Мутацияға дейін кезеңінде дауыс аппаратының динамикалық дамуы байқалады. Бұл кезде дауыс шығару және дауысты өңдеу бөлігінің мүшелерінің көлемі ұлғая бастайды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дауысы өзіндік акустикалық параметрлерге ие болады («бала дауысы»). Дауыс шығару мүшелерінің анатомиялық жетілуімен қатар көмейдің рецепторлы аппаратының дамуы аяқталады, 12 жаста оның морфологиялық құрылуы мен орналасуы ересек адамның рецепторлы аппаратына сай болады. Бала дауысы бірте-бірте дамиды, оның диапазоны 11-12 нотаға дейін кеңиді. Келесі қиын-қыстау кезеңі - мутация кезеңі. Дауыс мутациясы (лат. т. mutatio — өзгеру, өзгерту) жас ерекшелігіне байланысты эндокринді өзгерістерінің салдарынан дауыс аппаратындағы өзгерістерінің нәтижесінде пайда болады. Бұндай өзгерістер физиологиялық деп есептеледі және жыныстық жетілу (13-15 жаста) кезінде байқалады.
Ер балалардың дауыс аппараты бұл кезде тез өскенімен, бір қалыпты өспейді, ал қыздарда баяу дамиды. Қыздарда 37 % мутацияның белгілері байқалады, бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды.
Жыныстық жетілу кезінде еркек және әйелдің көмейі анық ерекше өзгешеліктеріне ие болады. Мутация кезеңі жыныстық жетілу кезіне байланысты алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, солтүстік тұрғындарына қарағанда, оңтүстіктерде мутация ерте басталып, күшті түрде өтеді.
Мутацияның үш кезеңін ажыратады: алғашқы, негізгі, соңғы.
Алғашқы кезеңде дауыс перделерінің болымсыз қызаруы (гиперемиясы) байқалады. Негізгі кезеңде бүкіл көмейдің гиперемиясы, кейбір жағдайда дауыс перделерінің артқы үш бөлігінің тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді («мутациялық үшбұрыш») қабыспауы байқалады. Дауыс перделерінің синхрондық және асинхрондық тербелістері байқалады. Бұл көмейдің сыртқы және ішкі бұлшық ет қызметтерінің, тыныс алудың және дауыс шығаруының үйлесімінің бұзылуын көрсетеді.
Мутацияның соңғы кезеңі ересек адамның дауыс шығару механизмін бекітеді.
Мутациядан кейінгі кезеңге жетіліп болмаған дауыс аппаратының жарақаттанғыштығы, дауыс шаршағыштығы тән болады. Бұл кезең бірнеше айға созылады, осы кезде дауыс диапазоны кеңейіп, дауыстың жеке тембірі, күші, жоғарлығы анықталады. Логопед дауыс аппаратының құрылысы мен қызметін білуі тиіс, әр түрлі жастағы балалардың көмейінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Мутация кезінде дауыс тәртібін сақтау жеке орнатылады. Мүлдем үндемеу тәртібі тек көмейдің шырышты қабығының ісінуі кезінде ұсынылады. Мутация кезінде жасөспірімнің дауыс аппаратын сақтау қажет. Сөйлеу жүктемесі орташа, дауысына күш түсірмеу керек. Дауыс тәртібін сақтамаған жағдайда көмейдің ішкі бұлшық ет қызметінің тұрақты бұзылуы орын алуы мүмкін.
Семинар9 Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының тыртысусыз бүзылу түрлері, (брадилалия, тахилалия т.б.). Патогенетикалық механизмдері. Брадилалия мен тахилалияның симптоматикасы. Түтықпаның симптоматикасы. Брадилалия мен тахилалияны жою жолдардың комплекс әдістері. Брадилалияны және тахилалияны алдын алу.
Сөйлеудің жылдамдығының бұзылуына брадилалия мен тахилалия жатады. Сөйлеудің мұндай бұзылыстары әртүрлі деңгейде байқалады: жеңіл, орташа, ауыр. Ауыр түрінде қатынас процесі бұзылады. Себептері: психогендік, соматикалық, зиянды әдеттер.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының патологиялық баяулауы. Термин bradus- баяу, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Брадилалия өзіндік жеке бұзылыс ретінде сонымен қатар психикалық аурулардың кейбір түрінде байқалуы мүмкін. Брадилалияның белгілері (симптомдары) әртүрлі: ішкі және сыртқы (экспрессивтік) сөйлеудің баяулауы, оқу мен жазудың процестерінің баяулауы, дауысы бір қалыпты, сөздердің арасындағы үзілістердің (паузаның) баяулауы немесе ұзаруы, дыбыстарды созып айтуы. Балалар фразаны бөліп, буындағы дыбыстарды созып айтады. Мұнда сөйлеу айналасымен қатынасты қиындатады. Аталған белгілер сөйлеудің әр түрінде байқалады: диалогтік сурет бойынша әңгіме құрауда, мәтінді оқығанда, мазмұнын айтуда. Оқу кезіндегі мәтінді көріп қабылдауы сөйлеудің жылдамдығына әсерін тигізбейді. Балалар сөздерді дұрыс айтады, бірақ баяу, сөзді, фразаны да баяу жазады.
Брадилалияның сөзсіз белгілеріне тән: жалпы саусақтардың ұсақ моторикасының, беттің бұлшық еттерінің бұзылуы байқалады, қимылдары баяу, солғын, көлемі толық емес. Психикалық процестерінің ерекшеліктері байқалады: қабылдаудың, зейіннің ойлаудың баяулығы. Нұсқауды бірнеше рет қайталағаннан кейін орындайды. Персеверацияға бейімділігі бағдарлаудың жеткіліксіздігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |