127
қарастыруға болады және одан әрі селекциялық өсіру үшін қолайлы түр
ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар,
Rosa
туысының әртүрлі түрлерінің
дәрумендерге,
провитаминдерге,
май
қышқылдарына,
фенолдық
қосылыстарға және олардың антиоксиданттық қасиеттеріне қатысты
зерттеулері функционалды тағам ретінде олардың потенциалына көбірек
назар аудартуы мүмкін. Фитохимиялық өзгергіштік функционалдық
әртүрліліктің
маңызды
бөлігі
болып
табылады.
R.iliensis
популяцияларындағы алуантүрлілік қоршаған орта жағдайлары мен
генетикалық фон арасындағы өзара әрекеттесудің нәтижесі болып табылады.
Жалпы алғанда, фитохимиялық өзгергіштік пен
экономикалық қасиеттерді
білу популяцияның қолайлы сипаттамасы және өсіру мақсатына жету үшін
тиімді өсіру бағдарламаларын жасау үшін қажет.
Қорыта келгенде, біздің зерттеу жұмысымыз сирек кездесетін, эндемдік
R.iliensis
үш популяциясының сипаттамасына арналды. Мұнда біз үш
популяциядан жиналған
R.iliensis
құрамындағы аскорбин қышқылының,
-
токоферолдың,
-каротиннің және минералды
заттардың сапалық және
сандық талдау нәтижелерін келтірдік. Сонымен қатар бос радикалдарды
сіңіру белсенділігі, сондай-ақ фенолды қосылыстардың жалпы құрамы
анықталды. Осылайша,
біздің мәліметтеріміз
R.iliensis
жемістерінің,
жапырақтарының және тұқымдарының пайдалы қасиеттерінің кем дегенде
бір бөлігін түсіндіруге алдын-ала негіз береді. Зерттеу нәтижелері
көрсеткендей,
R.iliensis
жемістерінің, тұқымдары мен жапырақтарының
құрамында дәрумендер («С» және «Е»), провитаминдер (
-каротин),
фенолдық қосылыстар мен минералды заттардың болуы,
олардың тағамдық
қоспалар немесе әртүрлі косметикалық өнімдердің компоненттері ретінде әрі
қарай зерттеу үшін қызықты болуы мүмкін. Осы зерттеудің нәтижелері
R.iliensis
жемістерін, жапырақтары мен тұқымдарын функционалды тамақ
өнімдері мен тағамдық қоспалардың құрамындағы ингредиенттер ретінде
ұсынуға болады. Тағамдық құрамы және биоактивті қосылыстардың
болуының
арқасында
R.iliensis
фитонутриенттердің құнды көзі болып
табылады. Бұл түр табиғатта өссе де, оның жемістерінің, тұқымдары мен
жапырақтарының тұтынушы үшін маңыздылығын ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: