Дайындаған : А. Манапова Көкшетау қаласы -2017жыл



бет17/40
Дата29.04.2022
өлшемі0,62 Mb.
#141425
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
ЛОГОПЕДКАЕ

Кімнің тісі таза?
Мақсаты: тілді жоғары көтеріп және тілді пайдалана білу икемділігін дағдыландыру.
Бейнелеуі: ауызды ашып тілдің ұшымен үстінгі тістерді ішкі жағынан «тазалау», тілді оңнан-солға солдан-оңға қарай қозғау.
Әдістемелік нұсқау:
Ерін күлімсіреп, астыңғы және үстінгі тістер көрініп тұрады.
Тілдің ұшын ауыздан шығармай, ішке қарай қайырмай үстінгі тістердің тұптеріне қарай ұстау керек.
Ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеу керек.
Сырлаушы.
Мақсаты: тілді жоғары көтеру қимылын және қозғалмалдылығын дағдыландыру.
Бейнелеуі: ауызды күлімсіреп ашып тілдің ұшымен таңдайды алдынан-артқа қарай жалап «сырлау».
Әдістемелік нұсқау:
Ерінмен ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай тұру керек.
Тілдің ұшыалдына қарай қозғалғанда үстінгі тістердің ішкі жағына тиіп, ауыздан шықпау керек.
Барабаншы.
Мақсаты: тіл ұшының бұлшық етін нығайту, тілді жоғары көтеріп және тілдің ұшын қатайтып үстау бейімділігін дағдыландыру.
Бейнелеуі: ауызды күлімсіреп ашып тілдің ұшымен үстінгі тістердің артын, д-д-д деген дыбысты қайта-қайта және анық айтып соғу. Ең алдымен Д дыбысын ақырын айтып, сонан соң екпінін жылдамдату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет