Мақсаты: шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру. Міндеттері:шаңғыны киюге және шешуге, дайындық жаттығуларын орындауға үйрету. Бір орында түрегеліп тұрып, қар лақтыру, бүгілген қолдарды екпінмен түзету арқылы қардың лақтыру күшін арттыру. Дұрыс жүру рефлексін қалыптастыру, дамыту.
Мақсаты: денешынықтыру сабақтары арқылы экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:бөренемен төрт аяқтап өрмелеген кезде аяқ пен қолдың жұмысын үйлестіруге үйрету, 2 метр қашықтықта тұрып, бір-біріне доп лақтырысу қабілетін жетілдіруді әрі қарай жалғастыру, доптың ұшу бағытын қадағалау, ұшып келе жатқан допты қолды бүгіп жеңіл қағып алу. Қозғалыс ырғағын, айқындылығын дамыту. Балалардың бойында экологиялық мәдениеттің, жануарлардың табиғат жағдайындағы тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыруға ықпал ету.