Циклограмма Қыркүйек айы. Өтпелі тақырып: «Мен кіммін және қандаймын»



бет78/83
Дата24.11.2023
өлшемі190,78 Kb.
#193268
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
циклограмма 21-22ж[1]печать

2.Сауат ашу негіздері
Тақырыбы:Ғ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:Ғ әрпімен таныстыру,сөздің басы мен ортасында келуін түсіндіру. 3.Музыка
Тақырыбы: Музыка тыңдау: «Қошақан»
Музыкалық-ырғақтық қимылдар) Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау. Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге үйрету.
4.Вариативтік компанент.Қызықты логика.
Тақырыбы:Үздік логиктар
Мақсаты:Геометриялық пішіндерді ажырата отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту,қызықты тапсырмаларға деген қызығушылықтарын арттыру

1.Дене шынықтыру
Тақырыбы: Волейболшының жаттығуы
Мақсаты: Жер бауырлап еңбектеуге, жетекшінің белгісі бойынша жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыруға, алға жүріп келе жатып бір-біріне доп лақтыруға жаттықтыру 2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Менің атам
Мақсаты:Жаңа сөздерді сөздік қорына қосу.Отбасы мүшелерін сыйлауға,тыңдауға үйрету.Әже,аталарға қамқорлық жасау.
3.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:5,6 сандары және цифрлары.
Мақсаты:5 және 6 сандарының құрылуымен және 5,6 цифрларымен таныстыру.
4.Сурет салу
Тақырыбы: Сәукелені әшекейлейміз (Акварель бояу) Мақсаты: Сәукеленің пішініне сәйкес ою-өрнек элементтерін дұрыс орналастыра білуге үйрету, сурет салу іс-әрекеті арқылы баскиімдерді әшекейлеу, ұлттық ерекшеліктерін ажырата білу.

1.Дене шынықтыру
Тақырыбы: Ойна,ойна доптан айырылып қалма Мақсаты: Гимнастикалық қабырғаның басына дейін бір әдіспен өрмелеу, одан келесі арқалыққа өтіп, төмен түсу жаттығуларын дұрыс жасай алуға бейімдеу. Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алуға жаттықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет