Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Ағаларымыз сияқты күшті болайық
Мақсаты: Доппен жаттығу жасау және еңбектеу арқылы салауатты өмір салтына машықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:гимнастикалық орындық бойымен етпетінен өрмелеуге үйрету.
Орындықтың екі шетінен ұстап, қолдарымызбен көмектесіп өрмелейміз. Допты бір-біріне лақтырып, қолдың басын еркін қимылдатып, бір мезгілде қос қолдап қағып алу қабілетін жетілдіру. Қолды иыққа қойып, аяқтың ұшымен жүруге, тепе-теңдікті сақтауға, сызықтан шығып кетпеуге жаттықтыру. Балалардың бойында салауатты өмір сүру дағдысының қалыптасуына ықпал ету, отбасына және жақындарына құрметпен қарауға үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды: гантельдермен (пластмасса конструктормен) жалпы дамытатын жаттығуларды, допты бір-бірінен басынан асырып лақтыру жаттығуларын орындайды, еңбектегенде орындықтың шетінен ұстайды. түсінеді: гантельдердің не үшін пайдаланылатынын, допты бастан асырып ұстау жолдарын, доп лақтыру үшін бір-бірімен жұптасып тұру керектігін.
қолданады: қос параллель сызықтың ортасымен жүргенде бағыт пен дене сымбатын сақтау, кеңістікте бағдарлау қабілетін.