Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Орман топырағын жақсарту жолдары



бет59/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
1.9.8 Орман топырағын жақсарту жолдары. Орманның топырақ құнарлылығына оң әсерi негiзiнен биологиялық айналымның сiңiмдiлiгi мен қарқындылығына негiзделген.

Дегенмен, ол орман топырағы құнарлылығын арттырудың басқа да арзан тәсiлдерiн қолдануды жоққа шығармайды. Олар:

1) ормандағы шiрiмеген қалдықтардың қалың қабаты бар кезде топырақты өңдеу;

2) топыраққа нитрифициялайтын бактериялар егу;

3) күлдi топырақты әктеу;

4) тым дымқыл топырақты құрғату;

5) ағаш және бұта түрлерін араластырып отырғызу;

6) мал жаю;

7) күтiп-баптау кесулерi;

8) кесілген орманды тазалау;

9) орман топырағын биологиялық және химиялық мелиорациялау.

Орман топырағын жақсартудың аса тиiмдiсi – кешендi әдiстерді қолдану болып табылады. Олар заттардың биологиялық айналымын қарқындатуға көмегiн тигiзедi.


Сұрақтар

1. Топырақтың орман тіршілігіндегі маңызы қандай?

2. Орманның өнімділігіне топырақтың механикалық құрамының әсері қандай (мысал келтіру керек) ?

3. Орманға макро-, мезо- және микро жер бедерінің әсері қандай?

4. Ағаш түрлерінің қажеттілігі мен талап етуі жайында түсініктердің айырмашылығы не?

5. Микроэлементтер дегеніміз не және олардың өсімдік тіршілігінде маңызы қандай?

6. Орманның топыраққа әсерінің ерекшеліктері қандай?

7. Орман қордасының түрлері, құрамы және маңызы қандай?

8. Топырақты жақсартатын және нашарлататын ағаш пен бұта түрлерін атаңыз, осылай жіктеудің шартты екендігін түсіндіріңіз.

9. Олиго-, мезо- және мегатрофқа қандай ағаш түрлері жатады?

10. Биологиялық айналым қарқындылығы мен сыйымдылығы туралы түсінік беріңіз.

11. Орман топырақтарын жақсарту жолдары атаңыз.


Тапсырмалар

Жыл бойы түскен өсімдік қалдықтары мен ондағы минералдық элементтердің пайыздық құрамы бойынша, жыл сайын қарағай орманынан топыраққа түсетін азот пен күл тәрізді элементтердің массасын есептеңіз. Қажетті мәліметтер 1.11- кестеде көрсетілген.


Кесте 1.11 - Қарағай орманындағы азот пен күл тәрізді элементтердің құрамы

Қалдық компоненттері


Масса, кг/га



Абсолютті құрғақ заттың пайызы

азот

күл тәрізді элементтер

Қабықты дің сүрегі

640

0,2

0,6

Бұтақтар, бұтақшалар, тамырлар

870

0,4

0,9

Жапырақтар

300

1,3

2,4

Қылқандар

1520

1,3

2,4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет