Чингаева Г. Н. Бүйректің созылмалы ауруы


Шумақтық сүзгі жылдамдығы және креатинин клиренсі



бет8/21
Дата23.12.2023
өлшемі231,86 Kb.
#198813
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ХБП КАЗ 2

Шумақтық сүзгі жылдамдығы және креатинин клиренсі
Бүйректің функционалды қызметін көрсететін нақты көрсеткіш ШСЖ болып табылады. ШСЖ сүзгінің эндогенді және экзогенді (инулин) маркерлерін қолданумен өлшенеді, сүзгінің экзогенді маркерлерінің клиренсі бойынша немесе эндогенді маркерлердің сарысулық деңгейіне негізделген (Cr, С цистатині) формулалар бойынша есептеледі. (6 кесте).

6 кесте – ШСЖ есептеу және өлшеу әдістері



Әдістері

Түсініктемелер

Сүзгінің экзогендік (инулин) және эндогендік маркерлерін қолданумен ШСЖ өлшеу

Күрделі
Қымбат
Қол жетімділігі қиын
Вариабелділігі- 5-20%

Сүзгінің эндогендік маркерлерінің (креатинин) клиренсі бойынша ШСЖ есептеу - Реберг-Тареев сынамасы

Шамадан тыс
Қателіктің жоғары ықтималдығы
Қазіргі уақытта бүйрек қызметін бағалау үшін ұсынылмайды

Эндогендік маркерлердің сарысулық деңгейіне негізделген формула бойынша ШСЖ есептеу (Кр, цистатин С)

Қолдануға ұсынылған





Сүзгінің эндогендік және экзогендік маркерлерінің клиренсін анықтау. ШСЖ өлшеудің алтын стандарты – плазмада концентрациясы тұрақты болатын инулин клиренсі. Ол физиологиялық инертті, шумақтарда еркін сүзіледі, секрецияланбайды, қайта сіңірілмейді, бүйректе метаболизмге ұшырамайды. Инулин клиренсін анықтау да экзогендік радиоактивті әдіс сияқты (125I-иоталамат және 99mTc-DTPA), рутинді тәжірибеде қымбат және қол жетімділігі қиын әдістер. ШСЖ бағалаудың балама әдістерінің бірқатары құрастырылған.
Реберг-Тареев сынамасы. Cr-ң 24 сағаттық клиренсін өлшеу белгілі бір уақыт аралығында зәр жинауды талап етеді, ол жиі қателіктермен қосарласып және науқас үшін қиындықтар туғызады. Оның үстіне, ШСЖ-н бағалаудың бұл әдісінің формула бойынша ШСЖ-н есептеумен салыстырғанда артықшылығы жоқ. Бірақ бұл әдіс бойынша (формуламен ШСЖ-н анықтау) емдәмі әдеттегіден өзгеше немесе бұлшықеттік массасында ауытқулары бар адамдардың ШСЖ-н анықтай алмаймыз. Одан басқа, ШСЖ бағалау үшін сарысудағы кретининді қолдану науқас жағдайының тұрақты болуын талап етеді. Сондықтан егер ШСЖ деңгейі тез өзгеретін болса (жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде), егер бұлшықет массасы әдеттегіден артық немесе аз болса (атлеттерде немесе арық адамдарда) немесе егер креатинді тамақпен әдеттегіден артық немесе аз қабылдаса (етті көп жейтін адамдарда немесе вегетариандықтарда) нәтижелері қате болады.
ШСЖ бағалаудың есептеу формулалары жалпы бүйрек қызметінің дәрежесін ең жақсы көрсететін әдістерге жатады. ШСЖ есептеуге арналған формулалар Cr өнімдеріне әртүрлі әсерлерді ескереді, сонымен қатар қолданыста қарапайым. Балаларда дененің беткей ауданы бойынша ШСЖ стандартизациясы ыңғайлы және ересектерде жалпы қабылданған тәжірибе болып табылады. Зәрдің жинауына негізделген ШСЖ өлшемінің нақтылығы негізінен зәр жинау нақтылығына тәуелді. Зәр жинау алдында қуықты толық емес босатқан уақытта, барлық кезеңде толық емес зәр жиналса және зәр жинау ұзақтығында ауытқулар болған кезде өлшемі нақты емес болуы мүмкін. Егер науқасқа егжей-тегжейлі түсіндірсе және зәр жинауды екі рет қайталаса, теорияда қателіктерді азайтуға болады. Тәжірибеде осы қиындықтарды тудырмас үшін, ШСЖ немесе плазмадағы креатинин деңгейі бойынша, жасы, жынысы және дене салмағы бойынша креатинин клиренсін есептеу үшін формулалар құрастырылған. Бүгінгі күнде ШСЖ бағалаудың қарапайым есептеулері кең тарау алды: ересектерде – MDRD зерттеуінен алынған формула және Кокрофт-Голт формуласы (Cockcroft-Gault), балаларда – Шварц формуласы (Schwartz) және Кунах-Барр формуласы (Counahan-Barratt) (7 кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет