15 мәтін Тұмау (грипп) ACOL тұмауға қарсы ерікті вакциналау бағдарламасы Тұмаудың қысқы кезеңде қарқынды түрде пайда болуына еш күмән жоқ шығар. Тұмаумен ауырған адамдар бірнеше апта бойы ауыруы мүмкін.
Вируспен күресудегі ең жақсы әдіс күшті және сау ағза болып табылады. Күнделікті жаттығулар мен құрамына жемістер мен көкөністер кіретін тамақтану иммундық жүйеге осы қауіпті вируспен күресуде көмек көрсету үшін ұсынылады.
ACOL біздердің арамызда осы зұлым вирустың таралуын болдырмау үшін персоналға қосымша тәсіл ретінде тұмауға қарсы вакциналау мүмкіндігі ұсынуды шешті. ACOL 17 мамыр күні жұмыс уақытында жарты күнге ACOL-да вакциналауды бақылау үшін медбикені шақырады. Бұл бағдарлама тегін және бүкіл персонал үшін қолжетімді.
Қатысу ерікті түрде. Осы нұсқаны таныған персонал олардың қандай да бір аллергиялары жоқ екендігін және оларда аздаған жанама әсерлер пайда болуы екенін түсінетіндігі туралы келісім формасын толтыруы тиіс болады.
Медициналық ұсыныс вакцинациялаудың тұмаумен ауырудың себебі болмайтындығын білдіреді. Алайда ол аздап шаршау, дененің аздап қызуы мен қолдардың әлсіреуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Вакциналаудан кім өтуі тиіс? Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.
Бұл вакциналау, әсіресе, 65 жастан асқан адамдар үшін ұсынылады. Алайда жасына қарамастан, созылмалы ауру сырқаттары, әсіресе жүрек-қан тамырлары, өкпе, бронхылары немесе сусамыр (диабеттік) бұзылулары бар КЕЗ КЕЛГЕН адамдарға да ұсынылады.
Кеңселік ортада БАРЛЫҚ персоналға тұмаумен ауру қаупі төнуі мүмкін.
Вакциналаудан кім өтпеуі тиіс? Жұмыртқаға аса сезгіштігі бар тұлғалар, қатты безгек ауруынан зардап шегетін тұлғалар және жүкті әйелдер.
Егер сіз қандай да бір медициналық препараттар қабылдап жүрсеңіз немесе сізде бұрынырақ тұмауға қарсы вакциналауға реакция болған жағдайда өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
Егер сіз вакциналаудан 17 мамыр күні өткіңіз келсе, бұл туралы кадрлар бөлімінің қызметкерлері Фиона Мак Свиниге, жұма 17 мамыр күні хабарлаңыз. Күні мен уақытты медбике жұмысының кестесіне, қатысушылар саны мен персоналдың көпшілігі үшін қолайлы уақытқа сәйкес белгіленетін болады. Егер сіз вакциналауды осы қысқы кезең үшін өткізгің келсе, бірақ белгіленген уақытта келе алмасаңыз, бұл туралы Фионаға хабарлауыңызды өтінеміз. Егер жеткілікті қатысушылар саны болса, қосымша емшара тағайындалуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Фионамен 5577 ішкі нөмір арқылы байланысыңыз.
Фиона Мак Свини – ACOL компаниясындағы кадрлар бөлімінің қызметкері. ACOL компаниясының персоналы үшін ақпараттық бюллетень дайындалады.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Тұмау (Грипп)» ақпараттық бюллетеньге қараңыздар.
ACOL тұмауға қарсы вакциналау бағдарламасының ерекшелігін келесілердің қайсысы сипаттайды?
А. Дене шынықтырумен айналысу жаттығулары бүкіл қысқы кезең бойы өткізілетін болады.
В. Вакциналау жұмыс уақытында өткізілетін болады.
С. Қатысушыларға аздаған бонус ұсынылатын болады.
Д. Вакциналауды дәрігер жүргізеді.