Дәлелдеу және бекерлеу


Аргументке қойылатын талап



бет3/17
Дата16.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#143528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәлелдеу және бекерлеу. Дінмұхаммед
Байкенжин Жаза, мнг, тест менедж, a64a953a diab. komy, Фтиз рубеж новый.docx, ИСЛАМ АХЛАҚЫ, А~с~8

Аргументке қойылатын талап


Аргументке екі талап қойылады:
1) аргумент ретінде келтірілетін пайымдау міндетті түрде тезиске жеткілікті негіз болуы шарт;
2) аргумент ақиқаттығы дәлелденетін тезистен бөлек, дәлелденген пайымдау болуы керек
Аргумент ретінде гылымның негізгі ұғымдарының анықтамаларын, ғылыми зандылықтарын, аксиомаларын және бұрын дәлелденген ғылымның басқа пікірлері мен қорытындыларын келтіруге болады.
Кейде аргументтің рөлін жан-жақты тексерілген факгілер туралы пікірлер де атқарады. Мысалы, жалпы көпшілікке тән галлюцинация (елес көріну, елестетушілік) бар деген тезисті дәлелдеу үшін, кейбір психологтар мынандай фактілерді келтіреді. Өткен ғасырда франко-прусс соғысы кезінде Рейн провинциясының жүздеген шаруалары соғыс болып жатқан жерлердегі бұлтта Мадонна мен ағашқа керілген Христостың сүреттерін корген.
1885 ж. Италияда холера ауруы кең етек алады. Осындай қиын кезенде Неапольдың маңындағы кішкене ауылдың тұрғындары шағын шіркеу тұрған төбешікте адамдарды аурудан құтқаруды сұрап жалбарынып отырғанда, қара киген бір кісі құдайдың анасы Мадоннаның бейнесін көреді. Осы сияқты фактілер көпшіліктік галлюцинацияның бар екенін дәлелдейтін аргументтер деп есептелінеді.
Ақиқатқа апаратын негіз бен ой тұжырымның байланысын көрсету әртүрлі жолмен болуы мүмкін, мысалы, дедукция, индукция, традукция т.б. тәсілдерімен. Олардың қайсысының тиімді екендігін анықтау бір жағынан ғылымның деңгейіне, екінші жағынан ғалымның білім деңгейіне, талантына, қолында бар зерттеу құралдарына байланысты
Көп жағдайларда, ғылымның кейбір қорытындысын, теориясын дәлелдеу процесі ғалымдардан әртүрлі мерзімге (айларға, ондаған, жүздеген жылдарға) созылған зерттеу жұмысын талап етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет