Цифровая дидактика indd


 СӨЖ-ын ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелер



Pdf көрінісі
бет246/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
9.6 СӨЖ-ын ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибелер
Дамыған елдердің педагогикалық қоғамдастығы жаңа техникалық 
құралдарды мақсатты және жүйелі түрде енгізуді білім дағдарысынан 
шығудың мүмкіндігімен байланыстырады.
Соңғы электрондық құрылғылар оқудағы үлгермеушілік 
мәселелерін жоюға көмектеседі; оқытушылар мен білім алушылар 
арасында ынтымақтастық орнату, оқытуды саралау және даралау; 
оқытудың әдістері мен нысандарына түзетулер енгізу; білім берудегі 
шығындарды оңтайландыру.
Білім алушылардың заманауи ақпараттық технологиялармен 
жұмысы екі күрделі білім беру функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді: белгілі бір білім мен дағдыларды игеру, сонымен қатар әртүрлі 
пәндерді оқыту барысында ақпараттық – коммуникациялық техноло-
гияларды (ары қарай – АКТ) пайдалану.
Бірінші жағдайда информатика, электроника, компьютерде жұмыс 
істеу және т.б. курстары игеріледі. Екінші атқарылатын функция – оқу 
үдерісін жетілдірілуге өз үлнсін қосады. (жеке тапсырмалар, «элек-
тронды редактормен» жұмыс, көрнекі оқыту және т.б.). 
Батыс Еуропа мен АҚШ білім беру жүйелерін жаңа цифрлық 
технологиялармен толықтыруға басты итермелеуші себеп – оларды 
әлем елдерінде жоғары деңгейде қолданылу перспективасы. Үшінші 
мыңжылдықтың басында әлемнің жетекші елдерінің жұмыспен 
қамтылған халқының 60-70%-ы түрлі гаджеттерді пайдаланады.
Интернеттің планетарлық жүйесі білім беру саласындағы 
мүмкіндіктерді сапалы және өте тез өсуде. Бүгінгі таңда Интернет 
миллиондаған пайдаланушыларға оқу материалдарымен алмасумен 
ғана шектеліп қоймай, сапалы білім алуға да мүмкіндік береді.
Егер 10 жыл бұрын АКТ негізінен ақпарат алудың виртуалды алаңы 
рөлін атқарған болса, бүгінде бұл әлемге кеңінен тараған әлеуметтік 
желілер арқылы оқытушы мен студент арасында ғана емес, сонымен 
қатар студенттердің өз арасында да белсенді виртуалды байланыс 


427
орнатушы құралдар жиынтығы болып табылады. «Интернет саяхат-
шылары» өз елінің күнделікті қызу талқыланатын жағалықтарымен 
қоса әртүрлі халықтар мен өркениеттердің мәдениеті мен біліміне 
ыңғайлы ортада отырп – ақ саяхат жасай алады.
Шет елдердің білім беру жүйесіне енген ақпараттық – 
коммуникациялық технологиялар білім беру мен оқытудың бұрын-
соңды болмаған мол ақпаратқа толы білім қорын толықтыра отырып, 
жаңа білімді тез игеруге және тиімділігін арттыруға арналған.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану оқу процесінің 
стереотиптерін бұзады. Жаңа ақпараттық технологиялар біотіндеп оқу 
процесінің міндетті шартының біріне айналуда.
Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штаттары (әрі қарай – АҚШ) 
білім беру жүйелері цифрлық білім берудің қауіп – қатерлеріне қарсы 
тұра алуға ұмтылуда. Батыс Еуропаның білім беру жүйесі бірінші 
болып АҚШ – тың жаңа ақпараттық технологияларды игеруді жолға 
койды. Мұндай цифрлық технологияларды қолдануды жақтаушылар 
белгілі бір дидактикалық көзқарастарға сүйенеді.
Солардың бірі – бағдарламаланған оқыту идеясы. Оның 
авторларының бірі Б. Скиннер оқу процесін өте формалды және егжей-
тегжейлі объект ретінде қарастыруды ұсынады, және соған сәйкес 
алдын – ала ұсылынлған тізбекті орындау алгоритдерін құру қажет.
Американдық оқытушы Н. Кроудер бағдарламаланған оқытуды 
басқаша түсіндірді. Оның идеяларына сәйкес оқу материалын игерудің 
жалпы тәртібі ғана емес, сонымен қатар бағдарламаланатын оқытудың 
тармақталған алгоритмінің жеке оқыту бағдарламалары қажет. Ол 
ұсынған «TutorText» оқу кітабының серияларнһында білім алушылар-
мен қарым-қатынас жасаудың диалогтық әдістемесі ұсынылды. 
1960 жылы Кроудер «TutorText» кітабында тұжырымдалған иде-
яларды жүзеге асыратын «AutoTutor» атты компьютерлік оқыту 
бағдарламасын дайындады.
Ең жақсы компьютерлік оқу бағдарламалары білім алушы 
дұрыс емес жауап берген сәтте, автоматты түрде компьютермен 
түзетілетіндей етіп жасалады. Мысалы, мәтіндік редактор оқу 
пәндері немесе шет тілдері бойынша тапсырмаларды орындау кезінде 
жіберілген қателерді түзетуге көмектеседі.
Американдық білім беру жүйесінің «компьютерлік» ұрпағы өткен 
ғасырдың ортасында пайда болды. Бірқатар білім беру мекемелерінде 
оқу орталықтары жаңа ақпараттың техникалық құрылғылармен 
жабдықталды. АҚШ-тың жалпы білім беретін оқу орындары үшін 
тұтас компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған «АСЕ 


428
 
 

жобасы» әзірленді. Осы жоба бойынша студенттер телекоммуника-
ция жүйелерін меңгеріп, мәтіндік редакторды оқу бағдарламасының 
барлық бөлімдері бойынша сабақтарда қолдана алады, нәтижесінде 
түлектер қолданбалы бағдарламалар бойынша жұмыс істеу үшін 
жеткілікті дайындық алады деп жоспарланған болатын. 
Бүгінгі таңда американдық білім беру жүйесін компьютерлендіру 
жан-жақты сипатқа ие. Билік оқытушылар дербес компьютерлер-
мен ақысыз өамтамасыз етіп, олардың жаңа технологияларды жетік 
меңгеруіне жол ашады. Ал, жаңа технологияларды жетік білетін 
оқтушы мамандар студенттер үшін оқу процесінде білікті нұсқаушы 
бола алады. 
Білім беру мекемелері әртүрлі гаджеттермен, оқу бағдарлама-
ларының банктерімен кеңінен жабдықталған. Білім алушылар дербес 
ноутбуктерде өзіндік жұмыстарды орындай алады.
Оқу процесінде американдық университеттердің оқытушылары 
мен студенттері озық жаңа ақпараттық технологияларға жүгінеді, 
мысалы, ұялы байланыс, портативті компьютерлік кешендер, бейне-
конференциялар, Интернетті пайдалану.
Егер Карнеги – Меллон университетінің (Carnegie Mellon 
University) тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда бұл ЖОО-да жүйелі 
түрде Онлайн-курстар түріндегі «ашық оқыту» жүзеге асырылады
онда студенттер оқытушыларға компьютерде орындалған оқу тапсыр-
маларын жібереді, бейне презентацияларды дайындайды, көрсетеді.
Батыс Еуропаның оқу орындарында технотрондық революцияның 
жемісі болып табылатын ақпараттық технологияларды белсенді түсіну 
және дамыту идеялары алға қойылған. Мұнда жаңа техникамен 
және электрондық құралдарының көмегімен жабдықталған арнайы 
оқу аудиториялары, ұлттық оқыту орталықтары құрылуда. Батыс 
Еуропаның « Ұлттық Компьютерлік қоғам» атты арнайы комитеті оқу 
компьютерлерінің мүмкіндіктеріне толық зертеу жүргізіп, білім беру 
жүйесінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларды танымал 
ету мақсатын жүзеге асыруда. 
Стаффордшир университетіндегі (Ұлыбританиядағы Staffordshire 
University) компьютерлік мектеп (The School of Computing) білім 
берудегі жаңа технологиялардың болашағы мен қолданылуын зерт-
теумен айналысады. Бұл орталықтардың мамандары студенттердің 
шығармашылық ойларын ынталандыратын оқу компьютерлік 
бағдарламаларын жасайды.
Француз ғалымы Ф.Одуин (F.Audouin) «Кибернетикалық педаго-
гиканың» авторы мұғалімді машинамен алмастырудың және адам мен 


429
машинаның байланысының үйлесімді жұмыс атқаруын мүмкін емес 
деп тұжырымдайды. Соңғы ақпараттық технологиялар оқу уақытын 
үнемді жұмсауға, оқытушыға студенттер тобымен бір уақытта 
қарым-қатынас жасауға, студенттерге ақпарат ағынын «арнасында» 
еркін жүзе білуге, студенттер мен ақпарат көзі арасында «кері бай-
ланыс» орнатуға, өзіндік жұмыстардағы студенттің белсенділігі мен 
тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар Батыс Еуропа мен АҚШ-тың 
білім беру жүйелерінде алмастырылмайтындығын және оқу процесін 
модернизациялаудың, өзін-өзі тәрбиелеудің, ақпараттылықты арт-
тырудың кепілдігінің бірі бола отырып, білім берудің қарқындылығын 
жандандырудың қуатты тәсілі екендігін іс жүзінде дәлелдеді.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану оқу процесінің 
стереотиптерін бұзады. Оқытушы өз салсының білгір маманы 
моделін сақтап қана қоймай, заманауи ақпараттық технологиялармен 
де педогогикалық процесте еркін жұмыс жасап, студенттерге дұрыс 
бағыт – бағдар бере білуі қажет.
Сондықтан, белгілі бір педагогизацияға және осындай техно-
логиялардың оқу процесіне әсерінің өсуіне қарамастан, олар 
білім беру жүйесінде негізінен қызметтік және көмекші ретіндегі 
дидактикалық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, батыстағы 
оқу орындарында оқытудың негізгі технологиялары ретінде дәстүрлі 
оқыту формалары (сабақтар, дәрістер, семинарлар, студенттердің 
оқытушылармен тікелей байланысы) мен әдістері қолданыста қала 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет