деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Балалар ұжымы және оның тәрбиелік мүмкіндіктері



бет50/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

82.Балалар ұжымы және оның тәрбиелік мүмкіндіктері
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек. Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек. Оқушы ұжымының дамуның үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады. Тәрбие тәжірибесі тек ұжымда ғана, мектеп оқушыларының бойында жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Педагогтың басты міндеті – ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.
Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру-педагогтың басты міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог кластағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықты қажет етеді. Бірақ әкімшілік билеп төстеуге жол беруге де болмайды. Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігін шебер бағыттап отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет