БСА анықтамасы, критерийлері, жіктелуі (K/DOQI, 2002).
Бүйректің созылмалы ауруы деп кемінде 3 ай және одан көп мерзім аралығында бүйректің зақымдалуы немесе қызметінің төмендеуі табылса айтады (диагнозға байланыссыз).
БСА-ң жаңа критерийлері (K/DOQI, 2002)
Бүйректің зақымдалуы 3 ай, ШСЖ төмендеуі немесе қалыпты болуы, оған қоса
Патологиялық ауытқу немесе
Зақымдалу маркерлерінің (қан және зәр талдауларында, аспаптық зерттеулерде анықталатын өзгерістер) анықталуы
ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2 3 ай, бүйрек зақымдалуының бар-жоқ болуына қарамастан.
Бүйрек зақымдалуы дегеніміз – бүйрек жағынан анықталатын құрылымдық немесе қызметтік ауытқулар. Алғашқы кезеңде ШСЖ қалыпты болуы мүмкін, алайда уақыт өте біртіндеп төмендейді. Бүйрек зақымдалуының маркерлеріне қан немесе зәр құрамында және аспаптық зерттеулерде анықталатын өзгерістер кіреді. Бүйрек зақымдалуы бар барлық науқастарға ШСЖ деңгейіне байланыссыз БСА диагнозы қойылу қажет. Сонымен, БСА бар науқастарға жатады:
Бүйрек зақымдалуының бар-жоқ болуына байланыссыз ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2 ≥ 3 ай ішінде бар барлық науқастар;
ШСЖ деңгейіне байланыссыз бүйрек зақымдалуы бар барлық науқастар.
БСА жіктелуі (K/DOQI, 2002)
Осы уақытқа дейін бүйректің созылмалы ауруын сипаттайтын бірыңғай жіктеме болған жоқ. Мысалы, ҚР аумағында Ратнер (креатинин деңгейі), Тареева (креатинин клиренсі деңгейі), Рябов және Кучинский (кешенді сипатта) жіктемелері қолданылды. Алайда қазіргі заман талабы бойынша әлем дәрігерлері өзінің елі мен жұмысына байланыссыз әріптестерін түсіне білуі үшін, аурулардың бірыңғай диагностикалық, ем және алдын алу шараларын қолдану қажеттігі туындайды.
Бүйрек қызметінің жағдайын бақылайтын интегралды көрсеткішке бүйрек тінінің қызметке қабілетті массасы (қабілетті нефрондар массасы (ҚНМ)) жатады. Гомеостазды қамтамасыз ететін басқа қызметтерге қарағанда бүйректің созылмалы ауруларында шумақтық сүзгі (ШС) өз бетінше жеке зақымдалмайды, ол ҚНМ көрсеткішіне тәуелді. Сондықтан ШС көрсеткіші бұрыннан клиникада ҚНМ бүйрек қызметінің өлшем бірлігі ретінде қолданылады және ол клиренс бойынша бағаланады.
БСА-ң бұрынғы жіктемелерінің барлығы бүйрек зақымдалуының деңгейін қан сарысуындағы креатинин (Рcr) деңгейі бойынша бағалайтын. Рcr-ді ШС деңгейін нақты сипаттайтын көрсеткішке жатқызатын. Алайда Рcr қалыпты болуына қарамастан, бірқатар науқастарда ШС деңгейінің төмендейтіні (ҚНМ азаюы) дәлелденді. Яғни, бүйрек қызметі төмендеген жағдайда Рcr деңгейі әр кезде анық көрсеткіш бола алмайды. БСА кезінде Рcr деңгейі сәйкессіз төмен болатын жағдайлар: ол тек сүзгі ғана емес, оған қоса секреция арқылы шықса; түзілуі төмендесе; бүйректен тыс жолдармен шықса. Сондықтан бүйрек зақымдалуын нақты сипаттайтын көрсеткішке ШС деңгейі жатады. Алайда бұрыннан кең қолданылып келген креатининнің тәуліктік клиренсі (Ccr=UcrxV/Pcr) ШС деңгейін нақты сипаттамайтыны анықталды.
Осы себептен клиникалық тәжірибеде креатинин клиренсін өлшеудің орнына сарысулық креатинин және бірқатар қосымша факторларды қолдана отырып (жасы, жынысы, нәсілі және дене мөлшері), шумақтық сүзгіні арнайы формулалармен есептеген жөн деп саналады.
ICD-9-CM халықаралық жіктемесіне сәйкес, 2005ж. 1 қазанынан бастап, БСА-ң 5 сатысының әрбіріне өзіндік жеке код берілді. 2007ж. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) N18 рубрикасын нақтылады (бұрын осы кодпен «бүйректің созылмалы жетіспеушілігі» жазылатын). Бәріне ортақ диагноз қою құрылымын сақтау мақсатымен «Бүйректің созылмалы ауруы» диагнозын негізгі аурудан кейін көрсеткен жөн деп ұсынылады. Сонда негізгі ауру коды «Халықаралық аурулар коды» (МКБ-10) бойынша қойылады. Егер бүйрек зақымдалуының этиологиясы белгісіз болса, «Бүйректің созылмалы ауруы» N18 коды арқылы негізгі диагноз ретінде жүре алады (мұнда N18.1 – БСА, 1 саты; N18.2 – БСА, 2 саты т.б.). ШСЖ деңгейіне байланысты БСА 5 сатыға бөлінеді. (1 кесте).
1 кесте – БСА жіктелуі (K/DOQI, 2002)
Сатысы
|
Сипаттамасы
|
ШСЖ (мл/мин/
1.73 м2)
|
МКБ-10
|
1*
|
ШСЖ қалыпты немесе күшейген күйде бүйрек зақымдалуы
|
>=90
|
N18.1
|
2*
|
ШСЖ мардымсыз азаюымен өтетін бүйрек зақымдалуы
|
60-89
|
N18.2
|
3
|
ШСЖ орта дәрежеде төмендеуі
|
30-59
|
N18.3
|
4
|
ШФФЖ айқын төмендеуі
|
15-29
|
N18.3
|
5
|
Бүйректің терминалды жетіспеушілігі
|
<15 диализ или ТП
|
N18.5
|
Ескерту - * - бүйрек зақымдалуына тән белгілер болмаса, 1-2 сатысы қойылмайды
|
ШСЖ көрсеткішінің 90 мл/мин. деңгейінде болуы қалыпты жағдайдың төменгі шегіне жатады.
ШСЖ деңгейінің <60 мл/мин-н төмендеуі (3 ай бойы анықталса) нефрондар санының 50% астамы жоғалуына сәйкес келетіндіктен БСА диагностикасын күмәнсіз ете алады.
Осы жіктелу жүйесі бүйрек зақымдалуын нақтылауға және ерте сатыларын дер кезде анықтауға бағытталған. БСА-ң 1 және 2 сатысы бүйрек ауытқуларымен қоса жүрсе ғана қойылады (мысалы протеинурия, гематурия, құрылымдық өзгерістер). 3-ші сатыдан бастап бүйрек клиренсінің едәуір нашарлауы байқалады. Нәрестелерде қалыпты ШСЖ жасы және салмағы өскен сайын өзгеріп, бала 2 жасқа жеткенде ересектермен теңеседі (2 кесте).
2 кесте – Балалар мен жасөспірімдердегі қалыпты ШСЖ (K/DOQI, 2002)
Жасы
|
ШСЖ орташа деңгейіСО (мл/мин/1.73 m2)
|
1 апта (ұл балалар мен қыз балалар)
|
4115
|
2-8 апта (ұл балалар мен қыз балалар)
|
6625
|
8 апта (ұл балалар мен қыз балалар)
|
9622
|
2-12 жас (ұл балалар мен қыз балалар)
|
13327
|
13-21 жас (ұл балалар)
|
14030
|
13-21 жас (қыз балалар)
|
12622
|
Өз кезегінде БСА-ң бес сатысын анықтайтын ШСЖ диапазондары 2 жастан асқан балаларға ғана қолданылады. Бүйректің созылмалы зақымдалуынан басталып, БТЖ-не дейін төмендейтін ШСЖ-ң ең төменгі шамасы әлі нақтыланбаған, себебі регистрлердің көпшілігі бұл көрсеткіш ШСЖ-ң 75 мл/мин/1,73 м2 төмендеуі ретінде белгіледі. Осыған қарамастан, БСА сатыларының ұсынылған жіктелуі бүйрек паренхимасының сақталу дәрежесін бағалаудың ең тиімді әдісіне негізделіп, бүйрек зақымдалуының сипатын бірыңғай бағалауға бағытталған. Бұл әдіс болашақта нефропротекцияның бірыңғай, оптималді стратегиясы мен тактикасын құрастыруға мүмкіндік береді.
БСА-ң диагностикалық критерийлері
БСА-ны ерте анықтау және емдеу арқылы қолайсыз нәтижелерін алдын алуға немесе терминалды сатыға жету мерзімін ұзартуға болады. БСА-ң ерте сатыларын қарапайым зертханалық сынамалармен анықтауға болады.
БСА бар екенін, оның сатыларын бүйректің зақымдалу белгілеріне және диагнозға тәуелсіз бүйрек қызметінің деңгейіне (ШСЖ) негіздей отырып қоюға болады (K/DOQI бойынша).
60>15>
Достарыңызбен бөлісу: |