Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Ағымдағы міндеттемелер аудитінің ақпарат көздері



бет34/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Ағымдағы міндеттемелер аудитінің ақпарат көздері.

2. «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1.

Ағымдағы міндеттемелердің есебін дұрыс жүргізілуін тексеру кезінде ең басты инвентаризациядан бастау керек.


Кредиторлық қарыздардың жағдайын тексеру кредиторлар мен есептесу шоттарын инвентаризациясын бастау қажет (мердігелер мен жеткізіп берушілер мен, жұмысшылармен, қызметкерлермен, бюджетпен есеп айыру). Аудитор және инвентаризациялық комиссия мүшелері кредиторлық қарыздардың пайда болу мерзімі мен оның реалдылығын анықтайды.
Жабдықтаушылар мен мердігерлердің есеп айрысуын тексеру барсында аудитор кредиторар мен өзара сәйкестендіру (инвентаризация) жүргізу керек.
Кредиторлар мен есептесу шоттарының инвентаризациясының нәтижесіне акт толтырылады. Бұл актіге құжаттама (справка) тіркеледі. Бұл құжаттамадан кредиторлардың мекен – жайы мен қарыз соммасы, оның есептелуінің себебі, қай уақыттан бастап, қандай құжаттардың негіздеу екені көрсетілуі тиіс.
Есепті жыл басындағы және соңындағы баланстағы кредиторлық қарыздардың жағдайы келесі статьялардың, қалдықтары бойынша анықталады: 1) Төленуге жататын шоттар мен вексельдер; 2) Алынған аванстар; 3) салықтар бойынша қарыздар; 4) Төленуге жататын дивиденттер; 5) Ішкі опарациялар бойынша қарыздар; 6) акционерлік қоғамның мүше тұлғаларына қарыздары; 7) Басқада кредиторлық қарыздар.
«Төленуге жататын вексельдер мен шоттар» статьясын тексеру кезінеде аудитор оның қалдықтарын 671 «Жабдықтаушылар мен мерігерлермен есеп айырысу» шотымен салыстыруы керек. Бұл ақпарат көзі жабдықталушылар мен мердігерлермен есеп айрысудың мазмұнын ашады.
а) алынған мсатериалдық құндылықтар мен ұзақ мерзімді активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер товарлы – материалдық құндылықтарды жеткізіп беру қайта өңдеу шығындарын қоса алғанда;
б) жабдықталушылар мен мердігерлермен келіп түскен товарлы материалдық запастар мен ұзақ мерзімді активтердің, жұмыстар мен қызметтері үшін құжаттардың болмауы біріші фактураланбаған жеткізіп берулері;
в) товарлы – материалдарды және ұзақ мерзімді активтерді қабылдаған кезде артық шығуы;
г) тасымалдауы бойынша қабылданған ¶ызметтер.
Жабдықтаушылар мердігерлермен есеп айырысудың аудитін жүргізген кезде ақпарат көздеріне келісімдер жатады:

  1. Тауарлы материалды құндылықтарды сатып алу кезінде құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру үшін келесі құжаттама - фактуралары, төлем құжаттары кіріс құжаттары және т.б.

  2. Таварлы материялды құндылықтарды жеткізіп берген кезде оның сапасмымен қанағатсыз болғандағы құжаттардың рәсімделуінің уақыттылығымсен толықтылығын және дұрыстылығын тексерудегі басты ақпарат: сәйкесінше құжаттармен қоса қанағаттсыз заявленелер (камерсиалық акт, теміржол стансияларының квитансиялары, салыстыру ведоместері) №8 журнал ордер, бас кітап және т.б.

  3. Кітап түскен құндылықтардың толық уақтылы кіріске алынуы, жұмыста мен көрсетілген қызметтердің есебінің дұрыстығын тексеру кезінде келесі құжаттар ақпарат көздері болып табылады: қабылдау актісі накладнойлар, шот – фактуралар төлем тапсырмалары, кіріс ордерлері, қойма есебінің карточкалары, материал есебі бойынша ведомость, № 6 журнал – ордер, бас кітап, баланс және т.б.

  4. Жабдықтаушылар және мердігерлер алдында қарыздарының дұрыстығы мен нақтылығы, заңдылығын тексеру кезінде келесі құжаттар ақпарат көздері болып есептеледі: келісім шарттар (сату – сатып алу, біріккен қызмет бойынша, опциондық, фьючерлік келісмдер, қызметтесі туралы және т.б.) проектті – сметалық құжаттама, атқарылған жұмыстардың актісі, шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, № 6 журнал – ордер, бас кітап, баланс және т.б.

  5. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен вексель бойынша есеп айырысуының дұрыстығы мен жабдықтаушылардан ҚҚС – ң дұрыс алынуын тексеру кезінде келесі құжаттар негіз болады: Вексель, кіріс және төлем құжаттары, № 6 журнал – ордер, салық шот – фактуралары, ҚҚС бойынша дикларациялар, №5 журнал – ордер, Бас кітап және т.б.

  6. Шоттар корреспонденциясыына дұрыстығын, синтетикалық және аналитикалық есептерінің сәйкестігін тексеру үшін келесі құжаттарды, мәліметтерді қолданылады: шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, № 6 журнал – ордер, бас кітап, баланс.

Шруашылық субъектінің персоналының еңбекақы бойынша есеп айырысуының аудиторлық тексеруі кезінде келесідей жұмыстар орындалады:

  1. Еңбек ақының әрекет етуші заңға сәйкестігін тексеру кезінде Қазақстан республикасының Еңбек туралы Заң Кодексі, т.б. нормативті – заңды актілер.

  2. Бастапқы құжаттардың дұрыстығы және олардың заң – нормативтеріне сәйкес еңбекақының дұрыс есептелуін тексеруде: жұмыс уақтысының уақыт табелі, еңбектің есеп парақтары, қосымша төлемдер мен басқада шегерулердің ведомостері пайдаланылады.

  3. Пенялардың дұрыс есептелуін тексеру үшін басшының бұйрығы, келісімдер, контрактілер, басшылар кеңесі, премиялау жүйесі туралы мәліметтер негіз болады.

  4. Қосымша еңбекақының есептелуінің дұрыстығын тексеру үшін депондалған еңбекақының ведомості.

  5. Еңбекақы бойынша шоттар корреспонденциясының дұрыс жүргізілуіне тексеру үшін, № 10 журнал – ордер, бас кітап қолданылады.

  6. Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетиканың есептерінің сәйкестігін тексеру кезінде бастапқы құжаттар, есепті – төлем ведомосттері, № 10 журнал – ордер, бас кітап, баланс негіз болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет