Мектепке дейінгі ұйым
кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
|
09.30
10.50
9.55-10.10
|
Тіл дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар
Мақсаты:
Ойыншықтар
туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға ,
сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үй рету.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сұрақ-жауап:
-Балалар ,сендер ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Қандай ойыншықпен
ойнайсыңдар?
-Ойыншықты қалай ұстау
керек?
2.Негізгі бөлім.
Балалар ,бүгін біз
ойыншықтар тақырыбында сабақ өтеміз.
Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше
түрге бөлінеді: Жұмсақ,Қатты, Резиналы.Жұмсақ ойыншық-ұстағанда қолымызға жұмасқ тиетін ,сыртында жүндері бар
ойыншықтар.Мысалы:аю, қоян,түлкі,күшік. Қатты ойыншық- қолымызға қатты болып
тиетін .Мысалы: оған-көлік түрлері,машина, ұшақ,қайық т. б.Резиналы
ойыншықтар -созылмалы болады. Мысалы: қуыршақ, доп,тиін .
Сурет арқылы балаларға көрсету.
-Балалар ойыншықпен ойнаған жақсы. Бірақ ойыншықтың
зиянды жақтарын ұмытпағанымыз дұрыс. Зиянды жақтары : ауызға салмау,
телефонды құлаққа жақын ұстамау, ойыншық тапаншалар, электронды ойыншықтар,
шетелден әкелінетін ойыншықтармен аз ойнау т.б.
-Ойыншықтар туралы жаттаған тақпағымызды есімізге
түсірейік.
Ойыншықтар
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайсың
Келе ғой ,дос ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты
тап» ойынын ойнату.Шарты :
тығылған ойыншықты тауып, атын атап,түсін.үлкен,кішілігін, ажыратасыңдар
,қандай ойыншыққа жататынын айтасыңдар.
Мақсаты: Ойыншықты атау,ажырата
білу.
Машина
Үлкенмін ғой,міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
-Балалар ,сендер ойыншықтар туралы жұмбақтар
білесіңдер ме?
Асты ұйқыны білмейтін,
Жүгірмейтін жүрмейтін.
Мұндай бала көрсемші,
Жыламайтын, жүрмейтін.Бұл не? Қуыршақ.
Ұшып-қонып тынбайтын,
Қанша соқсаң, сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.Бұл не? Доп.
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырасың көк теңбіл,
Бұлтқада жетеді.Бұл не? Шар.
Ғажайып сәт.
-Балалар, бүгін бізге аю қонаққа
келіпті.Қанекей аюмен амандасайықшы?
-Сәлеметсің бе, аю!
-Балалар менің де сендермен бірге
болғым келеді,-дейді аю.
-Балалар, аюға арнап кім тақпақ айтып
береді?
Аю отыр партада.
Екі қолы қалтада .
Апай сабақ сұраса ,
Ұйықтап қапты масқара.
-Олай болса, бәріміз «Доптар» туралы
өлеңді жаттайық. Сонан соң ойнаймыз.
-Мына суреттерге қараңдар. Нені көріп
тұрсыңдар?
-Доптар, бала, қасында жазуы бар.Онда
допты, сөзді қосып оқиық. Мен сендерге көмектесейін.
Қызыл ,жасыл,көк ала доп,
Қызыл, жасыл және көк.
Ала шықтым аулаға,
Ойнайтұғын бала көп
Схемада суреттер салынған.
2-3 рет сурет бойынша тақпақты
қайталау.
|