Цифровая дидактика indd


 Студенттердің өзіндік жұмыстарын



Pdf көрінісі
бет243/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

9.3 Студенттердің өзіндік жұмыстарын 
ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету
Іс жүзінде ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету 
жағдайында әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады, олардың бірі 
студенттердің өзіндік жұмысын оңтайландыру болып табылады. 
Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, бұл оларға уақыттарын өз бетінше 
тиімді жоспарлауға, белгіленген мақсатқа жету жолында тапсырма-
ларды орындау тәртібін дұрыс анықтауға, басымдықтарды дұрыс 
белгілеуге және өзін-өзі дамыту процестеріне жауапкершілікпен 
қарауға мүмкіндік береді. Осы контексте әр оқытушы өзі оқытатын 
пәнді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар педагогика, пси-
хология және тұлғааралық өзара әрекеттесу әдістемесін де білуі 
талап етіледі. Бұл ретте біз үшін педагогикалық пәндер бойынша 
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында қазіргі 
заманғы цифрлық технологиялардың әлеуетін қолдану өте орынды 
болып көрінеді.
Жоғары білімді цифрландырудың өзекті тенденциялары аясында 
студенттердің өзіндік жұмысын трансформациялау бірқатар шарт-
тар орындалған кезде ғана жүзеге асады. Яғни, олардың қатарына 
оқу процесіне қатысушылардың белгілі бір цифрлық сауаттылық 
деңгейінің болуы сияқты шарттарды жатқызуға болады. Қазіргі 
педагогикалық әдебиетте цифрлық сауаттылық ұғымы адамның 
цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларында сенімді, 
тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы мен қабілеті; қазіргі 
әлемде цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз 
және тиімді пайдалану өмір сүру үшін қажетті білім, білік және дағды 
жиынтығы; цифрлық ақпаратты іздеу, түсіну, бағалау, құру және 
бөлісу мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технология-
ларды пайдалану мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. 


420
 
 

Студенттердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру өзара бай-
ланысты аспектілерде жүреді, олардың қатарына университеттегі 
ақпараттық технологияларды оқып үйрену, сондай-ақ білім алу және 
қарым-қатынас жасау үшін компьютерлерді, интернетке қосылған 
телефондарды өз бетінше пайдалану жатады. Бұл оқу процесіне 
қатысушыларды виртуалды ортада өзара еркін іс-қимыл жасай алатын 
және өзінің оқу және кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды 
табысты қолдана білетін, сауатты және өз-өзіне сенімді пайдалану-
шыларды қалыптастыруы тиіс. Зерттеушілердің пайымдауы бойынша, 
«өздік жұмысты ұйымдастырудың оңтайлы формаларын таңдай оты-
рып, оқытушы студенттің максималды мотивациясын қамтамасыз 
етуге тырысуы керек, ол үшін әр студенттің жеке мүмкіндіктерін 
ескере отырып, тапсырманың көлемін дәл анықтап, оны жүзеге 
асырудың оңтайлы уақытын есептеу керек. Тапсырманың шама-
дан тыс көлемі және шамадан тыс жоғары талаптар оқу мотивация-
сын күрт төмендетеді». Сондықтан студенттердің өзіндік жұмысы 
аясында ұсынылатын тапсырмалардың құрылымын нақты анықтау 
қажет. Іс жүзінде студенттерге ұсынылатын тапсырмалар жиынтығын 
құрастырудағы оқытушының қызметі жүйелі болуы керек. Бұл 
дегеніміз қолданыста бар оқу материалдарын университеттің 
электрондық ақпараттық-білім беру ортасына жай көшіріп қана 
қоймай, оларға біршама түзетулердің қажеттілігін тудырады.
Бұл тәсілді жүзеге асыру бірқатар қағидаларды орындау бары-
сында, сонымен қатар, олардың саналы үйлесімі студенттердің тепе-
теңдігін және оқытушы тарапынан қажетті бақылауды қамтамасыз 
етуге мүмкіндік береді. Содан кейін талқылау нәтижелері сту-
денттерге ұсынылған материалдардың күшті және әлсіз жақтарын 
анықтау мақсатында талдануы мүмкін және алынған мәліметтер 
университеттің электрондық ақпараттық-білім беру ортасының 
мазмұнына қажетті түзетулер мен оңтайландыру енгізу үшін пай-
даланылды. Осыған байланысты, бүгінгі таңда жоғары білімді 
цифрландырудың өзекті үрдістеріне сәйкес студенттердің өзіндік 
жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін трансформациялау қажет.
Қазіргі уақытта оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологиялармен байланысты онлайн-өнімдер өзекті бола түсуде және 
бұрынғыдай пассивті емес, белсенді оқыту құралы болып табылады, 
осыған орай өзіндік артықшылықтары ретінде аудиториялық және 
қашықтықтан оқыту формаларын икемді түрде біріктіруге жағдай 


421
тудыра алатындығын тілге тиек етсек болады. Цифрлық оқу ресурста-
рын аудиториядан тыс жерлерде қолдану кез-келген жерде, кез-келген 
уақытта оқыту процесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Виртуалды 
онлайн – орта аудиториядағы оқытуды толықтырады, ал форс-мажор 
жағдайында, мысалға, біз қазір басымыздан кешіп жатқан жағдайда
жалғыз тиімді мүмкіндік болып саналады. Қазіргі уақытта, білім беру 
мазмұны жаңартылып, онлайн-өнімдерге көшу жүріп жатқан кезеңде, 
негізгі құзыреттілік ретінде өз бетінше білім алу дағдылары ерекше 
өзектілікке ие болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесі қабілеттіліктердің дағдарысын бастан 
кешуде. Оқыу процесінің студенттерді жаңа нәрсені үйренуге, өз 
білімі мен заман талаптарына сай нақты мақсат қоя білуге тәрбиелеуге, 
стандартты сұрақтарға стереотиптік модельдердегі қарапайым жауап-
тарды қолданудың орнына шығармашылық жауап табу үшін қиялын 
пайдалануға түрткі болуға ынталандыру деңгейі жеткіліксіз. Бұл 
тұрғыда болашақтың білім беру процесі тек білім беруден гөрі көп 
нәрсені ұсынуы керек. Біз білім беруді цифрландыру жағдайында 
университеттің оқу процесін ұйымдастырудың кейбір мүмкіндіктерін 
қарастыруға тырыстық. 
Студенттердің оқу-танымдық қызметін жандандырудың көптеген 
жолдары бар, олардың арасында өздік және ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын атап өту керек. Өздік «білім алу» – студенттердің өз 
білімдері үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, нақты мәселелерді 
шешу үшін өз білімдерін, біліктерін және дағдыларын қолдана ала-
тын зерттеушілер болу үшін өз бетінше білім алу қабілеті деп 
түсіндіріледі.
Өзіндік жұмыс – бұл студенттердің максималды белсенділікті, 
шығармашылықты, тәуелсіз пайымдауды, жеке бастамаларын көрсету 
өздері орындайтын іс-әрекеті. Алайда, бұл білім алушылар білім алу 
процесін өз бетінше басқара алады дегенді білдірмейді. 
Қазіргі адам барлық саладағы жаһандық өзгерістер дәуірінде 
өмір сүрде. «Білім – өмір бойына» ұраны «Өмір бойы білім алу» 
ұранының пайда болуымен мағынасын жоғалтты. Жеке тұлғаның өз 
маңыздылығын танытуынсыз қоғамның одан әрі дамуы мүмкін емес. 
Егер кез – келген адам барлық мүмкіндіктерін, өзін-өзі дамытудың 
құралдарын, жолдары мен әлеуетін барынша пайдаланса, өзінің 
маңыздылығын танытуы барынша ықтимал болады. Қазіргі білім 
қоғамы ғылыми ақпарат ағынының өсуімен сипатталады, оны өңдеу 
үшін ұтқырлық қажет, яғни қолда бар білім жүйесіне түзетулер 


422
 
 

енгізімен қатар ескірген білімді жаңаларымен алмастыру қажеттілігін 
туындатады. 
ӨЖ-ты ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды қолдану 
бірнеше бағытта жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Оқыту:
1.1. Толық мәтінді электрондық оқу ресурстарына қол жеткізу;
1.2. Электронды кітапхана жүйелері арқылы әдебиетке тапсырыс 
беру;
1.3. Электрондық оқу курстарын әзірлеу;
1.4. Интернеттен ақпарат іздеу (мақалалар, рефераттар);
1.5. Анықтамалық-ақпараттық деректер базасына қосу;
1.6. Электрондық оқулықтарды пайдалануды бақылау.
2. Кеңес:
2.1. Электрондық хабарландыру тақталарын пайдалану;
2.2. Топтық консультациялар өткізу (Chat);
2.3. Электрондық пошта арқылы жеке кеңес беру.
3. Бақылау:
3.1. Тесттер мен есептеу тапсырмаларын әзірлеу;
3.2. Студенттердің білімін автоматтандырылған бақылау;
3.3. Кәсіби бағытталған бағдарламаларды қолдану.
3.4. Қалдық білімді бағалаудың сыртқы жүйелерін пайдалану 
(i-exam, Фепо; аттестаттық тестілеу және т.б.).
Қашықтықтан оқыту әдістерін енгізу білім алушылардың өзіндік 
жұмысын ұйымдастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы 
жүйелерді пайдалануға көшу оқытушылардың оқу құралдарының 
электрондық нұсқаларын дайындауын талап етеді. Бұл жұмысты 
стандартты кеңсе бағдарламаларының көмегімен орындауға болады 
(мәтіндік процессорлар – MS Word, Word Prefect және т.б.; кестелік 
процессорлар – MS Excel, Works; графикалық пакеттер – Adobe 
PhotoShop, Corel Draw, Paint және т.б.). Оқу құралдары мен ғылыми 
жұмыстардың электрондық нұсқаларының болуы толық мәтінді басы-
лымдары бар электрондық кітапханалардың жұмысын ұйымдастыру 
кезінде міндетті шарт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет