Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.
Ойын: «Қояндар секіреді»
Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын:«Қаздар мен бақташы»
Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.
Бақташы:Қаздар, қаздар!?
Қаздар: га,га,га
Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?
Қаздар: иә, иә, иә.
Бақташы: Ендеше ұшыңдар.
Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар
Жібермейді ол жолда
Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !
Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді.
Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет ойнағандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.