Цифровая дидактика indd


 Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару



Pdf көрінісі
бет244/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

9.4 Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару
Цифрлық технологиялар мен ресурстардың рөлі оқыту мен сабақ 
беру процестерінің құндылығын жақсарту және арттыру болып 
табылады. Оқытушылар мен студенттер оқыту мен оқу тәжірибесін 


423
жақсарту үшін көптеген ақпараттық технологияларға, цифрлық 
ресурстарға қол жеткізе алады. Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы соңғы уақытта жоғары 
білім беру саласындағы процестерді айтарлықтай өзгеріске ұшыратты, 
білім беру процесінің бағыты оқытушыдан студентке ауысты, 
оқытушы оқу процесінде басым рөлден бас тартып, студенттің өзін-
өзі дамыту процесінде тек тәлімгер және көмекші ретінде әрекет 
ету арқылы олардың дәстүрлі рөлдері өзгереді. Оқытудағы АКТ – 
ның рөлі көмекші құралдың рөлінен асып түсті. Оқу процесін циф-
рландыру білім беру мекемелерінің алдында тұрған жаңартылған 
мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Цифрландыру процестері 
білім беру процесінің субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды 
қамтамасыз ету үшін жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге әсер етеді, 
сондай-ақ білім беру мазмұнын түсінуді өзгертеді, осылайша білім 
беру тәсілінен құзыреттілікке көшуді жүзеге асырады. 
Білім алудың өзіндік формасы студенттердің шығармашылық 
белсенділігінің негізгі шарты болып табылады. Кейбір зерттеушілер 
атап өткендей, проблемалық жағдай түғызу өзіндік білім алуға 
қызығушылықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, яғни, 
жаңа білім алуға немесе жаңа жағдайларда бар білімді қолдану 
қажеттілігіне сендіретін қиындықтармен соқтығысады, нәтижесінде 
шынайы қызығушылық тек белгілі бір қиындыққа ие жұмыс арқылы 
туындауы деген түсінікті растайды. 
Жеңіл материал қызығушылық тудырмайды, өйткені ол ақыл-ой 
жүктемесін қажет етпейді. Тапсырмалардың проблемалық сипаты 
білім алушыларда шешімін іздеу барысында шығармашылық тұрғыдан 
талдау дағдыларын дамытады, зияткерлік мүмкіндіктерін барынша 
ашады, сонымен қатар жеке тұлғаның өз біліміне деген сенімділік
қалаған нәрсеге қол жеткізуге деген ұмтылыс, өзіне деген талап 
сынды ерік – жігер қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ақпаратты 
өз бетінше іздеу студенттерге тақырыптық және маңызды сипатта-
малар туралы білімдерін тереңдетуге көмектеседі. О.А.Абдуллина өз 
зерттеулерінде өзіндік жұмыстың жетекші рөлін атап өтті. «Өінздік 
жұмыс студенттердің оқу-танымдық және оқу-практикалық қызметін 
ұйымдастыру нысаны және оны жандандыру құралы болып табы-
лады. Әрбір студенттің өзіндік жұмысы негізінде ғана теориялық 
білімді терең меңгеру қамтамасыз етіледі, оларды үнемі толықтыру 
және жаңарту қажеттілігін қалыптастырады, өз бетінше білім алудың 
ұтымды әдістері мен тәсілдерін меңгереді, педагогикалық ойлауды 


424
 
 

дамытады. Осылайша, өзіндік жұмыс үздіксіз білім алудың дайындық 
құралына айналады.
Біз студенттердің өзіндік жұмысын оқу материалын аудитория-
дан тыс пысықтауға бағытталған аудиториялық сабақтардың рөлін 
төмендетпейтін негізгі құрамдасы деп санаймыз. Мұнда өз жұмысын 
жоспарлау, мақсат қою мен оқытудың жақын және перспективалы 
міндеттерін айқындау дағдылары өзектілікке ие болады. Қазіргі 
жағдайда жоғары мектеп дидактикасы оқытудың кредиттік техноло-
гияларына IT-ресурстар мен онлайн-өнімдерді белсенді қолдана оты-
рып бағдарлануда, ал бұл қоғамды цифрландыру жағдайында ерекше 
өзектілікке ие. Бірқатар зерттеу нәтижелері АКТ-ның студенттердің 
өзіндік жұмысын жандандыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті, 
себебі, олар оқудың өзіндік бағытын оңай бағалауға және өлшеуге 
мүмкіндік береді, ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығын артты-
рып қана қоймай студенттердің бір-бірімен және оқытушымен өзара 
әрекеттесуіне жағдай жасайды.
Қазіргі заманауи жағдайда студенттер көптеген ақпаратты өңдеген 
кезде, жүйелік принципті сақтап, мазмұнын біртіндеп қиындата оты-
рып, өзіне ең қажет нәрсені іздеп таба білу қабілеті ерекше өзектілікке 
ие болуда. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау 
барысында студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, 
нәтижелерді сыни бағалау маңызды рөл атқарады. Цифрлық транс-
формация жағдайында өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде білім 
берудің жаңа парадигмасы білім алушылардың қабілеттерін дамыту, 
олардың зерттеу қабілеттерін жандандыру, өз бетінше оқу және ойлау 
дағдыларын, әлеуметтік қоғамда тиімді өзара әрекеттесу үшін қажетті 
өмірлік маңызы бар білім мен іргелі құзыреттерді меңгеру сияқты 
бағыттарға баса назар аударуды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет