2) Демонстрацияда ой тұжырымға тән ережелердің бәрі сақталуы қажет. Олар сақталмағанда төмендегідей қателіктерге тап боламыз: а) терминдердің төртеуленуі; ә) асығыс қорытынды жасау, басқаша айтқанда, заттардың аз ғана бөлігіне байланысты айтылған ой тұжырымды сол заттар класының бәріне бірдей тарату; б) «Осыдан кейін, демек осының себебінен» - бұл қателік заттардың, құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын оның уақыттық реттілігімен шатастырудың әсерінен болады. Бұл қателіктердің қайнар көзі - соқыр сенімде немесе бірінің артынан бірі болған құбылыстарды біртектес заттардың байланыстылық себептерінен деп түсінуде жатыр. Мысалы: «Қара мысық жолды кесті – жамандыққа», «Жол жүрерде еденді сыпырма — жолда қиындықтарға кездесесің» 1) Демонстрация жүйелі болуы керек. Бұл ереже бұзылғанда «дәлелдеудегі секіріс» деп аталатын қателік туындайды. Бұл қателік ұсынылған тезисті дәлелдеу барысында оның кейбір құрамдас бөліктері түсіп қалған-да, не тезис пен аргументтердің бірі, не олардың байланыстары толық көрсетілмегенде кездеседі