БСА-ны анықтау мақсатымен науқастарды тексеру келесідегідей қауіп факторлары бар топтарда жүргізу қажет:
Бүйрек пен зәр шығару жолдарының құрылымдық өзгерістері, зәр-тас ауруы;
Зәр шығару ағзасын зақымдайтын көптеген аурулар (мысалы, жүйелі қызыл жегі);
Гематурия немесе протеинурияның көрінуі;
Қант диабеті;
Артериалдық гипертензия;
Жүрек-қантамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, шеткі қантамырлар патологиясы немесе ми қантамырларының аурулары);
Жанұялық анамнезде БСА-ң 5 сатысы немесе тұқым қуалайтын БСА болса.
Сұхбаттасу арқылы және науқасты жалпы тексеру кезінде БСА-ң ерте сатылары болса да аз мәлімет аламыз. Бұл кезеңдердегі диагностика толығымен аспаптық зерттеулер мен зертханалық сынамаларға негізделген. Бүйрек қызметін бағалау үшін қан сарысуындағы креатининді (Cr) анықтау, ШСЖ, зәрмен альбуминнің экскрециясын бағалау қолданылады.
1. Бүйректің зақымдалу маркёрлері
Зертханалық: ШСЖ анықтау үшін қан сарысуындағы креатинин деңгейін тексеру; альбуминурия (>30 мг/сут) бар екенін анықтау үшін зәр талдауын тексеру (МАУ, тубулярлық протеинурия, протеинурия).
УДЗ: бүйрек өлшемдерінің өзгерісі, эхогенділігінің жоғарылауы, көлемді түзілістер, тастар, нефрокальциноз, торсылдақтар.
КТ: обструкция, ісіктер, торсылдақтар, қуық пен зәр ағардағы тастар, а. renalis стенозы.
Изотопты сцинтиграфия: бүйрек қызметінің, өлшемдерінің асимметриясы.
Зертханалық маркёрлер Зертханалық маркёрлер: зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия.
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі бүйректің (өзекшелердің) қоюландыру қызметін көрсетеді. Бұл әдісті негізінен скрининг ретінде тұрғындарды жалпы қарау кезінде бүйрек ауруларын анықтау үшін қолдануға болады. Бүйрек өзекшелерінің зақымдалуына изостенурия және гипостенурия тән, ал зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1018 және одан жоғары болуы қалыпты көрсеткіш болып есептелінеді.
Протеинурияны бағалау. Протеинурия да бүйрек зақымдалуының ерте және сезімтал маркёрі болып табылады. Соның ішінде альбумин зәрдің негізгі ақуызы болып табылады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуімен қатар протеинурия болса, ол нефротикалық синдромның ең қолайсыз болжамдық компоненті болып табылатынын ескерсек, оның анықталуы маңызды екені күмән туғызбайды.
Зәрмен ақуыздың шығарылуы. Қалыпты жағдайда жалпы ақуыздың зәрмен экскрециясы ересектерде 50 мг/тәу, Аl – 10 мг/тәул. құрайды. Бұдан жоғары деңгейде қайталамалы сипатта ақуыздың экскрециясы әдетте бүйректің зақымдалу маркёрі болып табылады. Зәрде қан сарысуынан сүзілген ақуыздарды да (α1-, α2-, β2-микроглобулиндер, лизоцим), сол сияқты зәр жолдарында түзілетін ақуыздарды да (Тамм-Хорсфал ақуызы) анықтауға болады. Ақуыздардың белгілі бір түрлерінің экскрециясы бүйрек зақымдалуының сипатына байланысты. Аl экскрециясының жоғарылауы қант диабеті (ҚД), гломерулярлық аурулар және артериалдық гипертензия кезіндегі бүйрек зақымдалуының сезімтал маркері болып табылады. Зәр шығару жолдарының инфекциясы және қызба болмағанда Аl экскрециясы жоғарыласа, ол бүйректің шумақтық аппаратының патологиясын көрсетеді. (3 кесте).
3 кесте – Зәрдегі жалпы ақуыз бен альбуминді рутинді өлшеудің жалған нәтижелерінің негізгі себептері
|
Жалған оң
|
Жалған теріс
|
Сұйықтықтар балансы
|
Дегидратация зәрдегі ақуыз концентрациясын
|
Ағзада шамадан тыс сұйықтың болуы зәрдегі ақуыз концентрациясының әкеледі
|
Гематурия
|
Зәрде ақуыз мөлшерінің **
|
|
Физикалық жаттығулар
|
Зәрмен ақуыздың (әсіресе альбуминнің) эксрециясы
|
|
Инфекциялар
|
Зәр шығару жолдарының инфекциясы микроорганизмдердің ақуыз бөлуін шақыруы мүмкін және нәтижесінде оған реакция болады
|
|
Альбумин тәріздес ақуыздар
|
|
Әдетте тест-сызықтарындағы реагенттермен альбумин сияқты қатты әсерлеспейді
|
Дәрілік заттар*
|
Зәрдің өте сілтілі реакциясы (pH>8) тест-сызықтардағы реагенттерді бояуы мүмкін, ақуыздарға реакция жалған оң көрсетеді
|
|
Ескерту - * немесе зәрді сілтілендіретін басқа да жағдайлар
** - гематурия сезімтал әдістермен анықтауға болатын ақуыздың болуымен байланысты. Реагенттердің бірнеше аймақтарымен тест-сызықтар альбуминурия/протеинурияның себебі ретінде гематурияны көрсете отырып, гемоглобинді өлшейді.
|
Зәрмен Аl экскрециясының жылдамдығы вертикалді жағдайда, физикалық жүктемеден кейін, тағаммен ақуызды артық қабылдағанда, жүктілік кезінде, зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жүрек жетіспеушілігінде, сонымен қатар кейбір басқа аурулар кезінде де біршама өсе түседі. Альбуминурияның таралуы жасқа, қант диабетінің болу болмауына тәуелді. Қант диабеті бар адамдардың барлығында протеинурияның таралуы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |