2.2.9 Шартты жаппай кесу кезіндегi кеспеағаш жұмыстары технологиясы. Iрiктеп және бiртiндеп кесулердi жүргiзу жағдайлары бiршама өзгеше, сондықтан кесілетін орман ортасын сақтауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер мен машиналар пайдалану қажет.
Шартты жаппай кесулерде де өңдеу жұмыстары магистральдық және омарталық сүйретпелерден басталады. Iрiктеп және бiртiндеп кесулер кезiнде ағаштарды сүйретпе бағытымен құлатады, олардың ұштары тасымалдау жағына қаратылады.
Жекелеген жағдайларда, өскiн болмағанда ағаштар жуан түбiрімен алға қаратып тасымалдауға, ал ағаштарды тасымал бағытына ұштарымен қарама-қарсы кесіп құлатуға болады.
Кесілетін орманды бiрқалыпты сирете отырып, бiртiндеп кесулерде машиналар (ЛП-19, ЛТ-157, ТБ-1, ЛТ-154, ЛП-30 және т.б. машиналар жүйесi) арқылы жақсы шымдалған топырақта ағаш кесу жұмыстар технологиялық процесін қолдануға болады. Сонымен, бiртiндеп және iрiктеп кесу кезiнде орманшылық талаптары өте тиянақты орындалуы тиiс, мұнда, өскiннен басқа кесуге жатпайтын ағаштарды да сақтау қажет.
Бiрқалыпты сирету арқылы жүзеге асырылатын iрiктеп кесулерде кең алымды кесіп құлату-пакеттеу машиналары ЛП-19 пайдаланылады (2.9-сурет).
Мұндай технология кезiнде әр жұмыс амалында омарта ортасынан технологиялық дәлiз кесіліп дайындалады және бiр уақытта дәлiздiң екi жағынан белгiлi бір қарқынмен сүрекдiңдер сиретiледi. Мұнда кесілетін ағаштар, кеуде тұсы биiктiгiнде әр түрлi белгiлермен таңбаланады. Тасымалдауға гидроманипуляторы мен тiстеуiк қысқаштары бар тракторлар пайдаланылады.
Сурет 2.9 - ЛП-19 ағаш кесіп құлату машинасы мен манипуляторы бар
тракторларды қолданып, жаппай емес кесулердің технологиялық сұлбалары:
а – алғашқы сирету; б – екінші сирету; в – тазарту; 1 – ағаш кесіп құлату
машинасы; 2 - өсіп тұрған ағаш; 3 – ағаш түбірі;
4 – кесілген ағаштар; 5 – трактор; 6 - өскін.
Сұрақтар
1. Ағаш дайындау жұмыстары орманға қалай әсер етеді?
2. Ағаш кесу жұмыстарының қандай сұлбалары пайдаланылады?
3. Ағаш кесу жұмыстарына арналған машиналар жүйесі қалай жіктеледі?
4. Қазіргі уақытта қолданылатын машиналар жүйесін атап беріңіз.
5. Кесу омартасы мен таспа дегеніміз не?
6. Тік-таспа және көлденең-таспа тәсілдерінің айырмашылығы қандай?
7. Өскiнi бар кесілетін ормандарда ағаш кесу жұмыстарын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
8. Орман ағаштарын машина арқылы кесіп құлату кезіндегі ағаш кесу жұмыстарының технологиясы туралы айтып беріңіз.
9. Кесілетін орманды ЛП-19 машиналарымен кесiп өңдеудің қандай сұлбаларын білесіз?
10. Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу туралы айтып беріңіз.
11. Шартты жаппай кесу кезіндегi кеспеағаш жұмыстарының технологиясы қалай орындалады?
12. Ағаш кесу жұмыстарының сұлбалары туралы мәлімет беріңіз.
13. Бiртiндеп тұқымдық-кеспеағаштық кесудiң басты кемшіліктері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |