2.2.5 Орман ағаштарын машина арқылы кесіп құлату кезiнде ағаш кесу жұмыстары технологиясы. Ағаштарды кесіп құлатуға, кесіп құлату-пакеттеуге және ағаштарды кесіп құлату-тасымалдауға арналған машиналардың жасалуы (ВМ-4, ВТМ-4А, ВТМ-4М, ЛП-2, ЛП-17, ЛП-19, ЛП-49) ағаш кесу жұмыстарының процестерiн механикаландыруға мүмкiндiк бередi.
Машиналарды тиiмдi пайдалану, көбiнесе, кесу жұмыстарын қалай ұйымдастыруға байланысты және ол мыналарға мүмкiндiк бередi:
1) қолданылып отырған жүйе барлық машиналар үшiн жұмыс ауқымын қамтамасыз етедi;
2) әр жүйе машинасы арқылы келесi машиналар жұмысы үшiн қолайлы жағдайлар жасайды;
3) ең аз қайта айналу бұрыштарын және машиналардың жүкпен, не жүксiз қозғалу аралықтарын сақтау;
4) орындалатын жұмыстар аралығындағы сүрек қоры үшiн жағдай жасау.
Кесілетін орманды машиналармен өңдеу тәсiлдерi олардың орман iшiнде қозғалу сипатын анықтайды, ал кеспеағаштарды кесiп өңдеу, әдетте, ағаш тасымалдау жолдарына параллель, перпендикуляр, 45-тай бұрышпен жасалған таспаларда және кесуге бөлiнген учаскелерде (делянка) жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |