Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты



бет58/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты
енгізілетін лауазымдар (мамандықтар)
657. Ұйымның жұмыс істеуінің және жұмыс көлемінің және қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты енгізілетін лауазымдар (мамандықтар) осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 11-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
19-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдары бухгалтерияларының
қызметкерлер құрамының штат нормативтері
658. Бухгалтердің лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді.
659. Бас бухгалтердің орынбасарының лауазымы 5-тен 10-ға дейінгі бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда - 1 лауазым; 11-ден астам бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда - 2 лауазым белгіленеді.
660. Есеп тобы жетекшісінің лауазымы бір немесе одан да көп функциялық топтарының әрбіріне 4-8 бухгалтер лауазымы біреуінің орнына тиіс болып белгіленеді. Көрсетілген лауазымдар жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыс қызмет көрсетілетін ұйымдардың 100 000-нан жоғары 1 ең төмен есеп көрсеткіш бухгалтерияларына бекітіледі.
661. Аға бухгалтерлердің лауазымдары бухгалтерлер лауазымдарының орнына енгізіледі. Аға бухгалтерлер лауазымдары саны штат бойынша бекітілген бухгалтерлер санынан 50% аспауы керек.
662. Тамақ өнімдерін калькуляциялау және есеп бойынша жұмыс істейтін бухгалтерлердің лауазымы (балалар үйлеріндегі) 300 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
663. Материалдық құндылықтардың есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді:
(балалар үйлеріндегі) 300 төсек;
стационарлары жоқ ұйымдарға 100 дәрігерлік лауазым.
664. Жұмыскерлер және қызметкерлермен есеп жүргізу жөніндегі бухгалтерлердің лауазымдары 200 жұмыскерге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
665. Қаржы есеп бойынша бухгалтерлердің лауазымдары 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстарына 1 лауазым есебінен белгіленеді. Қаржы есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы белгіленеді:
қазынашылық жүйе және мемлекеттік сатып алу арқылы кассалық операция жасау үшін 1 лауазым;
1 және 2-санаттағы қан орталықтарына қызмет көрсету үшін 1 лауазым;
медициналық жедел жәрдем көрсету қызмет көрсетілетін (бөлімшелерде) станцияларда жылына 100000-100000-нан астам шақыртулар үшін 1 лауазым.
666. Аға кассир лауазымы 500 қызметкерден астам және карта - есебі бойынша қызмет көрсетілмейтін ұйымдарда бір кассир лауазымының орнына 10 осы үлгілік штат бойынша тиісті болып белгіленеді.
667. Кассир лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді. Тікелей халықпен қаржы есебін жүргізген кезде қосымша кассир лауазымдары белгіленеді:
күніне өткізу қабілеттілігімен асүйлерде қызмет көрсету үшін:
2 мыңға дейін бір кісілік үлес мөлшер үшін - 0,5 лауазым;
2 мыңнан жоғары бір кісілік үлес мөлшер үшін - 1 лауазым;
ақылы донорлардан алынған дайындалған 2 мың литрден аз емес қан құю бөлімшесі бар болған жағдайда - 0,5 лауазым;
денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызмет көрсеткенде ауысымына 1 лауазым.
668. Қаржы жұмысы жөніндегі аға экономист лауазымы 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және экономисттің 2 лауазымы болған жағдайда белгіленеді;
669. Қаржы жұмысы жөніндегі экономисттің лауазымы белгіленеді:
60000-нан ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және 60000-нан жоғары ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар жағдайда 2 лауазым белгіленеді;
медициналық жедел жәрдем станцияларында жылына 100000 шақыртуға 1 лауазым;
сот-медициналық сараптама қызмет көрсету бюросындағы 60 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым.
670. бухгалтерлер саны 4-тен 6-ға дейін болса 0,5 машинист лауазымы, ал осы саннан асса 1 лауазым белгіленеді.
671. Бухгалтерияда шаруашылық қызмет көрсету (тазалау және жайды жөндеу аппараттар мен жабдықтарды ағымдағы қарау және т.б) жұмысын ұйымның қызметкерлері орындайды.
672. Штаттарды бекіткен жағдайда 0,5 лауазымынан кем лауазым белгіленбеуі тиіс. Лауазымдар есептегенде 0,25 дейінгі қорытынды сандар шегіндіріледі, 0,25 жоғары 0,75 дейін, 0,5 дейін жинақталынады және 0,75 жоғары - бірлікке дейін жинақталынады.
673. Лауазымдарды қолданыстағы үлгілік штаттармен көзделгеннен артық рұқсат берілмейді. Орган (ұйым) басшысы ведомостволық бағынысты бухгалтерияларда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен топ басшыларының бір лауазым есебінен бас бухгалтердің орынбасары ретінде үшінші лауазымын енгізе алады.
20-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдарының асүйлер мен асханалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет