Отсыз тазалау тәсiлі iрiктеп, бiртiндеп, құрама кесулерде және кесілген орманның табиғи өсiп-өнуі ескерілген күтiп-баптау кесулерiнде тиiмдi және оған үш вариант кiредi:
1) кесілген орман аумағына кесу қалдықтарын бiркелкi шашып тастау;
2) кесу қалдықтарын технологиялық жаңқаға өңдеу немесе отын ретiнде пайдалану үшiн жинап қою;
3) шiру үшiн кесу қалдықтарын үйiндiлерге жинау.
Отты тазалау тәсілінде екi вариант қарастырылады: алдын-ала үйiндiге жиналған кесу қалдықтарын жағу және жаппай өртеу.
Ағашы кесiлген жерлердi жаппай өртеу тәсiлiнiң көптеген кемшiлiктерi бар, сондықтан оған кейiнгi уақытта тыйым салынған.
Үйiндiге жиналған кесу қалдықтарын жағу арқылы жасалатын тәсiл ағаш түрлерімен бәсекелес тірі жер жамылғысын жояды және топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерiне және микробиологиясына әсер етедi.
Топырақтың осы қасиеттерiне отты тазалаудың әсер ету дәрежесi жалын күшiне және жану ұзақтығына байланысты, әр түрлi топырақтарда бiрдей жалын мөлшерiнiң әсерi әрқилы болады.
Отты тазалау топырақтың химиялық құрамына және микробиологиясына әсерi топырақ негiздерi дәрежесiнiң төмендеуiне, сол арқылы кальций құрамының артуына және топырақ бактерияларының тiршiлiк қызметiнiң жандануына әкелiп соғады.
Кесу қалдықтарын жағуға қолайлы кезең – күз бен қыс айлары болып табылады. Келесi жылдың көктемiнде қысқы немесе күзгi кесулердiң қалдықтарын отты тазалау арқылы орманның табиғи жаңаруын тежейтiн өсімдіктерді жоюда жақсы нәтиже бередi.
Кесу қалдықтарын жаз кезінде жаққанда, өрттің қауіп-қатерін арттырады және жерге түскен тұқымдардың көп бөлігін жойып жібереді. Кесу қалдықтарын жағудың аса қауiпсiз уақыты қыс кезеңi болып табылады.
Ағаш қалдықтарының көп жиналуы және оларды үйiндiлерге жинап жағу көп еңбектi қажет ететiндiктен, кейде барлық қалдықтарды жаппай жағуға мәжбүр етедi. Бұл тәсiл кесілген орманда өскiндер бар кезде қолдануға тиiмсiз.
Достарыңызбен бөлісу: |