Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу сұлбалары



бет98/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

2.2.7 Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу сұлбалары. Олар екi түрге бөлiнедi: манипуляторлық машиналар (ЛП-17, ЛП-19) және рычагтық машиналар (ВМ-4М, ВММА). 2.7-суретте осы машиналар жұмыс iстейтiн негiзгi технологиялық сұлба көрсетiлген.

Кесу жұмысы таспаның ең шетiнен басталады, машина тасымалдау жолымен қозғала отырып, сол жағындағы ағаштарды құлатады.

Ағашты кесіп құлату-тасымалдау жұмысы режимінде машина текшенi терiп алған соң, оны тасымалдау жолына алып келедi. Текшенi бiрiнен соң бiрiн ала отырып, бiртiндеп жолға жақындайды.

Бiрiншi таспаны бiтiрiп, машина келесi таспаларды кесiп өңдейдi. Кесіп құлату-пакеттеу жұмысы режимінде машина ағаштарды әр өңдеу жолағында кесіп құлатады және оларды текшелерге жинайды. Текшелердi гидроманипуляторы бар трактормен немесе тiстеуiк қысқаштармен тасымалдайды. Бұтақтарды кесiп тастау үшiн ЛО-72 бұтақ кесу қондырғысын немесе ЛП-30Б бұтақ кесу машинасын пайдаланады.

Ағаштарды кесiп өңдеу жұмысын тасымалдау жолдарына параллель салынған таспалар арқылы да жүргiзедi. Бұл сұлба топырақ қабаты қатты алқа ағаштарда, әсiресе, қыс кезiнде тасымалдау жолдарын салу көп еңбектi қажет етпейтiн жерлерде қолданылады.

Кесiп өңдеу жұмысы жүрiп жатқанда және машиналар қашықтаған сайын, бульдозерлер және ағаш таситын машиналар арқылы бiрiншi тасымалдау жолына параллель және одан 40-50 метр аралықта кезектi жол тегiстеліп дайындалады.



Сурет 2.7 - Ағаш тасымалдау жолына перпендикуляр орналасқан

таспа түрінде, ағаш кесіп құлату-пакеттеу машиналарын

(ЛП-17, ЛР-49, ВМ-4М, ВМ-4А) қолданып кесу сұлбасы:

1 – кесіп құлату машинасы, 2 – ағаш текшелері (штабель).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет