3,4 клеммаларын генератордың шығысына, ал 1,2 клеммаларын осциллографтың кірісіне қосқан кезде, осциллограф экранындағы сигнал генератордың сигналының жиілігіне тәуелсіз екенін байқауға болады. Енді 1,2 клеммаларын генератордың шығысына, ал 3,4 клеммаларын осциллографтың кірісіне қоссақ, осциллографтың экранындағы шығыс сигналының U3,4 амплитудасының кіріс сигналының U1,2 тұрақты амплитудасы кезіндегі генератордың ω жиілігінен тәуелділігін байқауға болады. Бұл U3,4(ω) тәуелділікті генератор жиіліктерінің барлық диапазондарында ептеп түсіріп алу керек. U3,4(ω) тәуелділік графигі 63 суретте көрсетілген түрде болады (1 қисығы). Бұл қисықтың екі өзіндік бөлігі бар:
|
Сурет 63
|
төмен жиілік облысында (конденсатордың реактивті кедергісі 1/Сω>>R болғанда) U3,4(ω) тәуелділігі сызықтыққа өте жақын, яғни
U3,4(ω)≈ U1,2ωСR
жоғары жиілік облысында (1/Сω<<R болғанда) U3,4(ω) тәуелділігі тұрақты шекке ұмтылады, яғни
U3,4(ω)≈ U1,2
R резистордың кедергісін анықтау үшін оған параллель (3,4 клеммаларына) r кедергісі белгілі резистор қосуға және U'3,4(ω) тәуелділікті қайта түсіріп алуға болады. 63 суретте бұл тәуелділік 2 қисығына сәйкес келеді. Төмен жиіліктер облысында
U'3,4(ω)≈ U1,2 ωС(Rr/R+r)
ω=0 кезінде U3,4(ω) және U'3,4(ω)-ге жанама сызықтардың көлбеу бұрышының тангенстер қатынасын қолданып, алтынымыз:
Бұл қатынастан R-ді есептеуге болады.
Конденсатордың С сыйымдылық шамасын анықтау мақсатында U3,4(ω) үшін U3,4(ω)/ U1,2 ≈ 0,7 В қатынасы орындалатын ω1 жиілікті таңдауға болады. Бұл жағдайда сыйымдылықтың реактивті кедергісі шамамен резистордың R кедергісіне тең болады. ω1 жиілігі үшін келесідей жазуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |