2. Позициялық санау жүйелерінде бүтін сандар қалай туындайды?
Кез келген санау жүйесінде цифрлар мәндеріне сәйкес реттеліп орналасады: 1 цифры 0-ден кейін, 2 цифры1-ден кейін, т.с.с.
Цифрды жылжыту деп оны өсу реті бойынша келесі мәнмен алмастыруды айтады.
|
1 цифрын жылжыту оны 2-мен алмастыру, ал 2 цифрын жылжыту оны 3-пен алмастыру, т.с.с. Ең үлкен цифрды жылжыту (мысалы, ондық жүйедегі 9 цифры) оны 0-мен алмастыру дегенді білдіреді. Екі ғана цифры – 0 мен 1 ғана бар екілік санау жүйесінде 0-ді жылжыту 1-ді береді, ал 1-ді жылжыту 0-ді береді.
Кез келген санау жүйесіндегі бүтін сандар былай туындайды:
Осы ережеге сәйкес жоғарыда келтірілген санау жүйелері үшін алғашқы 10 санды жазып шығайық:
екілік жүйеде: 0, 1, 10, 11, 100, 101, 110, 111, 1000, 1001;
үштік жүйеде: 0, 1, 2, 10, 11, 12, 20, 21, 22, 100;
бестік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4, 10, 11, 12, 13, 14;
сегіздік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11.
Достарыңызбен бөлісу: |