Циклограмма күні: 01. 10-05. 10 ІІ- кіші топ



бет1/28
Дата03.06.2022
өлшемі194,81 Kb.
#145851
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Циклограмма-КАЗ-2017




ЦИКЛОГРАММА
Күні: 01. 10-05. 10
ІІ- кіші топ
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым» Тақырыпша: «Ата-аналар еңбегі»



Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі 1

Сейсенбі 2

Сәрсенбі 3



Бейсенбі 4



Жұма 5






Балаларды қабылдау
Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )


Таңертеңгі гимнастика (5 мин)



7.00-8.00



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар.
( тақырыбы және мақсаты)

Құрылыс ойындары
«Үй жиһаздары»,
«Қуыршақтарға үй құрастырамыз».

Фотосуреттер қарастыру «Менің отбасым».
Фотосуретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.

Саусақ ойыны «Әжемнің ертегілері».
Отбасылық фотосуреттерді қарастыру. Туысқандары туралы әңгімелеп беру .



Үстел үсті ойыны – пазл:
«Үйшік құрастыр»
Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

8.20 8.55

Ойын- жаттығу Ақ қоян, Ақ қоян,
Орныңнан тұршы,
Беті- қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Ал енді бізді қушы!



Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

8.55 9.10

Балаларменұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

«Жануарлардың төлдерін тауып, оларды атап бер»



«Мен қайда және кім болып жұмыс істеймін»



«Менің отбасым» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру



Ана мен әжеге көмектесу туралы әңгімелесу



Сөздік ойын
«Қимылын
көрсет»



Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

9.10 10.30

1.Құрастыру
Тақырыбы: «Биік шарбақтар»
Мақсаты: Қарапайымқұрастыру дағдыларын қалыптастыра отырып, әртүрлі түстер мен пішіндерден шарбақ құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұсақ қол моторикаларын дамыту.
2. Сурет салу
Тақырыбы: «Жіп шумақтары»
Мақсаты: Дөңгелектердің суретін салуды үйрету, тоқыма өнері туралы түсінік беру.
Дидактикалық ойын: «Әжейге қалпақ тоқуға көмектесейік»



1. ҚМҰҚ
Тақырыбы:«Егістікте»
Мақсаты: Заттардың көлеміне байланысты (үлкен – кіші, көп – аз) математикалық ұғымдарын кеңейту. Бір затты екіншісіне беттестіру, жанына қойып тұстастыру арқылы салыстыруға үйрету.
Дидактикалықойын: «Анамыздыңсебетінтолтырайық»
2.Дене шынықтыру
Маман жоспары бойынша



1.Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қ.Күзембай «Осындай менің отбасым» өлеңі
Мақсаты: Шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету. Өз туыстарына деген адамгершілік қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Шығармаларды сахналауға қатысуға ықыластарын арттыру.
2.Дене шынықтыру
Маман жоспары бойынша
3.Мүсіндеу
Тақырыбы:«Бақшадағы өнімді жинау» (сәбізді жинау)
Мақсаты: домалақтау, сопақшалау, шымшу тәсілдері арқылы сәбіз мүсінін жасауды үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.



1.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ғажайып қап»
Мақсаты: Балаларға заттардың бірі адамдардың қолымен, бірі табиғаттың күшімен жасалғанын түсіндіру.Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Зерттеушілік мінез-құлық, қоршаған ортадағы заттарға күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Зерттеу жұмысын жүргізу
2.Музыка
Маман жоспары бойынша

1. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Аңсардың жанұясы»
(суретке қарап әңгімелеу)
Мақсаты: Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес шығармадағы кейіпкерлерді ойнағанда олардың мінездерін бере білуге үйрету.
Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта»
(Атамның ...тақиясы, қамшысы .
Әжемнің тәтті .... бауырсағы)
2. Дене шынықтыру
Маман жоспары бойынша

Серуен:



10.30-11.50

5Бақылау:Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін дұрыс сақтап жүруге үйрету.
Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту, су құю.
Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.
Жеке жұмыс: « Алтын күз» тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.
Қимылдық ойын: « Ақ қояным»
Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет