С цистатині. Соңғы жылдары бүйрек пен жүрек-қантамыр жүйесінің қауіп-қатерінің функционалдық жағдайының балама маркері ретінде төмен молекулярлы массалы ақуыз, протеаза тежегіші – С цистатині қарастырылып отыр. С цистатині шумақтан еркін сүзіледі, өзекшелік секрецияға ұшырамайды. С цистатині деңгейіне негізделген ШСЖ есептеуге арналған формулалар құрастырылуда.
7 кесте – ШСЖ бағалаудың есептеу формулалары (K/DOQI, 2002)
Есептеу әдістері
|
Формула
|
Cockroft-Gault
(мл/мин)
|
1,228 * [140 – жасы] * дене салмағы (кг) * 0,85 (әйелдер үшін)
плазма креатинині (мкмоль/л)
|
MDRD (мл/мин/1,73 м2)
|
32788 * [плазма креатинині (мкмоль/л)]–1,154 * жасы –0,203 * 0,742 (әйелдер үшін)
|
Кокрофт-Голт формуласының модификациясы (қант диабеті бойынша Федералдық бағдарлама)
|
[140 –жылдық жасы] *дене салмағы (кг) * 1,05 (әйелдер үшін)
плазма креатинині (мкмоль/л)
|
[140 – жылдық жасы] * дене салмағы (кг) * 1,23 (ерлер үшін)
плазма креатинині (мкмоль/л)
|
MDRD жеңілдетілген формуласы
|
186 x сарысу креатинині–1,154 x (жасы)–0.203 x 0,742 (әйелдер үшін)
|
ШСЖ шамалап есептеу
|
[140 – жылдық жасы] * дене салмағы (кг)
плазма креатинині (мкмоль/л)
Ерлер үшін алынған мәнді 1,2-ге көбейтеді
|
Шварц формуласы (балаларда ШСЖ есептеу үшін,
мл/мин/1,73 м2)
|
0,0484 *бойы (см)
плазма креатинині (ммоль/л)
13 жастан асқан ұлдар үшін 0,0484 коэффициентінің орнына 0,0616 қолданады.
|
Балаларға арналған Шварц формуласының модификациясы
|
40* бойы (см)
Плазма креатинині (мкмоль/л)
|
ШСЖ көрсеткіштерінің өзгерістерін талдау кезінде қан сарысуындағы креатинин концентрациясының биологиялық вариабелділігін және әдістің аналитикалық вариабелділігін (±5%) есептей отырып түзетулер жасау керек.
Науқастарға зерттеу өткізу үшін қан алу алдында 12 сағат бұрын ет тағамдарын қолданбау керектігін ескерту керек.
• Егер ШСЖ көрсеткіші:
– алғашқы өлшеу кезінде <60 мл/мин/1,73 м2 болса, 2 аптадан кеш емес уақытта қайталап тексеру қажет. Альбумин/протеиннің зәрдегі мөлшерін анықтау қажет; көрсеткіштерде ауытқулар болған кезде – таңертеңгілік зәр сынамасында талдауды қайталау керек (егер олар алғашқы өлшеуде қолданылмаса);
– ≥60 мл/мин/1,73 м2 болса: 1) оны ұқыптылықпен интерпретация жасау керек, себебі ШСЖ жоғарылаған сайын, оның нақты мәнін есептеу қиындайды. БСА-ң бар екендігіне күмәндәнған кезде альбумин/протеиннің зәрмен шығу көрсеткішін анықтау қажет; 2) қанда Cr концентрациясының жоғарылауы 20%-дан артық болса, бүйрек қызметінің бірталай нашарлағаны жайында қорытынды жасауға болады. Бұл ұсыныстар жиі БСА кезінде ШСЖ-ң төмендеуі және микроальбумиуриямен бірге жүруінен туындап отыр. Креатинин деңгейінің 133-177 ммоль/л (немесе ШСЖ 60 мл/мин-н аз) болуы науқасты нефрологқа жіберуге көрсеткіш болып табылады.
Келесі негіздемелерге байланысты ШСЖ-ң қайтымсыз төмендеуі ретінде 60 мл/мин-ден төмен ШСЖ деңгейді белгілеу:
ШСЖ-ң белгіленген саннан жоғары болуы бүйрек ауруларын емдеу үшін және БСА-ң алдын алу үшін уақыт пен мүмкіндік қалдырады;
ШСЖ-ң 60 мл/мин-ден төмен болуы 40 жасқа дейінгі адамдарда қалыпты жағдайда өте сирек болады;
ШСЖ 60 мл/мин-ден төмен болуы БСА-ң асқынуларының санының өсуімен байланысты;
ШСЖ 60 мл/мин-ден төмен болуы болжамның нашарлауымен орайласады, әсіресе қант диабетімен науқастарда кардиоваскулярлық асқыну және өлім жағдайлары;
Ондай шекаралық деңгейді және ШСЖ-ң неғұрлым төмен мәнін науқастың қан сарысуындағы креатининді, дене салмағы, жасы және жынысы ескерілетін ШСЖ-ны есептеу формулалары бойынша оңай анықтауға болады.
Бүйрек қызметінің бұзылысын анықтау үшін келесі алгоритм ұсынылады (4 сурет):
Қан сарысуындағы Cr деңгейін анықтау және формула бойынша ШСЖ есептеу. Егер есептелген ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2 – 3 айдан кейін немесе одан ертерек зерттеуді қайталау.
Зәрдің кездейсоқ үлесінде Al/Cr қатынасын анықтау. Егер Al/Cr қатынасы >30 мг/г – 3 айдан кейін немесе одан ертерек зерттеуді қайталау.
Бүйрек зақымдалуының бар екендігін нақтылау үшін визуалдық зерттеулерді орындау.
Егер ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2 және/немесе Al/Cr қатынасы > 30 мг/г 3 ай шамасында сақталса, БСА диагнозы қойылады және нефролог кеңесі, ұсыныстарға сәйкес емдеу көрсетілген.
Егер екі зерттеу де теріс болса, оларды жыл сайын қайталау қажет.
Егер ШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2 немесе тез төмендесе немесе Al/Cr қатынасы >300 мг/г болса, БАЕ мәселесін шешу үшін науқасты нефрологқа жіберу қажет.
MDRD бойынша
30>60>60>60>
Достарыңызбен бөлісу: |