1.Жаратылыстану
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Шығыс халықтарының Жаңа жылы екенін түсіндіру.Наурыз көже, ұлттық ойындар туралы айту
2.Музыка
Ұлттық музыкалық аспаптарында ойнай білуге үйрету. Әнді бірге бастап, бірге аяқтау біліктіліктерін жетілдіру. Музыкалық қабылдауды дамыту.
|
1.Сурет салу «Сырмақ»
2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
2.Дене шынықтыру
Жылдам жүгіруде денесін дұрыс ұстау: қимылдауға байланысты денені аздап еңкейту, иықтарын босаңдау ұстау, алға қарау, жүгіру мен жүруді кезектестіру. Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіру, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсу. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |