Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Кесілетін орманды ЛП-19 машиналарымен кесiп өңдеу сұлбалары



бет97/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап

2.2.6 Кесілетін орманды ЛП-19 машиналарымен кесiп өңдеу сұлбалары. Бөлiнген учаскелердi (делянкаларды) ЛП-19 машиналарымен кесiп өңдеудiң бiрнеше сұлбасы бар. Кесілетін орманды машинаның ағаш тасымалдау жолдарына перпендикуляр жасалған жолақтармен немесе таспалармен кесiп өңдеу (2.2-сурет) кең тараған сұлба болып табылады.

Келесi сұлба – таспаларды тасымалдау жолына параллель салынған жүрiстермен кесiп өңдейдi. Алдыңғы сұлбадан айырмашылығы, мұнда бөлiнген учаскелердi игеру ең шетiнен басталады және таспаларды өңдей отырып, машина тасымалдау жолына жақындайды. Ағаш текшелері машина жүрiсiне 90 бұрыш бойынша түбiрiмен тасымалдау жолына қарай жиналады.

Кейбiр жағдайларда кесілетін орманды шеңбер таспалармен кесiп өңдеу сұлбасын қолдануға болады (2.3-сурет).

ЛП-19 ағаш кесіп құлату-пакеттеу машинасы орман өскiнінiң бір бөлiгiн сақтай отырып, кеспеағашты кесiп өңдеуi мүмкiн (2.4-сурет).

Таспалардың енін және олардың сүйретпеге параллель орналасуын, кесілген ағаштарды текшелеп жинауды қатаң сақтау арқылы өскіннің бір бөлігін аман алып қалуға болады. Мұндай жағдайда таспалар ағаш кесіп құлату-пакеттеу машинасының тасымалдау жүрісі бойынша жасалады, бірақ ағаш тасымалдау жолының саны 2 есеге артады (2.5; 2.6-сурет).

Таспалардың шеттеріне екі магистралды жол қолданып, ормандағы ағаштарды кесіп шығарғанда өскіндерді сақтап қалуға болады, бірақ тасымалдаудың ара қашықтығы ұзарады.






Сурет 2.2 – Ағаш тасымалдау жолына перпендикуляр орналасқан

таспа түрінде орман ағаштарын кесу сұлбасы:

а – ЛП-19 машинасымен кесу; б – ЛП-19, ЛТ-157, ЛО-72 машиналар

жүйесімен кесу; 1 – ЛП-19 кесіп құлату-пакеттеу машинасы,



2 – ЛТ-157 тасымалдау машинасы, 3 - 72 бұтақ кескіш машина.




Сурет 2.3 – Кесілетін орманды шеңбер

таспалармен кесiп өңдеу сұлбасы:

а – ЛП-19 машинасымен кесу;

б – ЛП-19, ЛТ-157 машиналар жүйесімен кесу.





Сурет 2.4 – Өскіннің бір бөлігін сақтай отырып, ЛП-19

машинасымен орман ағаштарын кесу сұлбасы:



1 – машинаның бос жүрісі, 2 – ағаш кесуді бастау.







Сурет 2.5 – Орман ағаштарын кесу: а – 2 ағаш тасымалдау

жолы арқылы ЛП-19 машинасымен кесу; б – ЛП-19, ЛТ-157 машиналар

жүйесімен кесу; 1 – кесілген ағаштар, 2 – кесіп құлату машинасы,

3 – ағаш сүйрейтін трактор.






Сурет 2.6 – Екі магистралды жол қолданып, орман ағаштарын кесу:

а – ЛП-19 машинасымен кесу; б – ЛП-19, ЛТ-157 машиналар жүйесімен кесу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет