Дәлірек түйіндесек, Қазақстандағы «кіші октябрь»


Рас, қазақ кедейі теңдікке жетті, жетілді. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бірақ екі зорлықтан әлі айырылған жоқ, жуықта арыла алмайды



бет4/5
Дата12.11.2016
өлшемі1,26 Mb.
#1570
1   2   3   4   5

Рас, қазақ кедейі теңдікке жетті, жетілді. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бірақ екі зорлықтан әлі айырылған жоқ, жуықта арыла алмайды – бірі: өз байынан көретін зорлық, бірі - жатынан көретін зорлық. Соңғыны айтайын десең, ұлтшыл болып шығасың, ендеше, байшыл боласың. Бастапқыға қанағат етуге болмайды. Қашаннан қалып қалған нәрсе, тұрмыс талқысымен болмаса, бұдан оңай шыға қоймайды. Шыға қойса, әлгі алты кедей неге сандалып қалды? Қағаз жүзі мен өмір жүзін айыру керек. Ғаббас, Әбдірахмандар қағаз жүзін алса, мен өмір жүзін алғым келді. Міне, менің пікірім осы.

Мен осы пікірімді газетке жазуға Смағұлдан рұқсат сұрап, толық хат жазып отырмын. Өріс берер, бермесін білмеймін. Ішімде қайнап жатқанша тым болмаса, сендей жолдасқа ағытайын деп жазып отырмын. Сен бұған өз пікіріңді жаз. Теріс, бұрысын көрсет! Бұл пікірімді Ғаббасқа да айт. Жөні келсе, керек жерін оқып жібер.

Ордадан хат-хабар алмаймын. Сенімен жазысып тұрайық. Сен не оқып жүрсің? Жақсы кітап болса маған жібер. Мұхтардың адресін білсең жазып жібер. Балалар аман. Тұрмыс сәл, жалақы –72 сом. Тезірек хат жазарсың.

Қош, сүйдім. Жүсіпбегің.

Адрес: Орынбор, Совет көшесі, дом 51. Астыңғы қатар. Маған. Орынбор , 2 январь”.
Арабша жазылған. Қара сиямен. Бұл адамға арнаған екінші хаты. “Кәкебай” дейді , бұл кім? Қошкеме, жоқ, басқа біреу ме?
«Жүсіпбек!

Көрмегелі көп айдың жүзі болды” дегендей бір-бірімізді көріспегелі көп уақыттар болып қалды-ау. Сенің биылғы жазған хатың маған кешігіп тиді. Сондықтан саған іле жаза қоймадым. Өйткені сенің адресің өзгерген шығар деп ойладым. Және де Ташкенге барған соң қапшықтың аузын бір-ақ шешіп, жаздайғы бастан кешкенді бір көйтермін-ау деуші едім.



Не керек, жолыға алмадық. Сені Қызылорда да кездестіремін деген оймен Қызылордаға соқтым. Мен келген күні таңертең Жақаңдыкіне барсам, Ж: “Жүсіпбекті шығарып жаңа ғана вокзалдан келдім”- деп отыр. Санды бір-ақ соқтым. Сені Ташкен мен Қызылорданың бірінде болар деп ойлап едім. Болмаған себебіңді Жақаңнан естідім. Ж. айтуынша, “Дәлелі- дәлел”- дейді. Және Женяның (жеңгенің) науқасы Т-т (Ташкент – авт.) әуесін жақтырмайтындығы екінші себеп болса керек еді. Қалайда Орынборда оқшауырақ тұрып қалдың, енді орнығып қалған шығарсың. Әйтсе де, сені Шымкентке шақыртуы күшті көрінеді (Шымкент педтехникумының бастығына жолығып едім), өзің ырза болсаң, олар тұрмыс жағынан мұңсыз қылар едік деп ынтық-ақ болып отыр. Әуесі жақсы жер, барсаң да теріс болмас еді. Әлі де кеш емес қой.

Енді әңгімені өз жағыма аударайын. Жаз ай жарым елде болдым, 2 ай шамасы Қызылжарда болдым. Көңіл- күй жақсы. Әзірше ойлаған нысанаға дәл тиіп келеді. Ана жағын айтам. Бізге қырын қарайтын (өсек айтпаса іші кебетін бір адамдардан келген хабар болса керек ) біреу, ол туралы саған теріс информация берген сықылды. “Онымен мен қосылыппын, ол менен өзгеріп қалса да, сырттағы бір күш еріксі...”- деген сықылды. Бұл сөздердің источнигі атақты қу атышулылардан шыққан көрінеді. Әминаның сіңілісін Байділдин алды. Ол тұқыммен біз ежелден дұрыс болмайтұғынбыз. Дұрысында бұрынғы күйімізден еш бір өзгеріс болған жоқ. Қайта одан көрі өмір қызығырақ болған сықылды. Бірақ саған ол күйді суретті түрде сездіруге қалам шабан ғой. Өзің ауызға салып жіберсең, “иә, солай”- дер едім. Қалайда, көңіл тынды. Ресми тұруды оның оқуын бітіруіне байлап қойдық. Ол жағынан қысқаша хал- жайымыз осы.

Мағжанға жолықтым. 15 күндей бірге болдық. Ол саған қатты разы. Жалғыз сын жазғандықтан емес, сенің соңғы жазғандарыңа қанағаттанды. Осы күнге шейін айызым қанған сәулетші қалам “Нұр күйі” болды. қызыққандықтан әлденеше оқыдым” – дейді. Ақынның мұнысы сен туралы ойлайтын менің ойларымды нық бекітті. Қуандым. Онымен түрлі мәселелер туралы көп кеңестім. Соны пікірлері бар, дүниеге көзқарасы нығайған сықылды. Мұхтар оған: “Түбінде жалғыздар тобы жасайды, біз жалғыздар тобының құрамасымыз” – деп жазады екен. Бұл пікірді Мағжан да қуаттайды. Екпіні күшті қалам, сиқырлы сөз, негізі берік пікір түбінде алып та, шалып та жығады – деп ақын шалқып-ақ жүрген көрінеді. Оның настроениесін көтеріп отырған Мәскеу. Мәскеуде әдебиет туралы пікір жарысы бар, майдан бар сықылды. Европа әдебиетшілерінің де соны пікірі жарыққа шығып қалатын шақтары болады –дейді. Марксшылдыққа қарсы пікірді қолдайтын әдебиетшілер де пікірлер ұсынатын сияқты. Тегінде бірезулік қылмай, ғылыми жетіп, сығалап жүріп таңдап ала алса, пікір, пікір тудыратын майдан ашылағандай. Қапелімшіл желөкпелер көп ағымның арасында кез-келгенінің біреуіне қақтығып, саломдай салмақпен біеуіне еріп жүре беретіндей сияқты. Біздің Қызылорданың ВАП-ы да сондай бір ағымға еріп бара жатқандай деседі. Түрлі әдебиет ағымдарымен таныстыру үшін олардың программаларының жинағы басылып шығыпты, Мағжан маған жібермек болды. Сен де сұрап алып таныс.

Мағжан саған жазудан қажитын емес дейді, өзің де енді шет тұрғаннан кейін жазудан тартынбассың. Мағжан, Әлекең (Әлихан Бөкейханов – авт.) “Восиздаттың” науч. сотрудниктері. Мүмкін бұлар арқылы жазуға кітапта аларсың. Мектеп балалары оқитын әдебиет кітаптарын қазақшаға аудару керек дейді, оларды осы күннен сұрауың керек сықылды.

Мұхтар: әдебиет соңынан жарық алып түстім. Оқимын - деп Ленинградқа кетіпті. Оның “Таңдағы” соңғы жазған әңгімелерін оқыған шығарсың. Мен анық байқай алмадым, әйтсе де, жақсы-ау! Мұхтар Мағжанмен жиі жазысып тұрған екен, пікірлерін оқыдым. Олардың енді бір ойы: сол ұйымдардың бір қазаққа қолайлы деген біреуіне қатынасып, қазақ әдебиетіне лайықты жол деген жолдарын ұсынбақ. Баяндамалар жасап, пікірлерін тыңдатпақ. Мағжан жаза бастапты. Мәскеуде бірнеше қырғыз, қазақ тілдерінде шыққан әдеби кітаптарға сын жазған екен, олар да басылыпты. Мағжан биыл бұл жағына күрделі кірісемін деп отыр.

Ташкенде тұрмыс жағынан биыл қыс ауырлық көрмеспіз. Қошке институтқа әдебиет сабағын беремін деп барып еді. “Жәшейке қабыл алмады ”- деп жүгермектер қабыл алмады. Қошке военный школға кірді. Мен орыншамын. Менің мұндағы қуанышым: педфак түзеліпті, программа жақсы. Әдебиет тарихы. Тәрбие жағы күшті. Әзірге оқу басталған жоқ.

Жалғызсырайтын емеспіз. Жолдастар бар. Әйтседе, сенің орының бөлек. Биылғы хатың мені көп желпілдірді. Жазып тұр. Не жазайын демессің. Өміріміздің қою-сұйығы , ащы-тұщысы бір-бірімізге мәлім шығар деп ойлаймын. Туғаныңды көргем жоқ, өлгеніңе жыламаймын - дейтін жеріміз жоқ. Достық пен махаббатқа сауда жоқ деген иман қайсымызда болса да бар. Достың таза сөзінен қымбат нәрсені мен өзім әзірге білмеймін. Жалғыз-ақ, шын достық санаулы екенін білемін. Бірақ достықты тар кезең, талма жер көрсететін көрінеді ғой.

Жап-жақын жайшылықта көп достарды,

Мен неге жамандықта сирек көрем -

дейтін ақынның сөзі сүзіліп өткен таза сөздің нақ өзі шығар деп ұғамын. Сенің жақсылығыңа - мерей өсіп қуана алмаған, жамандығыңа - жаны ашып күйзеле алмаған ерлігі жоқ ездердің не керегі бар.

Жарайды жазып тұр.

Жәнеге (Женя, Евгения - Жүсіпбектің әйелі - авт.) жақсылап сәлем айт. Бектұр, Мәруа, Жанақ жолдастарға сүйіп сәлем. Анық адресіңді жазып жібер. Абдолладан сәлем. Ғабдолла. 12/ІХ» .

Тергеу ісінің ҮІІ томының 117-бетінде «Қожа Мырзағазы» деген адамның хатының соңы сақталған. Әңгіме - Әубәкір Диваев туралы. Мырзағазы қожа дегеніміз – Мырзағазы Есполов болуы мүмкін. Қазақтың ақсақалдарының бірі Ә.Диваев туралы сөз қозғалып отырғандықтан да келтіре кетуді жөн көрдік:



« ... тәрбиелеуге болмайды.

Балалары Рысқыловқа арыз жазып берді. Арызын Рысқұлов сонда алып кетті. Барған соң партия арқылы өткізіп көрейін, жолдастардың күшімен деп. Осыны бірдеме қыларсың. Шалдың халі нашар.

Өздері 4 жан. Жалғыз ақша алатын шал. Оның алғанымен барлығы күн көре алатын емес. Балалары қызметте жоқ. Оның үстіне жақын арада жалдаған малай қыз дымын қалдырмай ұрлап кетіпті. Өте жүдеу, өлмешілік күні бар. Мұнда Ораз Жандосовтар сарттың жігіттеріне айтып көріп еді, болмады, әсіресе, Ирмаков.

Шал өзінің жайына байланысты жазбаған шығар сыпайылықпен, бірақ,тағы да айтамын, халдары нашар.

Қош. Мырзағазы. 15/Х- .

Жазылған айы мен күні белгілі, ал жылы қойылмаған. Әубәкір Диваевтің күтімсіз қалғаны, Ташкентте аса кедей өмір кешкені жөнінде де дерек бар. Кейін қазақ зиялылары қатты ат салысып, қаулы шығарып, кітабын бастырып, қаржылай көмек берген.


Түрмеде бір-біріне қағаз жолдаған. Онда қалай қазақты бір-біріне айдап салғанын, бірін-ұлтшыл, бірін – пәлен деп партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жиып алып айтады. Жасырын атпен жауаптасады.

Бұл 86-87 беттер, жұқа қағазға арабша жазылған. Кішкене-кішкене жыртынды. Арабшасы толық әрі асығыс оқылғандықтан, орысшасын алдым. Қужақ 1-бетте (86) хат). 87-бет жауапталу. Басы таспаға жазылған. Соңы былай: 85 бетте : көк сия қарындашпен:

«Заключенный Испулов М.И. ком №70 подал записку заключенному Булату М.Я.(Дулатов) 62 комн. Через окно во время прогулки с 62 комн. Проул 2-й корпус. Исева 29/ҮІІІ-29 г.»

6 томдағы түрмедегі записка 6т. 86 бет.

«Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой, сондықтан мүмкін болғанынша соларды бір ізге салған жөн. Бұрынғы айтылғандар, әлбетте, өзгерілмейді, қалады ғой. Менің айтқаным. Жаңа мәселелер қозғалуы тұсында. Ө (белгі қойылған – Т.Ж.) мұндай болатыны мына жауапқа барғандардан сұрағандарынан көрініп тұр ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейдінің кебі – әлбетте саңлақ төртеуімізге түседі. Бұл анық. Ғазыға айтқаныңнан қайт, тәубә қыл, қуақты тәуір көресің бе, оның жүргізіп жатқан саясаты д дұрыс па, жікке айтқан ұлтшылдық...

міне осындай, бұлардан басқа, да осы сенімді мәселелерді көтерулері мүмкін деп ойлаймын. Міне, осыларға қай тұрғыдан жауап береміз. Соған ақылдасуымыз тиіс. (Келесі басқа жазу жауап болуы мүмкін – Т.Ж.)

мен бұлай ойлаймын: Біз Кеңес жағындамыз. Қазақ үшін пайдалы жасауы керек. 0 . Өзіңе мәлім біз бәрімізде Кеңеске адал қызмет қылып келдік. Жасырын ісіміз еш болмаған. Бірақ бұл сөзде қазақтың бар мақсұты орындалды дей алмаймыз. Толып жатқан мақсұттар бар жүзеге шығаратын. Оның бер жағында Қужақ барғаннан бастап отыршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту керек. Қазақтың жерге орналасуының өзгермегені үстіндегі (алдағы-Т.Ж) 5 жылда 320 мың іштен түкті ауыздарды көшірмекші болып оытрағанын, қазаққа берілген жақсы жерге кеңес шаруаларын салып салып жатқандары, шаруа жүзінде қазақ малына тиісті қам қылмаулары, малдың (арабша) орындату не еш фабрика-заводтың жоқтығы, сауда-саттық жайында Казторг,Упсырзаг, госплан, склад... тар қазалстандық жойып, мұнда байлағаны. Мәдениет майданында шала етіп, жастардың елге аттанысы -елді кеңестен бездіретін талай болып жатқан жұмыстардың жайында басқару жөнінде қазақтың қолынан жұмыс келетіні аз. Азаматтары – бірі-ұлтшыл, бірі – пәлен деп, партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, қазақ атынан жұмыс жүргізіп жатқаны, мекемені қазақтандыру жөнінде орысты ақша шығарып оқытып жатқандығы... Тап күресі деп қазақтың қалтылдаған шаруасын күйзелтіп жатқанын – қысқасы отаршылдық саясаттың барлап жатқанын түгел айту. Міне біз бұған қарсымыз, риза емеспіз. Бұл ұлтшыл болғандықтан емес, лениннің ұлт саясатын дұрыс жүргізбегендіктен, декларация прав нарад ата орын берілген құқықтарды жүзеге асырмағандықтан. Бізді ұлтшыл деген жапқан жала, себепті, ұлтшылдықтың мағынасы: екінші ұлтты жұту, ойран қылу. Бұл бізде жоқ, болуы да мүмкін емес. Біз қазақ шаруа, мәдениет майданында басқа ұлттармен тең болуы керек дейміз. Ол ұлтшылдыққа жатпайды, мұны декларация правта кеңес өкіметі өзі беріп отыр. Өлгеніңді жасырарсың – көмгеніңді қайтерсің дегендей – бізге бұғуға болмайды. Бұл ірі орын -білсін біз айтпағанда кім айтады. Жығылсаң жардан – ажалың әлдеқайдан. Бұл жерге келген соң тәуекел. Санасуға тиісті, осыкүні өзінің қалы торға түскен торғайдай біздің жайымызды. Түрік газеттері жазыпты. Әке дегенмен жан қалмайды. Қорғанудың жөні жоқ. Көп болса қ-қ үшін құрбан болармыз – онда тарихи борышымды өтеген боламын... не жаныңдағылармен сөйлесіп жазып бер. Алдымен шығып терезеден бер, байқап бер, сақ бол. 15 маған жапқанды оқыдым депсің. Ол сөйлескен мен кездескен менің жауабым ба, сені кім, негеоқытты. Пәлен түгенді айттыңдар ма№ таран отрядын ұстап бердіңдер дегенге не деп жауап беремін. Мен «А.Оның» істегендеріне жауап беремін дедім. Мен басқа сұрағанға жауап бермедім, сен не дедің? (86- бет) Басқа қағаз.

- 13 күні мені сейсенбектермен кездестірді. Жауапта Сұрша мен уақытша орынбасар болып жүрген ұзын орыс болды. Сұраушы ұзын. Оқылың менің берген жауабымды көрген шығарсың: ол заманда істелген істерге жауапкермін, ойлаймын жолдастарымда бас тартпайды... деген. Осыдан басқа тоқсан түрлі сұрағына жауап бермедім. Ұзынның бір жауабына – мұндай ақымақ сұрауға берер жауабым жоқ дегенге ашуланып, мені қорқытпақшы болып сөз сөйлеп еді, мен қорықпаймын, мені қорқыта алмайсың деген соң қойды. Сонан кейін жанымдағы кісіні алып, бұл жаққа жүргенше жалғыз болдым.

Үйілдің 3 күнгі жауапта тағы да орынбасар сұрады. Арасында сейсектің айтқаны өтірік деп едім, ол (қағаз алып) қалмақ бет қазақтың берген жауабы, сен оны қорғаштайсың, ал ол сендерді аяған жоқ. Міржақыппен екеуіңді, пәленді, түгенді атты деп отыр деді. Қағазда екеуіміздің атымызды көрдім. Ол сенен Ордада Иманның баласын түгенді аттыңдарма, Атбасарға кеткен түкті ауыздар туралы сұрады ма, сұраса сен не дедің. Сейсен солар туралы сұрады ма, не дедің? Сейсектен кездесуді Селеумен екеуміз – бір жағынан Қоқан – лоқы, екінші жағынан – Кесірқараны ұйымнан айдау үшін істеген шығар деп жорыдық, бұл қалай? Нақ осы күні бізді Орда жұмысына айыптар ма? Мені шашпен кездестірмейді. Мұнысына түсінбеймін. Біздің ісіміз бі.. Оларды қалай ол жақта қалдырды. Бізді мұнда әкелді, бұл қалай? Артынан Елдес пен Шашты кездестім. Білдірмей кездестім.

Мұнда келгенде менің алынған нәрсеме және ақшама екі квитанция берген еді. Соны бүгін алып, нәрселерімді квитанциясын берді. Ақша жоқ. Ақшамды да берді деп үміттенгенмін... Өйткені мұнда келген соң екі рет арыз жазып едім. «Өткіз ақша керек» деп. Арыз бойынша мұнда салған шығар деп ойлап отырмын. Маған жазба, бермейді дейді мұндағы «білгіштер», мына бергеніне қарағанда бізге жалпақ жұрттан басқашарақ қарағандайма.

Хош десеміз

С.М.М-ды» - 84 бет

Бұл жұқа, жыртық қағаз

Өз қолдары – Орта тұсы -міржақып жазған

Екеу – Садвақасов Кемеңгеров – 1936 27

Тергеу ісінің ҮІІ томының соңына үкім тіркелген:


«ОГПУ (сот) коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгі кеңесінің хаттамасынан көшірме.

Тыңдалды: №78754 іс бойынша айыпталған: Байтұрсынов Ахмет пен Міржақып Дулатовты - ҚЕ 58/2,58/4,58/11,58/10 баптары бойынша,

Есполов Мырзағазыны - ҚЕ 58/2,58/10 баптары бойынша,

Ғаббасов Халильді - ҚЕ 58/2 бабы бойынша,

Әділев Дінмұхамед пен Аймауытов Жүсіпбекті - ҚЕ 58/2,58/8,58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Бірімжанов Ғазымбекті - ҚЕ 58/4,58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Юсупов Ахметсафаны - ҚЕ 58/1,58/13 және 58/10 баптары бойынша,

Болғамбаев Хайретдинді, Жұмабаев Мағжанды, Байтасов Абдолланы, Омаров Елдесті, Жәленов Кәрімді - ҚЕ 58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Битілеуов Дамолланы - ҚЕ 58/4 бабы бойынша,

Дулатов Асқарды...”- деп жиыны 42 адамды айыптан шыққан.
Біз өзіміздің мақсатты мүддемізге орай тікелей қатысы бар “Алаш” қайраткерлерінің ғана тізімін келтірдік. Өкініштісі сол, осы бір баптардың қойылуы барысында Жүсіпбек Аймауытовтың Дінше Әділевпен бір тізімге ілінгендігі. Тергеу ісінің ең түйіткілді “тұлғасы” Дінше Әділев болғандықтан да, бұл тұзақтан жазасыз құтылу мүмкін емес еді. Егерде, басқа тізімге іліккенде тым құрымағанда тағы да алты-жеті жылдай жарық дүниенің дәмін тату мүмкіндігі бар еді. Алла тағалам оған мұндай мүмкіндікті жазбапты.. Енді осы тергеу ісіндегі үштіктің сот үкімін толықтай келтіреміз. Әрине, кейбір адамдардың аты-жөні сіздерге бірінші рет кезігуі мүмкін. Оның басты себебі, біздің мұқым іс барысын толық келтіруге ешқанадй да мүмкіндігіміздің болмағандығынан еді.

«Қаулы еттік:

  1. Байтұрсынов Ахмет,

  2. Дулатов Міржақып,

  3. Есполов Мырзағазы,

  4. Ғаббасов Халиль,

  5. Әділев Дінмұхамед,

  6. Аймауытов Жүсіпбек,

  7. Бірімжанов Ғазымбек,

  8. Юсупов Ахмет-Сафа,

  9. Кеншімов Мәдібек,

  10. Тоқманбаев Бақай,

  11. Әбдікеев Бітімбай,

  12. Әбдікеев Питтибай,

  13. Байділдин Әбдірахман

А Т Ы Л С Ы Н.

  1. Битілеуов Дамолла,

  2. Дулатов Асқар,

  3. Бөлтіріков Оспан,

  4. Исмағамбетов Теміржан,

  5. Барлыбаев Жарахмет,

  6. Жұрқақов Құлахмет,

  7. Есполов Есенбай,

ең жоғарғы жазаға кесілсін де ол үкім он жыл концлагерьде отыру жазасымен айырбасталсын.

  1. Жұмабаев Мағжан,

  2. Омаров Елдес,

  3. Ұрзабеков Абдолла,

  4. Сәтбаев Ибрагим,

  5. .Әділев Асқар,

  6. Әділев Әбуәли,

  7. Әділев Әбубәкір

он жыл түрмеде отыруға кесілсін.

  1. Болғамбаев Хайретдин,

  2. Байтасов Абдолла

бес жыл түрмеге қамалсын, ол жаза ПП ОГПУ арқылы солтүстік аймаққа сол мерзімге жер аударылсын.

  1. Жәленов Кәрім,

  2. Кенжімбаев Дархан,

  3. Мұратов Төреқұл,

  4. Ибраев Акбар,

  5. Кәрібаев Нұрлан,

  6. Байдуллаев Ағабек

бес жыл түрмеге қамалсын. Ал төмендегі сотталғандардың:

Байтұрсынов Ахметтің, Дулатов Міржақыптың, Әділев Дінмұхамедтің (Мұқыш), Жұмабаев Мағжанның, Дулатов Асқардың, Бөлтіріков Оспанның, Исмағамбетов Теміржанның, Барлыбаев Жарахметтің, Есполов Есенбайдың, Мұратов Төреқұлдың, Кеншімов Мәдібектің

еңбек мөлшерінен артық мүліктері тәргіге түссін.

  1. Арғымбаев Мұхамедия,

  2. Алин Артықбай,

  3. Бектұрсынов Бажай,

  4. Майлиев Ерке,

  5. Тұрдыбеков Әбдірахман,

  6. Мұханов Кәкен,

  7. Ұлмұратов Тәжібай

үш жылға түрмеге (концлаерьге) қамалсын.

Іс архивке тапсырылсын.

ОГПУ-дің хатшысы- қолы.”
Осымен ОГПУ-дің тергеуі мен соты аяқталған. Алайда арада бір жыл өткен соң мынадай қосымша ұйғарым шыққан.
1931 жылы 8 қаңтар күні істі қайта қарау мәселесі тыңдалды, онда мынадай қаулы қабылданды.

ОГПУ коллегиясының 4/ІҮ-30 жылғы мына азаматтарға шығарған үкімі: Біірмжанов Ғазымбекке, Есполов Мырзағазыға, Дулатов Міржақыпқа, Байтұрсынов Ахметке

шығарылған үкім күшін жойсын”- делінген.

Бұл тізімге, өкінешке орай, Жүсіпбек марқұм ілінбей қалды.

ХАЛЕЛ ҒАББАСОВТЫҢ ХАТТАРЫ

7 том, 363-бет.

«Корпусоной жолдасқа!

Бұрынғы жатқан №72 камерада, Ақболат жолдаста менің ішкиімдерім (көйлек пен кальцон) қалып қойды. Жуғаннан кейін кептіріп қойғамын. Соны маған беріп жіберуіңізді өтінемін. №4 палатадағы сырқат - Ғаббасов. 3/ҮІІІ – 29 ж.».

Бутырь түрмесінің комендантына тұтқын Ғаббасовтан өтініш

Осы жылдың 28- қыркүйек күні 20 сомнан мөлшерінде менің атыма аударылған бланкінің түбіртегі маған почта арқылы берілді. Оның бір түбіртегі бойынша аударылған ақшаны алдым, ал екінші түбіртек бойынша жіберілген ақшаны алғамын жоқ. Сізден өтінішім, екінші түбіртек бойынша жіберілген 20 теңгенің берілмеуін немен түсіндіресіз, соның себебін түсіндіруіңізді сұраймын. Ғаббасов. 24/Х – 29 ж.».

6 томдағы түрмедегі записка 6т. 86 бет.

«Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой, сондықтан мүмкін болғанынша соларды бір ізге салған жөн ғой. Бұрынғы айтылғандар әлбетте өзгерілмейді қалады ғой. Менің айтқаным. Жаңа мәселелер қозғалуы тұсында. Ө (белгі қойылған Т.Ж.) мұндай болатыны мына жауапқа барғандардан сұрағандарынан көрініп тұр ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейдінің кебі – әлбетте саңлақ төртеуімізге түседі. Бұл анық. Ғазыға айтқаныңнан қайт, тәубә қыл, қуақты тәуір көресің бе, оның жүргізіп жатқан саясаты д дұрыс па, жікке айтқан ұлтшылдық...

міне осындай, бұлардан басқа, да осы сенімді мәселелерді көтерулері мүмкін деп ойлаймын. Міне, осыларға қай тұрғыдан жауап береміз. Соған ақылдасуымыз тиіс. (Келесі басқа жазу жауап болуы мүмкін – Т.Ж.)

мен бұлай ойлаймын: Біз Кеңес жағындамыз. Қазақ үшін пайдалы жасауы керек. 0 . Өзіңе мәлім біз бәрімізде Кеңеске адал қызмет қылып келдік. Жасырын ісіміз еш болмаған. Бірақ бұл сөзде қазақтың бар мақсұты орындалды дей алмаймыз. Толып жатқан мақсұттар бар жүзеге шығаратын. Оның бер жағында Қужақ барғаннан бастап отыршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту керек. Қазақтың жерге орналасуының өзгермегені үстіндегі (алдағы-Т.Ж) 5 жылда 320 мың іштен түкті ауыздарды көшірмекші болып оытрағанын, қазаққа берілген жақсы жерге кеңес шаруаларын салып салып жатқандары, шаруа жүзінде қазақ малына тиісті қам қылмаулары, малдың (арабша) орындату не еш фабрика-заводтың жоқтығы, сауда-саттық жайында Казторг,Упсырзаг, госплан, склад... тар қазалстандық жойып, мұнда байлағаны. Мәдениет майданында шала етіп, жастардың елге аттанысы -елді кеңестен бездіретін талай болып жатқан жұмыстардың жайында басқару жөнінде қазақтың қолынан жұмыс келетіні аз. Азаматтары – бірі-ұлтшыл, бірі – пәлен деп, партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, қазақ атынан жұмыс жүргізіп жатқаны, мекемені қазақтандыру жөнінде орысты ақша шығарып оқытып жатқандығы... Тап күресі деп қазақтың қалтылдаған шаруасын күйзелтіп жатқанын – қысқасы отаршылдық саясаттың барлап жатқанын түгел айту. Міне біз бұған қарсымыз, риза емеспіз. Бұл ұлтшыл болғандықтан емес, лениннің ұлт саясатын дұрыс жүргізбегендіктен, декларация прав нарад ата орын берілген құқықтарды жүзеге асырмағандықтан. Бізді ұлтшыл деген жапқан жала, себепті, ұлтшылдықтың мағынасы: екінші ұлтты жұту, ойран қылу. Бұл бізде жоқ, болуы да мүмкін емес. Біз қазақ шаруа, мәдениет майданында басқа ұлттармен тең болуы керек дейміз. Ол ұлтшылдыққа жатпайды, мұны декларация правта кеңес өкіметі өзі беріп отыр. Өлгеніңді жасырарсың – көмгеніңді қайтерсің дегендей – бізге бұғуға болмайды. Бұл ірі орын -білсін біз айтпағанда кім айтады. Жығылсаң жардан – ажалың әлдеқайдан. Бұл жерге келген соң тәуекел. Санасуға тиісті, осыкүні өзінің қалы торға түскен торғайдай біздің жайымызды. Түрік газеттері жазыпты. Әке дегенмен жан қалмайды. Қорғанудың жөні жоқ. Көп болса қ-қ үшін құрбан болармыз – онда тарихи борышымды өтеген боламын... не жаныңдағылармен сөйлесіп жазып бер. Алдымен шығып терезеден бер, байқап бер, сақ бол. 15 маған жапқанды оқыдым депсің. Ол сөйлескен мен кездескен менің жауабым ба, сені кім, негеоқытты. Пәлен түгенді айттыңдар ма№ таран отрядын ұстап бердіңдер дегенге не деп жауап беремін. Мен «А.Оның» істегендеріне жауап беремін дедім. Мен басқа сұрағанға жауап бермедім, сен не дедің? (86- бет) Басқа қағаз.

- 13 күні мені сейсенбектермен кездестірді. Жауапта Сұрша мен уақытша орынбасар болып жүрген ұзын орыс болды. Сұраушы ұзын. Оқылың менің берген жауабымды көрген шығарсың: ол заманда істелген істерге жауапкермін, ойлаймын жолдастарымда бас тартпайды... деген. Осыдан басқа тоқсан түрлі сұрағына жауап бермедім. Ұзынның бір жауабына – мұндай ақымақ сұрауға берер жауабым жоқ дегенге ашуланып, мені қорқытпақшы болып сөз сөйлеп еді, мен қорықпаймын, мені қорқыта алмайсың деген соң қойды. Сонан кейін жанымдағы кісіні алып, бұл жаққа жүргенше жалғыз болдым.

Үйілдің 3 күнгі жауапта тағы да орынбасар сұрады. Арасында сейсектің айтқаны өтірік деп едім, ол (қағаз алып) қалмақ бет қазақтың берген жауабы, сен оны қорғаштайсың, ал ол сендерді аяған жоқ. Міржақыппен екеуіңді, пәленді, түгенді атты деп отыр деді. Қағазда екеуіміздің атымызды көрдім. Ол сенен Ордада Иманның баласын түгенді аттыңдарма, Атбасарға кеткен түкті ауыздар туралы сұрады ма, сұраса сен не дедің. Сейсен солар туралы сұрады ма, не дедің? Сейсектен кездесуді Селеумен екеуміз – бір жағынан Қоқан – лоқы, екінші жағынан – Кесірқараны ұйымнан айдау үшін істеген шығар деп жорыдық, бұл қалай? Нақ осы күні бізді Орда жұмысына айыптар ма? Мені шашпен кездестірмейді. Мұнысына түсінбеймін. Біздің ісіміз бі.. Оларды қалай ол жақта қалдырды. Бізді мұнда әкелді, бұл қалай? Артынан Елдес пен Шашты кездестім. Білдірмей кездестім.

Мұнда келгенде менің алынған нәрсеме және ақшама екі квитанция берген еді. Соны бүгін алып, нәрселерімді квитанциясын берді. Ақша жоқ. Ақшамды да берді деп үміттенгенмін... Өйткені мұнда келген соң екі рет арыз жазып едім. «Өткіз ақша керек» деп. Арыз бойынша мұнда салған шығар деп ойлап отырмын. Маған жазба, бермейді дейді мұндағы «білгіштер», мына бергеніне қарағанда бізге жалпақ жұрттан басқашарақ қарағандайма.

Хош десеміз

С.М.М-ды» - 84 бет

Бұл жұқа, жыртық қағаз

Өз қолдары – Орта тұсы -міржақып жазған

Екеу – Садвақасов Кемеңгеров – 1936 27

Түрме блокнотынан аудармалар

10/ІҮ-26 жыл. Пішпек.

«Қазақ ұлт театры басшысы жолдаш Әділұлына жолдастық хат.

Біздің қырғыз облысында ұлт театры деген мәселе жаңа қозғалып тұрың. Ошу жаз айында курмакшымыз. Сіздерден бұл мәселенің орындалып жатқанына бірнеше жыл болды. Ошундуктан бул ішпе сіздерден ағайыншылық тардамын күтеміз. Әлбетте біздің ағайыншылық, жолдаштык сураобузға дездеп журіп жәрдам берешіз деп сенеміз.



  1. Туппаңыздың жобасы (положение)

  2. Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы

  3. Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)

Мына, жоғарғы сұруубозға, ағайыншылық, жолдаштық ретінде тезірек жауап қайтаруыңызды күтебуз.

Ағайыншылық, жолдоштық өтінішпен –



  1. Ағарту-саяси бөлімнің басқарушысы Үркіншіұлы

  2. Білім комиссиясы төрағасы – Тыныстанұлы»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет