Дид-қ ойын:«Қауіпті және қауіпсіз заттар»
|
1. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Айсұлу адасып кетті»
(тілдің дыбысталу мәдениеті)
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляцияларын игеруді қамтамасыз ету. Сөздерге қызығушылықтарын арттыру, зейінін жетілдіру, сөздік қорын молайту.
Сюжетті-рөлді ойын: «Абай бол, балақай»
2. Дене шынықтыру
Маман жоспары бойынша
|
Серуен:
|
10.30-11.50
|
№7 Бақылау:Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.
Еңбек: «Таза алаң».
Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».
Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.
Е.Өтетілеуов. «Күшік».
Үреді үйшікте
Аулада күшіктер
Біреуі оның қап-қара,
Біреуі сары ала
Біреуі қардай ақ,
Біреуі сұр жолақ
Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:
Үреді абалап
Ойын: «Қасқыр мен қаздар».
Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.
Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».
Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.
Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи-тымпи»,- дейді.Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |