Циклограмма



бет6/20
Дата31.05.2020
өлшемі86,43 Kb.
#71864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Циклограмма-КАЗ-2017

3. Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Бүгін біз ойыншықтар тақырыбында

әңгімелеп жатырмыз .Ойыншықтарға арналған әнімізді еске түсірейікші?

Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ , бұйырсақ.

Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ұйықта десең ұйықтайды.

Аю:-Балалар ,мен енді қайтайын. Маған

сендердің сабақтарың ұнады. Сендерге көп рахмет!

Қорытындылау:

Балаларды мадақтау Жұлдызша арқылы

жақсы қатысқан балаларды бағалау.

 

 

 

 



 

Математика

Тақырыбы:Геомет  риялық пішіндер

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер

шеңбер жә не шаршымен таныс 

тыру,олардың пішінін қолмен ұстап 

көру арқылы зерттеу  ге үйрету.



 Бір – біріміздің

қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.

Еліміз аман болсын!

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!

Ұйымдастырушылық – ізденістік:

Топқа қонаққа көңілді «Текше» мен көңілді

домалақ «Шар» кіреді. Олар балалармен амандасып, олармен ойын ойнағысы

келетіндерін айтады.

Балалардан:

- Көңілді текшенің «.....» дене пішіні неге

ұқсайды?

- Оның түсі қандай?

 Текше төртбұрышты, бір орында тік тұрады, оны орнынан

қозғалтуға болады. Міне, былай, - деп текшелердің бірнешеуін бір – бірінің

үстіне қойып, мұнара жасауға болатынын айтады.

Қолмен ұстап

көрсету.

Билингвальды компонент: шар – шар, текше -

куб, доп – мяч.

- Ал, домалақ Шардың дене пішіндері неге

ұқсайды екен?

- Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.

Қане, ұстап

көрейікші.ол домалай ды.

- Сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.

- Мынау не?

- Пішіні қандай?

- Шардың түсі қандай?

Жеке балалардан топтың ішінде қандай заттар

домалақ шар мен текшеге ұқсайтынын сұрайды.

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сайгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын жаттығуы. Бұл тапсырмада

балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып, сурет бойынша сәйкестендіреді.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сабақты

қортындылау. Бағалау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет