Топтарды салыстыру. Шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыру дағдыларын жетілдіру.
2.Музыка
Халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдауға үйрету.
|
1. Көркем әдебиет
Әшекей бұйымдар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу.Балалардың әңгімелеу барысында сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.
2.Дене шынықтыру
Жай қарқында үздіксіз жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, орындықтың шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу. Допты екпінмен лақтыру және доп қимылының бағытын сақтап, көз мөлшерін дамыту.
3.Қоршаған ортамен таныстыру.
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық үлгіде дайындалған киімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы және онда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
|