66. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үйдегі оқу жұмысы.
Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым берілген тапсырмада қызықты болуы шарт.
Берілген тапсырма ойын оятып, қабілетін дамытатын, талдап, жинақтап, салыстыруға берілетін болу қажет.
үй тапсырмасы табиғатқа тікелей бақылау жасау, суретке түсіру, картасын сызу, тәжірибе қою, табиғи заттардан коллекция жасау, табиғат материалдарынан түрлі заттар құрастыру;
Әдебиет пәні бойынша шығарма жазу, сурет салу, өлең құрастыру, сөзжұмбақтар құрау, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме, рөлдік ойындар;
Қазақ тілінен ертегілер, мәтіндер құрастыру, ребустар бойынша сөйлемдер құрастыру, дыбыс түрлерін ажыратуға тапсырмалар;
Үй тапсырмасын орындауға берілген тапсырмалар түрлендіріліп, ойластырылған болса, ол баланың кез- келген тапсырмаларды өз бетінше дербес орындауға құлшынысын, танымдық қабілетін дамытып, құзыреттілігін, өз бетінше біліп, тануға деген белсенділігін қалыптастырып, қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, ырықты зейін, рефлексия, құзіреттілік, өзін – өзі бақылау сияқты әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты басты – басты жаңа қабілеттер пайда болады.
67) Экскурсия- кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың бір формасы
Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Сонымен қатар шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады.
Тағы айта кететін болсам экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі болып табылады. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болған деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |