Дәлелдеу және бекерлеу


Антитезистің жалғандығын негіздеудің жолдары



бет5/17
Дата16.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#143528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәлелдеу және бекерлеу. Дінмұхаммед
Байкенжин Жаза, мнг, тест менедж, a64a953a diab. komy, Фтиз рубеж новый.docx, ИСЛАМ АХЛАҚЫ, А~с~8

Антитезистің жалғандығын негіздеудің жолдары


Антитезистің жалғандығы екі жолмен негізделеді.
1) апагогикалық жанама дәлелдеу: тезистің өзі емес, оның антитезисі қарастырылады. Егер антитезис жалған болса, онда үшіншісі жоқ заңы бойынша тезис ақиқат болады. Бұл тәсілді кезінде элеаттар философиялық мектебінің корнекті өкілі Зенон өзінің аты шулы апорияларында қолданған болатын. Ал қазіргі кезде, бұл дәлелдеу әдісін математика тиімді пайдаланып жүр.
2) ажыратушы жанама дәлелдеу: бірнеше бірін-бірі жоққа шығаратын альтернативті пайымдаулар қалыптастырылады. Қажетті шешімнің бір варианты ретінде, тезис олардың арасында болуы керек.
Таңбалануы:
Не Т, не Т1 , не Т2 ... Тn — ақиқат
А... Тn-мен сыйыспайды
А ақиқат — Т1-мен Т2-мен сыйыспайды
Т ақиқат
Мүндағы А аргумент, Т1 Т2, Тп— альтернативті антитезистер. Т — дәлелденуге тиісті тезис. Оқылуы: егер аргумент тезистен басқа альтернативті пайымдаулардың ақиқаттығын жоққа шығара алса, онда қарама-қарсылық заңы бойынша, тезистің ақиқаттығы жанама дәлелденеді. Жанама дәлелденуге антитезистің болуы мүмкін еместігі негізделеді.
Мысалы:
Логикадан лекция 204-ші, не 304-ші, не 322-ші аудиториялардың бірінде болады.
Логикадан лекция 204 және 304-ші аудиторияларында болмайтын болды.
Демек, логикадан лекция 322-ші аудиторияда болады.
Бұл мысалда логикадан лекцияның 322-ші аудиторияда болатындығы, оған альтернативті 204 және 304-ші аудиторияларда лекцияның болатындығын жоққа шығару арқылы дәлелденіп отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет