1.9 ОРМАН ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ
1.9.1 Топырақтың орман тiршiлiгiне маңызы. Топырақ – алты факторлар (климат, аналық тау жынысы, жер бедерi, өсiмдiктер мен жануарлар, топырақтың түзілу уақыты мен адамның шаруашылық қызметi) әсерiнен жер қыртысының жоғары қабатынан құралған табиғи дене.
Топырақ орман тiршiлiгiндегi жетекшi факторлардың бiрi болып табылады және ол барлық сүрекдiңдердiң өсу жылдамдығын, өнімділігін, сүрек өсiмi мен техникалық сапасын, ағаштар тамыр жүйесiнiң пішіні (формасы) мен зиянды факторларға қарсы орманның тұрақтылық дәрежесiн (желмен зақымдану, ауа мен топырақтың температуралық ауытқулары, топырақтың артық ылғалдылығы, жануарлар, жәндiктер мен саңырауқұлақ ауруларынан бүлiну) көрсететін қасиеттерді анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |