Цифровая дидактика indd


Цифрлық дидактика педагогиканың тұлғалық тұғырға



Pdf көрінісі
бет159/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
Цифрлық дидактика педагогиканың тұлғалық тұғырға 
бағдарланған және ынтымақтастық педагогикасына негізделген.
Тұлғалық тұғырға бағдарланған
және ынтымақтастық педаго-
гикасына негізделген. Бұл ынтымақтастық желілік өзара әрекеттесу 
арқылы жүзеге асырылады. Желілік ынтымақтастық виртуалды білім 
беру процесіне оқытушы мен білім алушыларды тартуға бағдарланған. 
Классикалық педагогикада Лысенкова С.Н., Шаталов В.Ф., Вол-
ков И.П., Караковский В.А. және басқалар бұл теорияның негізін 
қалаушылар болып табылады.
Цифрлық ынтымақтастық процесінде серіктестік қатынастарды 
дамытуға басты назар аударылады және келесі бірнеше ұстанымдарды 
ұстану қажет:


286
 
 


мәжбүрлеусіз оқыту – білім алушы өзінің оқу деңгейі бойынша 
шешім қабылдайды (қандай деңгейде / тапсырмалар деңгейлерге 
топтастырылады/ және ол оқыту тапсырмаларын қалай орын-
дайды);

теріс бағалардың болмауы (егер белсенді болса, кестеге сәйкес 
тапсырмаларды дұрыс орындайды );

таңдау еркіндігі идеясы – білім алушы қандай есепті шешеді 
және қандай мөлшерде, (сол сияқты өзіне шешуі қызықты 
есептерді өз бетінше жасап алуына да болады.);

оза оқыту идеясы – білім алушы оқу пәнінің тақырыптарымен 
ертерек танысады, және оза дайындықты жүзеге асырады;

ірі блоктар идеясы – оқу процесі жекелеген мазмұндардан немесе 
тренингтерден емес, түрлі тақырыптардағы «тереңдету» блокта-
рынан құралады;

сәйкес формалар идеясы –оқу пәнінің әрбір тақырыбы таңдап 
алынған тематикаға байланысты формалар түрінде жүзеге асы-
рылады;

топтың интеллектуальдық фоны –цифрлық оқу процесіндегі 
біріккен іс-әрекет және оның шегінен шығатын –виртуальды экс-
курсиялар жасаужәне т.б.
Цифрлық оқытудағы оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын 
талаптар 
1. Әлеуметтік инерция – қоғамның (қоғамдық пікірдің) және 
оның институттарының (заң шығару жүйесі, үкіметтік басқару орган-
дары, кадрларды дайындау жүйесі) цифрландыру процесі әкелетін 
өзгерістерге дайын болмауымен байланысты шектеулер. Бұл шектеудің 
жекелеген жағдайы – мұғалімдердің дәстүрлі педагогикалық тұғырлар 
мен оқыту әдістерінен тез арада бас тартуға және олардың кәсіби 
іс-әрекетінде «сандық түрлендіру» үшін дайын болмауы.
2. Білім беру процесіндегі адам факторының маңыздылығы – бұл 
тікелей тұлғааралық қатынастарды оқу үдерісінен түпкілікті алып 
тастаудың мүмкін еместігімен байланысты шектеу және оны толықтай 
автоматтандыру немесе желілік форматқа аудару мүмкіндігінің бол-
мауы. Адамдар – әлеуметтік тіршілік иесі, олардың толыққанды 
дамуы үшін тікелей қарым-қатынас қажет. Соңғы уақытта кең тараған 
көзқарастарға қарамастан, оқытудың цифрлық құралдары емес, адам 
оқу мотивациясының ең күшті көзі болып табылады.
3. Практикаға бағдарлану – күрделі кәсіптік біліктер мен дағды-
ларды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты педагог пен білім 


287
алушының тікелей контактысы қажеттілігімен байланысты кәсіптік 
білім берудегі кейбір мамандықтар, кәсіптер бойынша күндізгі 
нысандағы білім беру процесінің практикалық бөлігін міндетті 
түрде ұйымдастыру талабы. Қазақстанда бұл шектеу заңнамалық 
түрде бекітілген, бұл бір жағынан дидактикалық ұстаным, екінші 
жағынан – шектеу бола отырып, практикаға бағдарлану кәсіптік білім 
беру мен оқытудағы цифрландыру процесінің ерекшелігін және осы 
процестің нақты параметрлерін (бағыттылығы, динамикасы, кеңдігі) 
айқындайтын орталық фактор болып табылатындығын көрсетеді.
4. Цифрлық білім беру процесін қамтамасыз ететін техникалық 
ресурстардың сапасы оның педагогикалық тиімділігін төмендететін 
елеулі шектеу болуы мүмкін. Осылайша, қашықтықтан білім беру 
жүйесінде білім алушылармен жүргізілген сауалнамалардың бірінің 
деректері бойынша оларға интернетпен іркілістерді (53,2%) және 
дыбыс сапасын (20,6%) оқуға көп кедергі келтіреді.
5. Санитарлық-гигиеналық шектеулер кешені білім беру процесінде 
цифрлық технологиялар мен құралдардың денсаулыққа теріс әсерінің 
сипатын, адамның функционалдық және эмоциялық-психологиялық 
күйіне әсерін ескеруді талап етеді. Компьютермен шамадан тыс 
жұмыстың теріс нәтижелері қатарында көрудің төмендеуі, тез 
шаршаудың әртүрлі белгілері, неврологиялық симптомдардың пайда 
болуы және т.б. байқалады.
Іс-әрекетті жүзеге асыру процесін біз жоба шеңберінде уақыт бой-
ынша белгілі бір ретімен жүзеге асырылатын фазалар, сатылар және 
кезеңдер (іс-әрекетті ұйымдастырудың уақыттық құрылымы) іске асы-
рылатын продуктивтік іс-әрекеттің толық аяқталған циклы ретінде 
қарастыратын боламыз .
Әдіснаманы біз іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде 
қарастырамыз, сондықтан бірінші кезекте оның негізгі ұғымдарын 
анықтап алу қажет.
Іс-әрекет адамның қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесуі, 
оның барысында адам объектіге мақсатты түрде әсер ететін және 
осылайша өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын субъект ретінде 
айқындалады.
Бұл ретте субъект философияда пәндік-практикалық іс-әрекет 
пен танымның тасушысы ретінде объектіге бағытталған белсенділік 
көзі. Субъект диалектика тұрғысынан қарағанда ол адамзат жасаған 
мәдениет әлемімен – заттық-практикалық іс-әрекет құралдарымен, 
тіл формаларымен, логикалық категориялармен, эстетикалық, адам-


288
 
 

гершілік бағалау нормаларын меңгергендіктен, өзіне тән өзіндік 
санамен ерекшеленеді. Субъектінің белсенді іс-әрекеті объективті 
шындықтың қандай да бір фрагменті оның іс-әрекетінің объектісі 
ретінде әрекет ететін шарт болып табылады.
Философияда объектті субъектіге оның пәндік-практикалық және 
танымдық іс-әрекетінде қарсы тұратын нәрсе деп анықтайды. Объект 
объективті шындықпен бірдей емес, субъектімен өзара әрекеттестікте 
болатын оның бөлігі ретінде әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет