деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Экскурсия жұмысының мақсаты-оқушылардың сабақта теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру,бекіту



бет53/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

85.Экскурсия жұмысының мақсаты-оқушылардың сабақта теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру,бекіту.Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.Ол барлық оқу пәндерінде,әсіресе физика,химия,биология,тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.Экскурсия сабағын өткізу орнына:мектептің оқу алаңына,табиғат аясына,ауыл шаруашылығына,өндіріске,көрмелерге,музейге бару т.б. нысаналар жатады.Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру жұмысын талап етеді.Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге,өз түсініктерін кеңейтіп,білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді.Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап,оларға бақылау жасайды.Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді.Мақсатына қарай оның жоспары жасалады.Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:экскурсияның барысы,негізгі кезеңдері,басталу және аяқталу уақыты;маршруты,қамтитын нысанасы;экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.Жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
86. Еліміздің дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі білім беру саласына жаңа талаптар қойылып отыр. Бұл талаптарды жүзеге асыруда нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктерін үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті бар болашақ ұрпақтың қажеттігі белгілі. Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірде адамдардың өмірін, қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылдарынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, метро станциясы да, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігінде сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды жатқызамыз. Қазір бізге жеткен ұлттық ойынымыз: тоғызқұмалақ, асық т.б. Қазақтың көне жыр-дастарында ұлттық ойындар балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде ерекше орын алады деп айтуға болады.Халық ойының көп ойнаған, халық фольклорынан, рухани қазынамызбен сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны және сол ойындар арқылы өз халқының салт-дәстүріне, туған жерінің жағдайына, табиғат ерекшеліктеріне мән беріп өсері сөзсіз.Ұлттық ойындардың мазмұнына қарай математика, дүниетану, ана тілі, қазақ тілі пәндерінде қолданудың және білім берудің маңызы зор.Қазақ халқының толып жатқан әдет-ғұрыпқа, еңбек процесіне байланысты өткізілетін ойын-сауықтары мен мереке-тойларының ешбірі ұлт ойындарынсыз өтпеген. Демек, көшпелі өмір кешіп, мал баққан ата бабаларымыздың көзін ашқаннан көрген театры да өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары болғандығын есімізден шығармай келер ұрпаққа жарату біздің, яғни тәрбиеші мұғалімдердің міндеті, қоғам алдындағы борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет