Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларды сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын деңсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендерлің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.
Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар,әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.
Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеу және іске асыру –жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.
2. «СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қаржы бөлімінің даму тарихы мен негізгі қызметіне сипаттама
1973 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ СССР-дің жоғарғы совет жарлығымен ең алғаш рет қалалық қаржы бөлімі құрылған. 1973 жылдан 1977 жылға дейін бірінші басшы болып Хан Петр Александр ұлы болды, одан кейін 1977 жылдан 1989 жылға дейін Бегильдинов Нагысхан басқарды, ал 1990 жылдан 1997 жылға дейін Кайрбекова Бикамал Айтмахан қызы басшы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Әкімшілік-террииториялық бөлімшелер бойынша Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарындағы өзгерістер енгізу» 1997 жылдың 23 мамырында Никольский қаласының қаржы бөлімі қайта құрылды.
Қарағанды облысы әкімінің мемлекеттік мекемелерді бекітуіне сәйкес «Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» № 112 р 2003 жылдың 01 тамызынан бастап «Сәтбаев қаласы қаржы бөлімі» болып құрылды.
«Сәтбаев қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету саласында қалалық бюджетті орындау, қалалық коммуналдық меншігін басқару, қаланың коммуналдық меншігін пайдалануды бақылау функцияларын жүзеге асырушы, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, әкім мен әкімияттың актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, егер уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан шығуға құқылы.
Мекеменің штаттық санының лимитін, ішкі құрылымын Сәтбаев қаласының әкімияты бекітеді. Бөлім қызметшілерінің функционалдық міндеттерін бюджеттің атқарылу, қалалық коммуналдық меншігін басқару саласындағы функцияларда жүктелген міндеттемелерге сәйкес қала әкімімен бекітіледі. Мекеменің құрылымы мен санының лимиті қала әкімімен функционалдық міндеттер келісілгеннен кейін бекітіледі.
Мекеменің заңды мекен-жайы: Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
Мекеменің мемлекеттік тілде толық атауы: «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Орыс тіліндегі атауы: Государственное учреждение «Отдел финансов города Сатпаев»
Сәтбаев қаласының әкімияты мемлекеттік тұрғыдан Мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
Мекеме құрылтай құжаттары Сәтбаев қаласы әкімиятының Мекемені құру туралы қаулысы және осы Ереже болып табылады.
Мекеменің қызметін қаржыландыру қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Мекемеге қаржы Мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мекемеге заң актілерімен кіріс әкелетін қызметпен шұғылдану құқығы берілсе, онда ондай қызметтен түскен табыстар қалалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Сәтбаев қаласының қаржы бөлімінің құрылымы және лауазым тізбесі
2.1.1-кесте
№
|
Лауазым санаты
|
Лауазым аты
|
Бірлік саны
|
|
| Басшылық- № 01 |
|
1
|
E-R-1
|
Бастық
|
1
|
2
|
E-R-2
|
Бастықтың орынбасары
|
1
|
3
|
E-R-4
| Бас маман |
1
|
4
|
E-R-4
| Бас есепші |
1
|
|
Барлығы:
|
|
4
|
|
| Бюджетті орындау процессін үйлестіру бөлімі - № 02 |
|
5
| E-R-3 |
Бөлімнің бастығы
|
1
|
6
|
E-R-4
| Бас мамандар |
2
|
|
Барлығы:
|
|
3
|
|
|
Бюджет қаражаттарын және коммуналдық меншікті басқару.
|
|
7
| E-R-3 | Бөлімнің бастығы |
1
|
7
|
E-R-4
| Бас мамандар |
1
|
8
|
E-R-4
| Бас маман – заңгер |
1
|
|
Барлығы:
|
|
3
|
|
Барлығы
|
|
10
|
2.1.1-сызба
Мекеме заңдармен белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ететін функциялар:
- тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сұрастырылған материалдар мен ақпараттарды тапсыру бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу арқылы тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы қалалық Мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Сәтбаев қаласы әкімияты қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады;
- Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарларын әзірлеуге қатысады, өз құзыретінің шегінде ұсыныстар енгізу, сұралған материалдар мен ақпаратты беру, жоспарлар мен бағдарламаларда қаралған шараларды орындау арқылы аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
- қалалық мәслихаттың, әкім мен әкімияттың нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу тәжірибесіне талдауды, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлауды, өз құзыретінің шегінде қалалық Мәслихаттың, қала әкімі мен әкімияттың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді және дайындауды жүзеге асырады;
2) Өз құзыретінің шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
бюджетті атқару саласындағы функциялар:
қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және оның мүдделерін қорғау шараларын жүзеге асырады:
түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіппен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіппен жылдық сомаларды қоса алғандағы міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
түсімдердің болжамдық көлемін ескеріп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді;
бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын тапсырады;
мемлекеттік мекемелердің қарамағында қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығындарының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бекітетін жоспарымен келіседі;
қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне және оларға бағынышты мекемелерге бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсат береді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен алдағы кезеңде бюджетке ақша түсуден күтілетін көлемін анықтау арқылы және тиісті кезеңде төлемдер жүргізу үшін бюджетке ақша түсуден күтілетін көлемі жеткіліксіз болған жағдайда займ алу жолымен ақша тарту процесін ұйымдастыруда бюджеттік ақшаларды басқарады;
Қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай сайынғы бөлінуін жинау, талдау және бағалау арқылы қалалық бюджеттің қаражаттарын игерудің мониторингін, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қаржыландыру жоспарына енгізетін негізділігін, қаржыландыру жоспарын орындамау себептерін айқындауды, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепті құрастыруды жүзеге асырады;
Бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды іске асырады;
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған бюджеттік қаражаттарды әрі қарай іске асырудың немесе қысқартудың мақсатқа сәйкестігін, іске асырудың тиімділігін әрі қарай көтеру жөнінде ұсыныстар жасайды;
Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері жүргізген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытынды даярлайды және қалалық бюджеттік комиссиясына, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне тапсырады;
Сәтбаев қаласы әкімияты белгілеген тәртіппен бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды, мүліктерге, көлік құралдарына арналған салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, салық органдары жүргізетін хронометраждық бақылаулар мен қызметтік тексерістер кезінде салық органдарымен өзара әрекет жасайды;
қалалық коммуналдық меншікті басқару саласындағы функциялары:
қалалық коммуналдық меншігін басқарады және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады, қалалық коммуналдық меншігі мен мүліктік құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ Сәтбаев қаласы әкімиятымен белгіленген жағдайда қаланың коммуналдық меншігін иелену, пайдалану жөнінде;
Қаланың коммуналдық меншігін, соның ішінде қаланың коммуналдық меншігіне жатқызылған, заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есепке алады, оған түгендеу жүргізеді, белгіленген тәртіппен қалалық коммуналдық меншіктің тізілімін жасайды;
Қаланың коммуналдық меншігіне жататын мекемелермен және кәсіпорындармен мемлекеттік меншікті басқару, тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асырып, оларға қатысты субъекті функцияларында мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асырады;
Шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығына арналған қаланың коммуналдық меншігіне жатқызылған мемлекеттік мүлікті заңды тұлғаларға бекітеді;
Өз құзыретіне сәйкес заңды тұлғалар арасында қаланың коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік мүліктерді қайтадан бөледі;
Қаланың мемлекеттік заңды тұлғаларына бекітілген негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру және есептен шығару мәселелерімен келіседі;
Қаланың мемлекеттік заңды тұлғаларына шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығымен бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуын ұйымдастырады және тексерістер жүргізеді;
Ақпараттарды жинау және талдау, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін, басқарушылық шешімдердің негізділігін, бекітілген бюджеттердің көрсеткіштерінің (бизнес-жоспарларының) жетістіктерін қарау және бағалау, экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің төмендеу себептерін анықтау арқылы акциялары, қатысу үлесі қаланың коммуналдық меншігіне жататын қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді және нәтижелері бойынша қала әкіміне мониторингтің нәтижелері бойынша ақпарат береді;
Қолданыстағы заңдарға сәйкес қаланың коммуналдық меншігіне түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және өткізуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялары:
Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып-алудың жиынтық номенклатурасы мен жоспарының жасалуын қадағалайды;
Қаланың мемлекеттік өндірістері мен мемлекеттік органдарының іскерлігінде, мемлекеттік сатып-алу туралы заңнамасын орындауы бойынша туындалатын сұрақтарды қадағалайды;
Мекеме өткізген конкурстардың нәтижелері бойынша қорытындыланған келісім-шарттардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері орындалуына талдау жасайды;
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріндегі мемлекеттік сатып алулар көлемінде, жергілікті тауар өндірушілердің конкурстық рәсімдемелерге қатысуына, коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы жөніндегі конкурстарға талдау жасайды;
Республикалық «Мемлекеттік сатып алу мониторингі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізеді, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің ақпараттар жинаған мемлекеттік сатып алу жөніндегі өкілетті органға жіберу;
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілері жүргізетін заттарға арналған конкурстардың материалдарына талдау жүргізеді және бұрмалаушылық анықталған кезде қолданыстағы заңдылықтарды бұрмалау анықталғаны туралы қала әкімиятын, қала әкімін хабардар етеді және бұрмалаушылықтарды жою үшін ұсынылып отырған шаралар туралы ұсыныстар енгізеді.
Өз құзыретіне сәйкес рәсімдеу мен есеп беру және басқадай ақпараттар бойынша функциялары:
Қала бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есеп жүргізуді және заңдармен белгіленген басқадай есеп берулерді бюджеттік операциялардың ақша түріндегі ақпараттарын бюджет атқарылуы жөніндегі орталық өкілетті орган белгілеген тәртіппен үздіксіз құжаттамалық есепке алу туралы ақпаратты жинау, тіркеу және қорыту жолымен қамтамасыз етеді;
Тиісті кезеңде күтілетін бюджетке түсетін ақша көлемі жеткіліксіз болған жағдайда төлемдерді жүргізу үшін займ алу арқылы ақша тарту қажеттілігі жөнінде қала әкімін хабардар етеді;
Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың мониторингі барысында:
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне – ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражаттарының игерілмеуі туралы, игерілмеу себептері көрсетіліп және республикалық бюджет атқарылуы жөніндегі есептің негізінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарының;
Бюджеттік комиссияға жекелеген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша ағымдағы жылда да және алдағы жоспарланатын қаржы жылында да жылдық жоспарлық тағайындауларды қайта қарау қажеттігі туралы ақпарат жібереді;
Бюджет атқарылуы бойынша, оның ішінде түсімдер бойынша қалалық бюджет қаражаттарының игерілуі, кредиторлық және дебиторлық берешектер бойынша;
Қала әкімиятының борышын өтеу және қызмет көрсету жөнінде;
Заңдармен көзделген жағдайда, өз құзыретіне сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да жергілікті атқарушы органдарға ақпарат тапсырады. Басқа жағдайларда қалалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да жергілікті атқару органдарына (талдамалық сипаттағы, қызмет бабында қолдану үшін) тапсырылады;
Қала әкіміне, өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік басқарудың, сондай-ақ Мекеме жұмысының, оған жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асырудың тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасайды.
Мекеменің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Қалалық бюджетті атқару, қалалық коммуналдық меншікті және мемлекеттік сатып алуды басқару саласында мемлекеттік саясатты, үйлестіруді іске асыруды қамтамасыз ету;
Бюджетті шығыстар бойынша атқару, тиісті қаржы жылына немесе түзетілген бюджетке жергілікті бюджет туралы қалалық мәслихат шешімімен бекітілген сомаларының шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақытында орындалуына бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Қалалық коммуналдық меншіктің ұтымды және тиімді басқарылуын қамтамасыз ету мен жекешелендіруді ұйымдастыру, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу;
Мемлекеттік сатып алуларды өткеру рәсімдерінің тиімділігін арттыру, бөлінген қаржыландырудың дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету.
Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып-алудың жиынтық номенклатурасы мен жоспарының жасалуын қадағалайды;
Қаланың мемлекеттік өндірістері мен мемлекеттік органдарының іскерлігінде, мемлекеттік сатып-алу туралы заңнамасын орындауы бойынша туындалатын сұрақтарды қадағалайды;
Мекеменің құқығы бар:
1) Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар сұрастыруға және алуға;
2) бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингі барысында бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілмеуі туралы игерілмеу себептері мен бағдарламаларды іске асыру туралы ұсыныстарын көрсетіп, қала әкімиятына; бюджеттік қаражаттарды игерудің қаржыландыру жоспарынан қалып қою фактісі бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне; жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарау қажеттігі туралы тиісті бюджеттік комиссияларға ақпарат жіберуге;
3) заңдармен көзделген жағдайларда секвестр байқалатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтатуға;
4) қалалық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен келісу бойынша түсімдердің болжамдық көлемі ескеріліп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне өзгерістер енгізуге;
5) қаланың комуналдық меншігіне иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген жағдайларда ретімен жұмсауға;
6) Мекеменің қарамағында жүргізуге жататын қалалық мемлекеттік кәсіпорындарды және мекемелерді мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
7) өз құзыретіне сәйкес бақылау функциясын жүзеге асыруға құқығы бар.
Мекеме өз құзыретіне сай шараларды жүзеге асыру арқылы қала әкімінің, әкімиятының, қала әкімінің жетекшілік етуші орынбасарының тапсырмаларын белгіленген мерзімдерде іске асыруды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда шараларды орындау мен тапсырмаларды іске асыру мәселелері бойынша қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары белгілеген тәртіппен шаралардың орындалуы мен тапсырмалардың іске асырылуы туралы есеп беруді тапсырады.
Мекеменің мүлкі:
Мекеменің күнделікті басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.
Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
Мекемеге бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражаттардың есебінен сатып алынған мүлікті, егер заң актілерінде басқаша белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен ұстап жұмсауға құқығы жоқ.
Мекеменің қызметін ұйымдастыру:
Мекемені мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес Сәтбаев қаласы әкімі тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. Бастықтың орынбасары (орынбасарлары) болады. Конкурстық таңдау немесе ауыстыру арқылы мекеме бастығының орынбасары лауазымына орналасу тәртібі қала әкімімен келісуге жатады.
Мекеменің бастығы тікелей қала әкіміне есеп береді.
Мекеме бастығы жұмысты ұйымдастырады және басшылық етеді, Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға, қала әкімияты шешімдерінің, қала әкімінің, тапсырмалары мен нұсқауларының орындалуына дербес жауап береді.
Бұл мақсатта бастық:
өзінің орынбасарларының және Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
заңдарға сәйкес Мекеменің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
заңдарда белгіленген тәртіппен Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
Сәтбаев қаласы әкімиятымен бекітілген штаттық сан лимиті шегінде, қала әкімінің келісуі бойынша Мекеменің штаттық санын бекітеді;
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мекеме атынан әрекет етеді.
заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Мекеменің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленген тәртіппен бекітілген құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, қызметшілердің функционалдық міндеттерімен анықталады.
Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату:
Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2.2 Бюджеттің табыс бөлігінің орындалуы
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттары әзірленіп бекітілген. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын олардың жүзеге асырылуы туралы есеп беріп отырады.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжамдау Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына, Салық Кодексіне және Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізілді. Қалалық бюджетті бекіту кезінде жалпы кіріс, шығыс көлемдері және қала әкімінің резерв қорының мөлшері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шектелген шығыстарының функционалдық топтар бойынша тізбелері, секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар, шектеулі штат саны мен бір қызметкердің ағымдағы шығын нормативінен шығатын атқарушы органдардың аппараттарын ұстау нормативі есепке алынады.
Бюджеттің орындалысы
Қалалық бюджеттің орындалысы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
(мың теңге)
2.2.1-кесте
№
|
Бюджет құрылымы
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
Ауытқуы
|
2005 -2004жж
|
2006 –
2005жж
|
1.
|
Түсімдер
|
1059666
|
1099850
|
1169586
|
40184
|
69736
|
Кірістер
|
441993
|
449396
|
480555
|
7403
|
31159
|
2.
|
Ресми трансферттер
|
617673
|
650000
|
720000
|
32327
|
70000
|
3.
|
Шығыстар
|
1 059 666
|
1100335
|
1169865
|
40669
|
69530
|
Шығындар
|
1 059 666
|
1100335
|
1169865
|
40669
|
69530
|
4.
|
Бюджеттік қаржылардың бос қалдығы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Бұл кестеден біз бюджет түсімдері 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 40184 теңгеге өскенін және 2005 жылды 2006 жылмен салыстырғанда да 69736 теңгеге өсіп келе жатқанын көрдік. Бюджет шығыстары да 2004 жылы 2005 жылға қарағанда 40669 теңгеге төмен болғанын және 2006 жылы 2005 жылдың шығыстарын салыстырғанда 69530 теңгеге жоғарылағанын көрдік. Ресми трансферттерге келетін болсақ, онда олар әр жыл сайын көтеріліп келе жатқанын ауытқу арқылы есептеп шығарылды. 2005 жылғы бюджеттік кірістер мен бюджеттік шығындар 2004 жылға қарағанда ұлғайып, 2006 жылдың көрсеткіштері 2005 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір жоғарылап келе жатыр. Ал енді осы бюджет орындалысының жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көре отырып, оның қанша үлеске жоғарылап келе жатқанын есептеп кетуге болады.
Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау
(мың теңге)
2.2.2-кесте
№
|
Бюджет құрылымы
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
Өсу қарқыны,%
|
2005/
2004жж
|
2006/
2005жж
|
1.
|
Түсімдер
|
1059666
|
1099850
|
1169586
|
104
|
106
|
Кірістер
|
441993
|
449396
|
480555
|
102
|
107
|
2.
|
Ресми трансферттер
|
617673
|
650000
|
720000
|
105
|
111
|
3.
|
Шығыстар
|
1 059 666
|
1100335
|
1169865
|
104
|
106
|
Шығындар
|
1 059 666
|
1100335
|
1169865
|
104
|
106
|
4.
|
Бюджеттік қаржылардың бос қалдығы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Кестеден түсімдер мен шығындар 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 104 пайызға өсіп отырғанын көреміз және 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 106 пайызға көтеріліп отырғанын талдау арқылы есептеп шығарылды. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау барысында 2006 жылғы кірістердің өсу қарқыны алдыңғы екі жылға қарағанда өте жоғары, яғни 115 пайызды көрсетіп отыр. Бюджеттің орындалысы негізінен 100 пайыз деп айтуға болады. Мұнда бюджет шығыстары өскен сайын, бюджет кірістері де олардың барлығының қажеттіліктерін орындай алады.
Енді бюджет орындалысының әрбір бөліктеріне тоқталып, оларды талдап көрсетейік. Ең біріншіден бюджеттің түсімдері болып табылады. Жалпы түсімдер кірістерден құралады. Қала бюджетінің негізгі және тұрақты бөлігі болып, әлі де салықтық түсімдер болып табылуда, одан кейін қалалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер. Сондай-ақ, ресми трансферттер де түсімдер көзін құрап отыр. Осы кезде бастапқыда айтып кеткендей кірістердің ең басты үлесін салықтық түсімдер құрайтындықтан оның үш жылдық көрсеткішін талдап өтейік.
Қалалық бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді талдау
(мың теңге)
2.2.3-кесте
№
|
Салықтық түсімдер
|
2004 жыл
|
Үлесі, %
|
2005 жыл
|
Үлесі, %
|
2006 жыл
|
Үлесі, %
|
1.
|
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы
|
69851
|
23
|
71360
|
22
|
89620
|
24
|
2.
|
Төлем көздерінен ұсталмайтын жеке табыс салығы
|
14600
|
5
|
18992
|
6
|
21589
|
6
|
3.
|
Әлеуметтік салық
|
54200
|
18
|
60213
|
19
|
72563
|
20
|
4.
|
Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.2.3-кестенің жалғасы
|
|
салық
|
143000
|
48
|
153000
|
47
|
179060
|
48
|
5.
|
Жер салығы
|
1740
|
1
|
1700
|
1
|
1760
|
1
|
6.
|
Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық
|
14405
|
5
|
17367
|
5
|
15620
|
4
|
|
Барлығы
|
297796
|
100
|
322632
|
100
|
380212
|
100
|
Қалалық бюджетке келіп түсетін салықтық түсімдерді талдау барысында жер салығы үш жылда да бірқалыпты болып отыр. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көздерінен ұсталмайтын жеке табыс салығының өсуі көптеген жұмыскерлердің, қызметкерлердің жұмысқа қабылданып жатқанына байланысты болады. Жылдан-жылға кәсіпорындардың базаларының ұлғаюына сәйкес, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің дүкендер ашуына байланысты, тағы басқа себептерге орай жер салығы да өсіп келе жатыр. Ал әлеуметтік салыққа келетін болсақ, онда 2004 жылы 18 пайызды көрсетсе, 2005 жылы ол 19 пайызға жоғарылады және 2006 жылы қайта 20 пайызға көтерілді. Мұның себебі төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы өскен сайын әлеуметтік салық та жоғарылай түседі. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық осы кесте бойынша ең жоғарғы көрсеткіші болып отыр, яғни 48 пайыз және келесі жылы 47 пайызға иемденіп отыр. Қазіргі кезде дүкендердің, жаңа ашылып жатқан өндіріс орындарының және де көптеген базаларының іске қосылып жатқанына байланысты өздеріне керек құрал-жабдықтар, станоктар, машиналар және осындай сияқты басқа да мүліктердің көлемінің өсуіне байланысты заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық көлемі едәуір өсіп келеді. Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2004 жылы және 2005 жылы бірдей көрсеткішті көрсетсе, 2006 жылы ол екі жылдың көрсеткіштеріне қарағанда бір үлеске төмендеген. Себебі, заңды тұлғалардың автокөлік құралдарын сатып алуына байланысты болып табылады.
Салықтық түсімдердің өсу қарқының талдау
(мың теңге)
2.2.4-кесте
№
|
Салықтық түсімдер
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
Өсу қарқыны,%
|
2005/2004
жж.
|
2006/2005
жж.
|
1.
|
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы
|
69851
|
71360
|
89620
|
102
|
126
|
2.
|
Төлем көздерінен ұсталмайтын жеке табыс салығы
|
14600
|
18992
|
21589
|
130
|
114
|
3.
|
Әлеуметтік салық
|
54200
|
60213
|
72563
|
111
|
121
|
4.
|
Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық
|
143000
|
153000
|
179060
|
107
|
117
|
5.
|
Жер салығы
|
1740
|
1700
|
1760
|
98
|
104
|
6.
|
Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық
|
14405
|
17367
|
15620
|
121
|
90
|
Сәтбаев қаласының территориясында аса ірі салық төлеушілер болып: «Сарыарқа нан» АҚ, «Автомобилист» АҚ, ЖШС «Кооптранс», ЖШС «Жеке кәсіпкер Беруссин М.К.» филиалы, ЖШС «Дарис», ЖШС «Взрывпром», «Әскери Тау-кен құтқарушы отряд».
Кірістердің екінші сатысы болып бұл қалалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер. 2004 жылы қалалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер 128541 теңгені құрады, ал 2005 жылы 82510 теңге болса, 2006 жылы салықтық емес түсімдер 20539 теңгені құрады. Көріп отырғанымыздай салықтық емес түсімдер жылдан-жылға азайып келе жатыр. Мұның ең басты себептерінің бірі арендаторлардың тарифтары өсіп, айыппұлдары азая түсуде.
2.2.1-сурет. Салықтық емес түсімдер
Капиталмен жасалған операциялардан алынған кірістер 2004 жылы 15656 теңге, 2005 жылы 44708 теңге болса, онда 2006 жылғы көрсеткіш 48835 теңгені көрсетіп отыр. Капиталмен жасалған операциялардан алынған кірістер негізінде 2006 жылғы көрсеткіш үлкен дәрежеде болып саналады. Себебі, көптеген жер учаскілері қайта жөнделіп және олардың сатулулары көбейіп келеді.
2.2.2-сурет. Капиталмен жасалған операциялардан алынған кірістер
Түсімдердің келесі бөлігі облыстық бюджеттен алынған ресми трансферттер болып саналады.
Ресми трансферттердің ағымын талдау
(мың теңге)
2.2.5-кесте
№
|
Ресми трансферттер
|
2004 жыл
|
Үлесі,
%
|
2005 жыл
|
Үлесі, %
|
2006 жыл
|
Үлесі,
%
|
1
|
субвенция
|
189430
|
31
|
210454
|
32
|
225706
|
31
|
2
|
мақсатты трансферттер
|
242243
|
39
|
263000
|
40
|
286294
|
40
|
3
|
ағымдағы трансферттер
|
186000
|
30
|
176546
|
28
|
208000
|
29
|
|
Барлығы
|
617673
|
100
|
650000
|
100
|
720000
|
100
|
Ресми трансферттердің түсімдердің ішіндегі ең жоғарғы үлесті алып отыр. Ресми трансферттердің құрамы субвенция, мақсатты трансферттер және ағымдағы трансферттерден тұрады. Осыларға үш жылдық талдау жүргізетін болсақ, онда кестеден өзіміз көргеніміздей әр жылдың көрсеткіштері бір-бірінен бір ғана үлеске жоғары не төмен екенін байқадық. Жалпы алғанда ресми трансферттің бұл көрсеткіштері жақсы деңгейде деп айтуға болады.
Себебі, ресми трансферттер түсімдердің жарты бөлігін құрап отыр. Мұның себептерінің бірі айлық көтерілуіне, зейнетақы және пособияның көтеріліп келе жатқанында, сондай-ақ, әкімшілік басқару органына көмек көрсетіліп, барлық қажеттіліктерді орындай алумен сипатталады, сондай-ақ, басымдылықтың жоғарылап келе жатқанында болып табылады.
Ресми трансферттердің негізгі көрсеткішін талдау
(мың теңге)
2.2.6-кете
№
|
Ресми трансферттер
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
Өсу қарқыны, %
|
2005/2004
|
2006/2005
|
1
|
субвенция
|
189430
|
210454
|
225706
|
111
|
107
|
2
|
мақсатты трансферттер
|
242243
|
263000
|
286294
|
108
|
109
|
3
|
ағымдағы трансферттер
|
186000
|
176546
|
208000
|
95
|
118
|
Жалпы алғанда үш жылдық сәтбаев қаласының бюджетінің табыс бөлігінің орындалуы мына суретпен сипаттап өтуге болады:
2.2.3-сурет. Сәтбаев қалалық бюджетінің табыстары
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы
Функционалдық топтар бойынша орындалуы
(мың теңге)
2.3.1-кесте
№
|
Функционалды топтар
|
2004 жылғы қаржыландыру жоспары
|
2005 жылға қаржыландыру жоспары
|
2006 жылғы қаржыландыру жоспары
|
Ауытқуы
|
2005 -2004
|
2006-2005
|
1
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету
|
30102
|
60127
|
61320
|
30025
|
1193
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.3.1-кестенің жалғасы
|
2
|
Қорғаныс
|
22374
|
28272
|
33489
|
5898
|
5217
|
3
|
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
|
35961
|
39493
|
42800
|
3532
|
3307
|
4
|
Білім беру
|
713413
|
679105
|
720458
|
-34308
|
41353
|
5
|
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек
|
88607
|
95278
|
100635
|
6671
|
5357
|
6
|
Тұрғын коммуналдық шаруашылығы
|
91720
|
96462
|
98253
|
4742
|
1791
|
7
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
42351
|
50498
|
56319
|
8147
|
5821
|
8
|
Ауыл, су, орман балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
|
22649
|
30696
|
31000
|
8047
|
304
|
9
|
Басқалар
|
12489
|
20404
|
25591
|
7915
|
5187
|
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына келетін болсақ, онда үш жылғы қаржыландыру жоспары жайында талдау жүргізіп өткен болатынбыз. Енді бюджеттің шығыс бөлігін толықтырып отыратын функционалдық топтарға жеке-жеке тоқталып кетейік. Біріншіден, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету, яғни бұл басқару органдары болып табылады. Жылдан-жылға қала бюджетінен қаржыландырылатын өкілдік және атқарушы органдарды ұстауға жұмсалатын шығындар көбейіп келеді және олар іс-әрекет етуші нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің бюджеттік өтінімдері негізінде мекемелердің қажеттіліктерінен есептеледі. Мұнда әр жыл сайын маслихатты материалдық қамсыздандыру шаралары және компютерлік техниканың кешені сатып алынып отырады. Сондай-ақ, 2006 жылы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігінің әкімшілік шығындарының құрамында «мемлекеттік қызметкерлердің классификациясын жоғарлату» бағдарламасы қарастырылған. «Жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындар» (001) ретінде анықталатын ағымдық бюджеттік бағдарламалар бойынша қазіргі уақыттағы пайда болған жағдай тұрақтылығымен сипатталады және атқарушы органдар аппаратына жүктелген функцияларды максималды тимділікпен орындау үшін оның іскерлігін қамтамасыз етуде тұжырымдалған бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына жетуге жағдай жасайды, сонымен қатар берілген бюджеттік бағдарламалардың негізгі тапсырмалары қамтамасыз етіледі оның мәні мемлекеттік органдар аппаратын қаржыландыруда тұжырымдалған.
Екінші функционалдық топ «Қорғаныс» болып табылады. Мұнда үш жылдық көрсеткішке қарай отырып, әр жыл сайын әскери қызметке шақыру және тіркеу бойынша шараларға шығындар көптеп жұмсалып келе жатқанын көріп отырмыз.
Келесі функционалдық топ «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» деп аталады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесінің базаларының бірінде Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімшесі құрылған болатын.
Қалалық Білім Бөлімінің құрамына 14 орта мектеп, 2 бастауыш кәсіби мектептер, 2 мектепке дейінгі мекемелер, 3 мектептен тыс ұйымдар «Мерей» балалар үйі, Балалық шақ үйі, Жасөспірімдердің спорт мектебі кіреді. Жалпы білім беру бағдарламаларының негізгі міндеттері тұлғаның жалпы мәдениетін құру, қоғамдық өмірге тұлғаның бейімделуі, мамандық алу үшін негіз құру болып табылады. Негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде жүзеге асырылады. №14 “Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері болып табылатын жұмыскерлердің еңбек ақы жүйесі туралы” ҚР-ның үкіметінің қаулысымен бекітілген еңбек ақы жүйесі бойынша жалпы білім беруші мектептердің жұмыскерлерінің еңбек ақы қорын қосады, сонымен қатар барлық білім беру қорын қосады. Сондай-ақ, мектептердің көбісіндегі лингофондық кабинет, химия, физика кабинеттері үшін лабораториялық жабдықтар және жиһаз сатып алумен қаржыландырылады. 10.05.05 жылы ҚР-сы Президентінің №616 халыққа жолдауында оқу мекемелерін ақпараттандыру бағдарламасын орындауда 2005 жылғы оқу стандарттарына сәйкес жалпы білім беру мектептерінде қалалық бюджеттің қаржысына компютер сатып алу қарастырылған. Жалпы білім беру мектептері үшін шығындардың басқа бөлімдері бойынша қаржыландырудың жеткіліксіздігінен мектептің материалды-техникалық базасын жақсарту проблемасы пайда болды. Негізінен қаланың барлық мектептері 50-ші жылдардың соңында 60-шы жылдардың басында эксплуотацияға еңгізілген. Көптеген мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу және қайта құру қажет. Қалалық бюджеттен 2006 жылы аталып өткен проблемаларды шешу үшін күрделі қаржы бөлінген болатын.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке келетін болсақ: бюджеттік шығыстар саясатын жүзеге асырудың орта мерзімдік перспективасы:
мемлекеттік функцияларды толық көлемде орындауға;
экономикалық өсуге жағдай жасау және халықтың жағдайын жақсартуға;
қамтамасыз етуші деңгейде шығындарды ұстауға бағытталады. Осыған байланысты шығындар саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік инвестиция артықшылығы ескерілді және артықшылықты бағдарламалардың бағыттарының бірі әлеуметтік секторды дамыту болып табылады, оның негізгі мақсаты экономикалық өсу үшін, нәтижелі еңбек бастылық, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін, жұмысшы халықтың табыстылығын ұлғайту және зейнетақымен қамтуды жетілдіру үшін жағдай жасау жолымен кедейлікті болдырмау болып табылады.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша “Мүмкіндіктері шектелген балаларға үйінде әлеуметтік және дәрігерлік, оқытушылық көмек көрсету туралы” ҚР-ның заңымен бекітілген әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша мүмкіндіктері шектелген балаларға үйінде қызмет көрсету бойынша және әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы көбейе түсуде.
Жұмыссыз халықты еңбекпен қамту және зейнетақы жүйесін жетілдіру үшін 27.02.2004 жылы Сәтбаев қаласының әкімінің шешіміне сәйкес №30 “Сәтбаев қаласында жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы” Сәтбаев қаласында сол жылдың наурыз айында еңбекпен қамту Орталығының бөлімдері ашыла бастаған. Халықтың мүддесін қорғау мақсатымен барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекақыны төлеу мерзімінде жүзеге асырылады. Олардың барлығы жылдан-жылға қызу жұмыс істеуде және барлығы да оң нәтиже беруде.
Мәдениет саласы бойынша 2005 жылға жергілікті бюджет шығыстарының функционалды классификациясына сәйкес мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар және олардың материалдық-техникалық қамтылуын қарастыратын бағдарламалар бір бағдарламаға бекітілген осылайша 263/029/000 “Жергілікті деңгейде ақпараттардың жалпы қол жетерлілігін қамтамасыз ету” бағдарламасы бойынша қарастырылған, оның ішінде қаржы көптеген жиынтық әдебиеттер және жиһаздар жиынтығына және тағы басқа қажеттіліктерге жұмсалған. 2006 жылы 263/026/100 «Жергілікті деңгейде спорт жарыстарын жүргізу және ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша спорт жарыстары ұйымдастырылып жүргізілді, жоспарланған сома 100 %-ке орындалды.
Негізгі мақсаты тапсырыс берушінің (Әкім аппараты) Сәтбаев қаласының әкім аппаратының қалалық маслихаттың, яғни халықты қоғамдық-саяси шараларға, әлеуметтік-экономикалық қызметтерге, қаланың мәдени жұмыстарына белсенді қатысуға шақыру, нарықтық қатынастар мәселесі бойынша оқуды ұйымдастыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыстарының экономикалық талдауы, Әкім аппаратының хабарландыруы мен жарнамаларының кезеңдік басылымдары іс-әрекетінің басты бағыттары туралы материалдарын мемлекеттік және орыс тілінде баспадан шығару.
Экономика салаларын қаржыландыру жайында біршама сөз айтып кететін болсам, онда экономика салаларын қаржыландыру бөлімі негізінен Сәтбаев қаласы және оған жататын Жезқазған поселкісін көркейту жұмыстары бойынша шығыстарды жылдан-жылға жүзеге асырып келеді. 274/018/000 «Тұрғылықты жерлерде санитарлық жағдайды қамтамассыз ету» бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Сәтбаев қаласының әкімияты болып табылады. 274/021/000 «Тұрғылықты жерлерді көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу» бағдарламасы бойынша қаражаттар бөлінген. 2005 жылдың 11 желтоқсанында қала бюджетін нақтылау кезінде 274/020/000 «Тұрғылықты жерлерді көркейту бойынша жұмыстар жүргізу» бағдарламасына қалалық бюджеттен ақша бөлінген.
2006 жылдың басынан бастап 257/004/000 «Жергілікті деңгейде ветеринарлық іс шараларға жағдай жасау» бағдарламасы бойынша адамдардың да, жануарлардың да жалпы қала халқын аурулардан сақтандыру шаралары үшін қарастырылған. Нәтижесінде жануарларды аса қауіпті аурулардан қорғау мәселесі шешілді. 257/008/000 «Жергілікті деңгейде тұқымды мал шаруашылығына жағдай жасау» бағдарламасы бойынша қала бюджетінде қаражаттар қарастырылған.
Берілген бағдарламаның әкімшісі Сәтбаев қаласының Әкімінің аппараты болып табылады. Бұл бағдарлама тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы актілер және материалдар кестесін қоса істелген жұмыстар көлеміне сәйкес қаржыландырылады.
Жалпы алғанда бюджет шығыстарының барлығы әр жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, сондай-ақ басымдылықтың өсіп келе жатқанына байланысты өсіп-көркейіп келе жатыр.
2.3.1-сурет. Сәтбаев қаласының шығыс бөлігінің орындалуы
Достарыңызбен бөлісу: |