«Мұғалім нені білу керек?» Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек ?» Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
Әр сабақты жоспарлау.
Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
Оқу модулын құрастыру.
Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?» Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жаңа технологиялар: Ойын технологиясы.
Проблемалы оқыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Деңгейлік саралау технологиясы.
Жекелеп оқыту технологиясы.
Оқытудың компьютерлік технологиясы.
Презентациялар технологиясы.
Кезеңдеп оқыту технологиясы.
Жеке пәндік педагогикалық технология.
Альтернативті технологиялар.
Өзіндік дамыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиялары
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары.
Модульдік оқыту технологиясы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Міндеттері: 1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу. 2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау... 3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген: