестиция жүйесінде шығыстар саясаты келесідей сатыларды жүзеге асырады:

1.Мемлекеттік басқару функциясының тиімділігін қамтамасыз ету;

2.Әлеуметтік саланы жоғарлату;

Негізінде шығыстар саясаты шығыс бөліміндегі функционалдық топтар бойынша жүзеге асырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша жергілікті әкімшілік орындарына қосымша қызметтер тағайындалған, атап өтетін болсам жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бақылау жасау, қалалық Мәслихаттың сессиясындағы шешімі бойынша бюджеттік комиссия мүшелеріне өзгерістер енгізуді жүзеге асырып отырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында былай делінген: «халықтың бәсекелесінің жоғарлауы ең біріншіден оның білім деңгейінің өсуіне байланысты». Сондықтан да білім беретін мектеп орындарына аса көңіл бөлу қажет. Оқу орындарындағы көптеген кабинеттерді өзінің оқытатын пәніне сәйкес қылып және компьютерлендіру жүйесін одан әрі қарай жоғарлату, сонымен қатар маманды ұстаздардың болғаны өте қажет. Осының барлығын жүзеге асыру жолдары жылдан-жылға өсіп келе жатыр.

Шығыстар саясатының орындалуы үшін қажет шарттарының бірі бұл әлеуметтік саланы көтеру, яғни қаланың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің жоғарлауын жетілдіру, кедейшілікті болдырмау, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарына адамдарды қабылдап, олардың санын жоғарлату және де зейнетақыны көтеруге байланысты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мәдениет саласын көркейту жағына келетін болсақ, онда бұл кезде ата-бабаның әдет-ғұрыптарын ұмыт қылдырмай, көптеген ұлы есімдердің ескерткіштерін орнатып және спорт саласындағы деңсаулық сақтау шаралары бойынша көптеген бағдарламаларды ұйымдастырып, конкурстық негізде ойын-сауық шараларды жүргізіп қазіргі қоғамыздың жастарының талантын көтеруде.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру

1. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелеріне сәйкес іске асырылады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін құрылыс қызметі белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шарттардың негізінде түзетілуге жатады.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру шеңберінде көзделген құрылыс қызметіне ақы төлеу үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемдер белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3.2 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

бойынша мерзімінде төленбейтін салықтарды азайту


Бюджетке төленетін төлемдер бойынша мерзімінде төленбеген салықтар да бар, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша, жеке кәсіпкерлер бойынша және жеке тұлғалар. Бұл үшін мерзімінде төленбеген салықтарды төмендету бойынша болжамдық көрсеткіштердің орындалмауынан да байқалады.

Сәтбаев қаласы бойынша жалпы мерзімінде төленбеген салықтарды құрайтындар: 49 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындар болып отыр. Оның ішінде 19 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтары 11,2 % құрады; жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мерзімінде төленбеген салықтары немесе 42,3 %. 19 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтарын қайтару қиынға соғады, оның ішінде 5 ірі іс-әрекет етпеуші кәсіпорындар бойынша мерзімінде төленбеген салықтары, яғни іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтары сомасынан 70,8%-ті құрайды. Олар мыналар болып табылады.

«Реставрация» ЖШС; «Қаз-экспорт» ЖШС; «Ақ-қайын» ЖШС; «Ақмола» ӨК; «Кеңестік-прафилактикалық кешен».

49 іс-әрекет етпеуші кәсіпорындардың мерзімінде төленбеген салықтарының ішінде 1 кәсіпорынның мерзімінде төленбеген салықтарын қайтару мүмкін емес. Бұл кәсіпорын КМҚК «СУПТ» деп аталады. Сондай-ақ, 1 іс-әрекет етпеуші кәсіпорынның мерзімінде төленбеген салықтары күмәнді болып табылады, бұл кәсіпорын «Еврофактор Сауда Үйі» деп аталады.

Мерзімінде төленбеген салықтар құрамында басым үлес салмақты құрайтындар:

корпоративті табыс салығы - 11,7%;

әлеуметтік салық – 7,5%;

төлем көзінен ұсталатын табыс салығы – 6,1%;

қосымша құн салығы – 56,0%;

Корпоративті табыс салығы

Аса ірі салықты мерзімінде төлемеуші кәспорындар:

«Реставрация» ӨК - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, төлем қабілетсіз, өткен жылдардың алынбаулары);

«Қаз-экспорт» ЖШС – (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар):

КМҚК «СУПТ» - (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар, қайтарылуы күмәнді, тексеріс актісі бойынша аударылған);

«Еврофактор Сауда Үйі» ЖШС – (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар, қайтарылуы күмәнді).
Әлеуметтік салық

Аса ірі салықты мерзімінде төлемеуші кәспорындар:

ЖШС «Спирт зауыты» - (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар);

«Кеңестік-прафилактикалық кешен» - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар).


Қосымша құн салығы

Салықты мезгілінде төлмеуші ең ірі кәсіпорындар:

«Реставрация» - (іс-әрекет етпеуші кәсіпорын, өткен жылдардағы мерзімінде төленбеген салықтар);

«Еврофактор Сауда Үйі» ЖШС - (өткен жылдардағы және ағымдағы кезеңдегі мерзімінде төленбеген салықтар);

«Евротехсервис» ЖШС – (ағымдағы мерзімінде төленбеген салықтар).

Енді осы аталып өткен салықты мерзімінде төлемейтін ірі кәсіпорындардың салықты төлету әдістері жайында айтып кететін болсақ, онда төлеттіру әдістерімыналар болып табылады:

1) Банктік шоттар бойынша шығыстық операцияларды уақытша тоқтату:

Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциясын тоқтату салық төлеушіге қатысты жүзеге асырылады, оның ішінде мерзімінде төленбеген салықтарды жабуға байланысты шығыс операциялары бір-екі кәсіпорында қайта жандандырылуға болады, мәселен алатын болсақ:

Жеке кәсіпкер Гайдаров С.;

Жеке кәсіпкер Храмов Н.

2) Мүлікті қолдануға шектеу жасау бойынша шешімдер қабылдау:

Мүлікті қолдануға шек қою бойынша шешім қабылдау:

Жеке кәсіпкер Гайдаров С.;

Жеке кәсіпкер Хахонаидзе Г.М. «Сәтбай-су» ЖШС-тің құрылтайшысы ЖК Хахонаидзе Г.М. болып табылатын негізгі құралдары банкке салынғандықтан оның мүлкі тәркіленбіген;

КСК «Қайназар». Бұл КСК иелігіндегі тұрғылықты үйлер коммуналдық меншікте болғандақтан оның мүлкі тәркіленбеген;

ЖК Фреер З.Н. Міндеттемелерді жабу шотына мүлкі тәркіленген оның жалпы сомасы 301,3 мың теңге;

3) Қайтару (төлеттіру) тәсілдері

Жыл басынан бастап салық төлеушілердің есептік шоттарына инкассалық өкімдер қою қажет. 2005 жылдан бастап «Сымбат» КП банкрот деп танылды, оның өтелмеген салығының сомасы 676,1 мың теңгені құрады, сондай-ақ, осы сияқты ЖШС «Эффект-1» - 345,8 мың теңге, ЖК Юсенко Е. – 104,4 мың теңге, КСК «Қайназар» 573,0 мың теңге. Егер де бұлар қарыздарын өтемейтін болса, онда банкротқа ұшырауы мүмкін.

Қарағандылық мамандандырылған экономикалық сотқа мерзімінде төлемейтін салықтар бойынша іс-әрекет етпеуші кәсіпорындарды жіберу керек.

Қала бюджетін нақтылау кезінде облыстық бюджеттен субвенция ұлғайтылып, табыс бөлімі азайтылды. Еңбек ақыға, тамақ өнімдеріне, медикаменттерге шығындарды және басқа да әлеуметтік төлемдерді ең алдымен қаржыландыру қамтамассыз етілген.


3.3 Сәтбаев қаласының «қаржы бөлімінің» мемлекеттік сатып-алулар жүйесін ұйымдастыру бойынша жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар


  1. Стратегиялық функция.

Сәтбаев қаласының «қаржы бөлімінде» электрондық мемлекеттік сатып-алулар жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Соның нәтижесінде Сәтбаев қаласындағы бизнес орындары электрондық жағынан толығымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сатып-алулар жүйесіндегі ақпараттық технологияларға қол жеткізу-бұл сату операцияларын дамытуға жол болып табылады.

Енді ең басты мемлекеттік сатып-алулар міндеттерінің бірі болып келетіндер:



  • Қағазды процедуралар деңгейінің кішірейтілуі;

  • Мақсаты жабдықтаушыларды тіркеу және қағаз құжаттарының ізделінуі жағынан уақытты үнемдеу;

  • Мемлекеттік сатып-алуларды ұйымдастыру процедураларының шығындарын азайту;

  • Жиналған ақпараттарға жылдам жету жолдары;

  • Мемлекеттік сатып-алулар процесіндегі ақаулардың азайтылуы

Түсініктеме беретін болсақ:

  • Жабдықтаушыларға бұл аталып өткен шешім өзінің әрі қарай жұмысын жоспарлап және де ең тиімді бағытта өсіп-көркеюінің жолдары болып табылады.

  • Өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып-алулар жайында ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

  • Конкурстық қатысуларда шығындарды азайтады.

  • Құжаттар мен әр түрлі анықтамалар процедурасының жүргізілуін оңайлатады.

  • Басқа да қалалар мен аудандарда болып жатқан мемлекеттік сатып-алуға қатысуға мүмкіндік болады.

2. Регулятивтік функция.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде дербес пайдаланады, олардың тиімді, нәтижелі және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады.

Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады.

2. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері мен мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

4. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

Бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары

1. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары – мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшін төлемдер төлеуді жүзеге асыруының ай сайынғы кестесін айқындайтын құжаттар (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары).

2. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әзірлейді.

3. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтініміне, бюджеттік бағдарлама паспортына, бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді.

4. Бюджеттік бағдарламаны (ішкі бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсімдер мен қаржыландырудың тиісті жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

5. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып өзгерістер енгізуге құқылы.

6. Бюджеттік бағдарламаны (ішкі бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларын түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарлары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етіледі.

8.Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (ішкі бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Бұл ретте мынадай талаптар сақталуға тиіс:

1)бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес келу;

2)мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің пайда болуына жол бермеу;

Ал енді өзімнің ұсынысым жайында айтып кететін болсам:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені ББӘ жолына енгізу және де көптеген бағдарламаларды қолдану.

Түсініктеме беріп кетейік: айталық, Облыстық қаржы басқармасы және аудандық ведомствоаралық және Қарағанды облысының қалалық қаржы бөлімдеріндегі универсалдық ортаны енгізе отыра көптеген құжаттамалардың айырбастау мерзімін азайтады, сондай-ақ, олардың жүргізілуін, шешім қабылдау және оындалулары тек алдында айтып кеткен орындарда ғана емес, сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында да жүргізіліп отырады. Осының арқасында мерзімі бұрын жазылып-шығарылған қағазды құжаттамаларға жол оңай әрі тез табылатын болады.

3. Бақылау функциясы.

Қалалық коммуналдық жекеменшікке мынадай өзгерістер енгізу:


  • Қалалық активте тізімінде және облыстық деңгейде байланысты орнату жағынан оны бағдарламамен қамтамасыз етіп отыру:

  • Автоматтандырылған жүйені тұрғын орындарына, сондай-ақ, коммуналдық меншіктегі объектілерге енгізу;

  • Жылдық есеп беру алдында активтер тізімі көрсетілген базаны коммуналдық меншік объектілері бойынша жаңарту және барлық ақпараттарды арнайы бағдарламаларда сақтау, атап өтетін болсақ ББӘ және т.б.

Түсініктеме беріп кететін болсақ, онда ең басты жолға қоятын мәселенің бірі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып-алу» жайындағы Заңы болып табылады. Алдында айтылып өткен шаралар бұл заңнан біршама рет көптеп қамтылған деуге де болады, себебі, ол тек мемлекеттік сатып-алулардың орындау процесін ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік сатып-алуларды орындау кезінде субъектілердің арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі қарай жетілдіре түседі. Мәселен атап өтетін болсақ, өнімдер, қызмет, жұмыс номенклатурасын жоспарлау жағынан болсын және мемлекеттік сатып-алулардың жылдық жоспарын құру, мемлекеттік сатып-алу қызметіне байланысты қызметкерлер мен жұмыскерлердің квалификациясын жоғарлату, кеңестік, маркетингтік қызмет көрсету жағын жақсарту болып табылады. Міне, ең басты мақсат осы болып табылады және оған қол жеткізуді жүзеге асыру қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжамдау Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына, Салық Кодексіне және Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізілді. Қалалық бюджетті бекіту кезінде жалпы кіріс, шығыс көлемдері және қала әкімінің резерв қорының мөлшері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шектелген шығыстарының функционалдық топтар бойынша тізбелері, секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар, шектеулі штат саны мен бір қызметкердің ағымдағы шығын нормативінен шығатын атқарушы органдардың аппараттарын ұстау нормативі есепке алынады. Қалалық бюджеттің орындалысы, қалалық бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді талдау, салықтық емес түсімдердің және капиталмен жасалған операциялардың өсу қарқынын талдау, сондай-ақ, облыстық ресми трансферттердің ағымын талдау деп аталатын кестелер құрған болатынмын, яғни бұл көрсеткіштердің барлығы қаржы бөлімінің соңғы үш жылдық көрсеткіштері болып табылады. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына келетін болсам, онда үш жылғы қаржыландыру жоспары жайында талдау жүргізіп және жеке-жеке функционалдық топтарға тоқталып, олардың әр жылда өсіп келе жатқан себептерін анықтап өткен болатынмын.

Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш сатыда:



  • бюджет жобасын әзірлеу кезінде;

  • бюджеттің атқарылуы кезінде;

  • бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Үшінші бөлімде мен өз тарапынан ұсыныс жасап кеткен болатынмын. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімінде төленбейтін салықтарды азайту, яғни оның азайту жолдары және ірі кәсіпорындардың салықты қандай жолдармен төлеттіру әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, қазіргі нарықтық кезеңде автоматтандыру және компьютерлендіру жүйесін жетілдіру жайында барлық жергілікті атқарушы органдарға жеткізу, яғни оның жүзеге асырылуын қадағалау. Мысалға алатын болсақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы оған қол жеткізуге болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы «Қазақстан», 2001ж

  2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, Астана 28.02.2007ж.

  3. С. Абдрахманов«Егемен Қазақстан республикалық газеті» АҚ, №132, 22.05.2007 ж.

4. Чепурин, Основы Экономической теории, М., 1999 г.

5. Камаев, Основы Экономической теории, М., 1998 г.

6. Борисов Е. Ф., Волков Ф. М., Основы Экономической теории, М., 1996 г.

7. Ореховский П. А., Общая Экономическая теория, ч. 1, ч. 2, Обнинск., 2000

8. Сажина М. А., Чибриков Т. Г., Основы Экономической теории. М., 2000 г.

9. Нуреев Р. М., Курс микроэкономики. М., 1999 г.

10. Курс экономической теории. Учебное пособие – Алматы: Университет «Кайнар», 1994 г.

11. Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р.Экономика – М. «Дело. ЛГД», 1993 г.

12. Назарбаев Н. А., «Казахстан - 2030» Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Алматы. Бiлiм 1997 г.

13. Назарбаев Н. А., На пороге XXI века. Алматы «Онер», 1996 г.

14. Горфинкель В. Я. «Экономика предприятия», М., 2001 г.

15. Семёнов В. М. «Экономика предприятия», М., 2001 г.

16. Зайцев Н. Л. «Экономика промышленного предприятия», М., 1998 г.

17. Калачёва С. А. «Организация работы предприятия», М., 1998 г.

18. Калдыбаев О. «Экономика предприятия», А., 1997 г.

19. Савицкая Г. В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия», Минск, 2000 г.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет