ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет4/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#24177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Фосфатты пішіндеуші материалдар. Гипсті пішіндеуші массалардың отқа төзімділігі өте төмен. Сонымен бірге оларды тот баспайтын болатты және хром-кобальт құймасын құйғанда қолданбайды, яғни гипсті пішіндеуші, материалды балқу температурасы 1200-16000С-қа жететін құймаларда қолдануға болмайды. Гипсті отқа төзімділігінің төмен болуы, гипс 10000С температураның өзінде ақ, күкір және кальций тотығына бөлінеді. Бұл гипстің ыдыраған өнімдері құймаға әсер етіп, оның қасиетін және тотығуына тұрақтылығынжояды. Алтын құймалардың шөгуін шамамен 1,25% , ал гипстік пішіндеуші материалдың кеңеюі алатынқұйманың шөгу коэффициенті шамасында, яғни бұл материал құйманың шөгуінің орнын толық қалпына келтіре алады. Ал тот баспайтын болаттың шөгуі 2,7%, ал мұны гипсті мүсіндеуші масса толық қалпына келтіре алмайды, сондықтан бұл кездерде фосфатты пішіндеуші материалдарды қолдануымызға тура келеді. Бұл материал тот баспайтын, шөгу коэффициентіне сай, термиялық кеңейеді де, оның орны толық толтыратын, отқа төзімді материал. Бірақ фосфатты пішіндерде гигроскопиялық кеңею қасиеті жоқ, сондықтан балауызды мүсінді температураны біртіндеп көтеру арқылы жандырады. Ал егерде бұл жағдай сақталмаса, пішінінде жарықтар, көпіршектер, саңылаулар пайда болуы мүмкін. Фосфатты материалдың ішінде кең тараған түрлері мынадай: Вировест (қаттылығы 140Н/мм2) Вироплюс (қаттылығы 190 Н/мм2); бегостал (кеңеюі 2,45%).

Сондай-ақ, бағалы материалл құймаларына арналған Германияда шығарылатын Ауровест Совет, Дегувест Совет (кеңеюі – 2,15%) т.б. түрлері бар.



Силикатты пішіндеуші материал. Тістің техникалық тәжірбиесінде, балқу температурасы жоғары тот баспайтын болаттың қолдануына байланысты, жоғары беріктілікке және отқа төзімді силикатты пішіндеуші масса ендіріледі.

Пішіндеуші массада гипс және фосфатты байланыстырғыш заттардан басқа сұйық шынының гидролизі немесе кремнийдің органикалық қосылысы кезінде түзелетін кремний гелі де қолданылады. Бұл әлсіз, эфирлі, исі бар, ашық қоңыр түсті, мөлдір сұйықтық. Кремнийдің органикалық қосылыстарынан тэтраэтилсиликат қолданылады. Металл және құймаларды құю үшін қолданатын силикатты пішіндеуші массаларға мыналар жатады: Цитрин, Лютова, манукянның массалары.

Пішіндеуші массаның құрамына кварцтың ұсақ құмы, еленген шаң және темір тотығы кіреді.

Қолданылуы: доғалы протез немесе металл негізге арналған штампталған доға дайындау үшін және ірі штамптарды құю үшін қолданылады.

Манукянның пішіндеуші массасы. Оның құрамына 87% електелген құм, 5 % чесовяр балшығы 8 % просянь балшығы кіреді. Қолданылуы: балауыз бөлшектерді құюдан бұрын қаптау үшін, қаптағыш материал ретінде қолданылады.

«Формалит» пішіндеуші массаны тот баспайтын болаттан дайындалатын доғалы протез бөлшектері құю үшін қолданады. Ол екі қабаттан пішіндеуші массадан тұрады. Бірінші қабат балауыз пішінге отқа төзімді жамылғы жасап қаптайды, құрамына шаңдатылған кварц және техникалық этилсилан кіреді. Екінші қабат кюветаны толтыру үшін қолданылатыг масса – пішіндеуші құманн және жербалшықты цементтерн тұрады.

Алтын және платина құймаларынан дайындалатын протезді құюға арналған пішіндеуші массалар.

Аурит – ол кристоболит ұнтағының гипс және оның қосындыларынан тұратын қоспа. Алтыннан дайындалатын бөлшектерді құю үшін қолданылады. Термиялық кеңею коэффициенті кемінде – 0,8 %, қысқан кездегі қаттылығы 24 сағаттан соң – 20 кг/см.

Сиолит 1992ж. шыққан. Бұл пішіндеуші масса, алнбайтын протездерді құю үшін қоданылады. Ол ұнтақ және сұйықтық күйде болады.

Силаур – алтын құймалардан дайындалған протез бөлшектерін құю үшін қолданылады.



Отқа төзімді мүсіндер дайындау үшін қолданылатын массалар. Соңғы жылдары металл құймаларынан отқа төзімді мүсіндерді құю кеңінен қолдана бастады. Мұндай әдісті мөлшерлерді өте қатты дәлділікті талап ететін күрделі конструкцияларды құюда қолданылады. Отқа төзімді мүсіндерді 1400-17000С температура аралынғында ыстыққа тұрақты, беріктілігі жоғары Бюгельит, Силамин, Кристасил-2 сияқты отқа төзімді массалардан жасайды. Бұл массалардың күйдіру кезіндегі термиялық кеңеюі хромкобальт және тағы басқа құймалардың күйдіру кезіндегі шөгу көлемінің орнына толтыруға мүмкіндігі бар.

Ортопедиялық стоматологияда пластмассамен және керамикамен жабылған толық құймалы металл қаңқалы протез, доғалы протездер кеңінен қолданыла бастады. Осыған байланысты протездерді құю мақсатында қолданылатын отқа төзімді масса протездердің тіүріне байланысты әр түрлі болады.

Осы мақсатта шет елдерде Дегувест, Ауровест Хивест т.б. түрлері қолданылады.

Бюгелит – хромкобальт құймасынан доғалы протезді құйғанда, отқа төзімді мүсін алу үшін, және гипсті мүсіннен көшірме алу үшін қолданылатын бірнеше массалардан тұратын пішіндеуші материал.


Материалдың құрамы:

1.қалып бойынша мүсін алу үшін қолдаылатын бергілікті өте жоғары автоклавтанған гипс.

2.Біріншілік массаның кері пішіні алынатын көшірмелі масса Гелиннен тұрады.

Пішіндеуші масса – Силамин.

Оның құрамына отқа төзімді мүсіндерді бекітуші – бал ара балауызы кіреді.

Кристосил – 2 ұнтақтан толықтырғыш және фосфатты байланыстырушылардан тұратын отқа төзімді материал. Массаны сумен араластырғанда пластикалық түрге ауысып 5-7 минут ішінде қатая бастайды да 40-50 мин. соң толық қатаяды. Қатқан кездегі кеңеюі 0,4-0,5 % . Мүсіннің жалпы кеңеюі 1,2-1,5 %, 7000С дейін қыздырғанда 0,8-1% кеңейеді..

Бұлардан басқа германияның Бего фирмасы шығаратын бірнеше массалары бар. Вироплюс, Вировест мүсіннің көшірмесін құю үшін қолданылатын жинақтаушы масса.



Стоматологиялық цементтер. Стоматология өндірісі тәжірбиесінде цементтер ең көп қолданылатын материалдардың бірі болып саналады. Олар тұрақты пломбалар ретінде, тұрақты протездерді, салмаларды және ортодонтиялық аппараттарды бекіткенде кеңінен қолданылады.

Стоматологияда қолданылатын цементтердің артықшылықтарымен қатар көптеген кемшіліктері де бар. Мысалы; цементтер ауыз сұйықтығында ериді, физико-химиялық қөасиеті төмен, кіреуке мен дентинге жабысу қабілеті жоқ және т.б.

Цементтердің халықаралық жіктелуі мынадай:


    1. мырыш – фосфаты

    2. силикатты

    3. силико – фосфатты

    4. бактерицидті

    5. мырыш – эвгенолды

    6. поликарбоксилатты

    7. шыныиономерлі

    8. полимерлі

Бірақ ортопедиялық стоматологияда осы келтірілген цементтердің бәрі қолданыла бермейді. Көбінесе мырыш – фосфатты, поликарбоксилатты және шыныиономерлі түрлері жиі қолданылады.

Мырыш – фосфатты цемент. Бұл материалды тұрақты протездерді бекіту үшін және тіс өзектерін пломбылау үшін, сонымен қатар аралық төсем ретінде қолданылады. Бұл цемент ұнтақ және сұйықтықтан тұрады. Осы екеуін бір-бірімен араластырса ғана қолдануға жарамды болады.

Ұнтақ негізінен 75-90% -ға дейін мырыш тотығынан, 10%-ға дейін магний тотығынан тұрады. Цементтерді қасиетін жоғарлату үшін, кремнийдің екі тотығын және висмуттың үш тотығын қосады.

Фосфатты цементтің сұйықтығы құрамында мырыш, алюминий фосфаты, ортофосфор қышқылының судағы ертіндісі бар.

Цементтерді тегіс қалың тақташада металды шпательмен мынадай қатынаста: 1,8-2,2 ұнтаққа 0,5мл сұйықтық құйып араластырады. Бұлардың негізгі өкілдеріне фосфат-цемент, унифас-цемент, Чехияның Адгезорлы, цементтер жатады.

Поликарбоксилатты цементтер ұнтақ және сұйықтық күйінде шығарылады. Ұнтақ аз мөлшерде магний тотығы қосылған термохимиялық өңделген мырыш тотығынан тұрады.

Сұйықтық 32-42% полиакрил қышқылының судағы ертіндісі. Поликарбоксилатты цементтер кіреукемен, дентинмен химиялық әрекеттік тұрғыда байланысады және оның адам ағзасына тіс ұлпасына ешқандай да улы әсері жоқ. Салмаларды, өзектерді, тұрақты протездерді бекітуде және тіс жегілерді пломбылауға қолданылады.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)

  1. Пішіндеуші материалдардың түрлері.

  2. Гипсті материалдар, құрамы.

  3. Фосфатты материалдар, құрамы.

  4. Силикатты материалдар, құрамы.

12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. --------------------------------------------------8 мин.(6%)

1. Мүсін құюға арналған материалдар, негізгі қасиеттері, қолданылуы




Сабақ №5
1.Сабақтың тақырыбы: Мүсіндеуші материалдар туралы жалпы мағлұматтар. Оларға қойылатын талаптар. Жіктелуі, физикалық және механикалық қасиеттері.

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Мүсінге арналған материалдаың түрлері, қасиеттерімсен, талаптарымен танысу басты мақсат болып табылады.

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Протезді жақсылап мүсіндеу – сапалы протездің шығуына тәуелді болады. Талаптарды, жіктелулерді жақсы меңгеру.
5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



    1. Қалыптық материалдардың түрлері.

    2. Мүсінге арналған пішіндеуші материалдар.

    3. Гипсті материалдар, құрамы.

    4. Фосфатты материалдар, құрамы.

    5. Силикатты материалдар, құрамы.


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Қосалқы материалдар.

Дәнекер. Тіс протездерін дайындау кезінде көп жағдайда протездің металл бөлшектерін бір-бірімен жалғауға тура келеді. Осы процесті дәнекерлеу процесі десек, ондағы қолданылатын материалдарды дәнекерлер деп атайды.

Дәнекерлер жұмсақ және қатты түрлерге бөлінеді. Жұмсақ дәнекерлерге қалайлы және қорғасын құймалар жатады. Олардың балқу температурасы 180-2300С, мыс пен латунды дәнекерлеу үшін қолданылады. Қатты дәнекерлердің балқу температурасы 500-11000С шамасында. Алтын құймаларды дәнекерлеуге арналған дәнекерлерде алтын 40-80%-ға дейін, қалғаны күміс, мыс, кадмий және аз мөлшерде мырыш және қалайлы болады.

Күміс дәнекерді тот баспайтын болаттан дайындалған бөлшектерді бір-бірімен қосу үшін қолданылады. Құрамына күміс 10-80%, мыс 15-35%, мырыш 4-35%, кадмий, фосфор және басқа металдар қосады. Балқу температурасы 7000С –тан жоғары болмау керек, Хром-кобальт құймасы алтынның 750 сынамасымен жақсы тдәнекерленеді.

Бағалы металдарды дәнекерлегенде алтын және күміс дәнекерлерді қолдану жақсы нәтиже береді. Келесі құрамдағы флюсті қолдану қажет: натрий бораты - 55%, бор қышқылы - 35%, кремний тотығы -10%.

Тот баспайтын болатты дәнекерлегенде мынадай құрамдағы флюсті қолдану жақсы нәтиже береді: 50%, бор қышқылы, 50%-калий фторидй.

Жұқа бөліктен тұратын ажыратқыш материал пластмассаны полимерлеу кезінде ылғалдан сақтап тұру керек, яғни гипстік мүсінге мономер сіңіп кетпеуі керек. Егер мүсінге мономер сіңіп кететін болса, немесе керісінше, мүсіннен полимерленіп жатқан массаға ылғал сіңетін болса, онда базисте микросаңылаулар пайда болады және пластмассаның түсі ағарады. Сонымен қатар гипс пластмассаға жабысып, оның тазаруы қиындайды. Бір кездері ажыратқыш материал ретінде целлофан, фольга, лактар, желімдер қолданған.

Ажыратқыш материал ретінде қолданатын материал келесі талаптарға жауап беруі керек.

1.ажыратқы қабат полимерге инертті болып ылғалдың гипске сіңуіне кедергі келтіруі керек.

1.Қабаттың қалыңдығы 0,005 мм артық болмауы тиіс.

2.Престеу кезінде тұрақты болып полимерді боямай, түсін өзгертпеуі керек.

3.Базиспен, гипспен оңай ажырауы керек.

Мұндай материалдарға «Изокол-69», лак АЦ-1, силикодент және жапқыш лактар жатады. «Изокол-69» натрий альюминатының коллойдты ерітіндісі, жоғары ажыратқыш қасиетке ие. Гипсті пішінді ажырату үшін қолданылады.

Ажыратқыш лак АЦ-1 этролдың 6% ацетондағы ерітіндісі.

Түрпілік материалдар. Протездерді және аппараттарды дайындап болған соң, барлық бөліктерін жақсылап жонып жылтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір-бұдырлардан тазартып тексеру.

Тіс протездерінің конструкциясы қаншалықты дұрыс болғанмен, ол нашар

өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуін қиындатып, тамақ шайнауын ауырлатады. Жақсы өңделген протездер материалдардың беріктігін және тотығуға тұарқтылығын арттырады. Протезді өңдеу және жылтырату үшін, әртүрлі ұсақ түйіршікті материалдар қолданылады. Мұндай материалдар түрпілік материалдар деп аталады.

«Табиғи» түрпілік материалдарға ұсақталған материалдар жатады. Олар алмаз, корунд, наждак, гранит, пемза, бор және басқалар. «Жасанды» түрпілік материалдар өнеркәсіпте химиялық жолмен алынады. Ең көп қолданылатын жасанды корунд кейбір элементтердің көміртекті қосылыстары – кремнийдің, бордың, вольфрамның карбитеріжәне солардың нитраттары (мысалы – бордың кубтық нитраты).

Табиғи түрпілік материалдар. Алмаз – табиғатта кездесетін ең қатты материал. Ол көміртегінің бір түрі болып тұрып, одан крисатлдық торының ерекше орналасуы арқылы ажыратылады. Алмаз қаттылықтың этолоны болып табылады. Мосстың деңгей көрсеткіші бойынша, ең қатты материал -10.

Алмаздан жасалған пирамидалар мен конустар приборларда әр түрлі материалдардың қаттылығын анықтау үшін қолданылады. Алмаз түйіршңктерінен өңдегіш дөңгелектер, делегейлер жасайды. Стоматологияда алмаз түйіршіктерінен трістерді егейтін өңдегіш құралдар жасайды, олар тез желінбейтіндіктен ұзақ уақытша шыдайды, әрі тістерді егеуді жылдам, ірі таза өңдеуге қол жеткізеді.

Корунд – кристалдарының құамында 90% алюминий тотығы бар табиғи материал. Табиғатта таза күйінде өте сирек кездеседі. Ең жиі кездесетіні – темір және кремний тотықтарымен қосылыстарды. Корунд қаттылығы жағынан алмазға қарағанда төмен. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша 9-ға тең.

Наждактың құамында 97% корунд, темір қоспалары және басқа бірнеше материалдар бар. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша қаттылығы 7-8. Қаттылығының әртүрлі болуы үшін, оның құрамындағы қоспаларды 1-2% азайту қажет.

Ұсақталған наждак ұнтағын електен өткізіп, қағаз бетіне немесе металдар бетіне желім арқылы жапсырады. Оны пластмассадан жасаған тіс протездерінің ойық беттерін өңдегенде қолданылады.

Пемза – жанарту атылған кезде пайда болатын зат. Бұл тез қатқан газ тәріздес заттармен қаныққан лава. Пемзаның құрамы тұрақсыз. Оның негізгі компонентері кремнезем. Металл тотықтары оларыдың басқа құрамдық бөліктері болып, пемза әртүрлі түс береді. Пемза ішкі құрлысында қуыстары көп, қатты және морт сынғыш материал.



Жасанды түрпілік материаладар. Электрокорунд – кристалдарды алюминий тотығы. Өндірісіте құрамында 50% жер лай барбокситтен жасанды түрде алынады. Электр пешінде кокс пен бокситті балқытқанда негізгі массадан қоспалары ажыратылады. Электрокорундтың құрамында 85-тен 98% -ға дейін алюминий тотығы болады. Алюминий тотығының мөлшеріне байланысты электрокорунд үш түрге бөлінеді. Қалыпты электрокорундта 87% алюминий тотығы болады. Ол ақшыл, кейде қызғылтым. Қалыпты электрокорундқа қарағнда кескіш қасиеті 30-40% жоғары. Монокорунд берік және желінуге төзімді. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша электрокорундтың қаттылығы 9 шамасында.

Карборунд. Кремний көміртегінің қосылысынан тұрады. Карборундты элетр пештерінде негізінен кокспен кварц құмдарын 20000С температурада балқу арқылы алады. Көміртегі мен кремнийдің арасындағы химиялық қосылыс нәтижесінде карбиді алынады. Оның құрлысы кристалды. Моос көрсеткіші бойынша ол 9,5-9,75-ке тең. Таза кремний карбиді түссіз, бірақ техникалық карборундтың құрамында 3-тен 5% дейін түс беретін қоспалары болады.

Карборундтың екі түрі алынады. Қара карборундтың құрамында 95% SiC бар. Ол негізінен түсті металдардан, металл емес заттардан және т.б. беріктігі төмен заттардан жасалған бұйымдарды өңдеу үшін қолданылады. Жасыл карборундтың құрамында 97% SiC бар. Оның қаттылығы өте жоғары, сондықтан қатты балқығыш заттарды өңдеуге, аспаптарды қайрауға жарамды. Стоматологиялық егегіш аспап ретінде карборундтың екі түрі де қолданылады. Карборунд түйіршіктерінің өткір қырлары көп әр түрлі болағндықтан, оның кескі бөліктері де көп, бұл оның тиімділігінің көрсеткішін тантады. Кремний карбиді жоғарғы температурада тұрақты қалыпын сақтайды.

Бордың және вольфрамның карбиді. Бұл материалдардың қаттылығы алмаздың қаттылығына жақын. Техникалық бор карбидінің құрамында 85-тен 95% дейін таза кристалл бар. Бор карбиді өте қатты және морт сынғыш. Өндірісте қиын балқитын аспаптарды өңдеу үшін қолданылады.

Вольфрам карбиді ұсақ дисперстік күйде алмастың түйіршіктерімен бірге тіс бұрғыларын және егегіш аспаптарды жасау үшін қолданылдаы. Соңғы жылдары жаңадан синтетикалық түрпілік материал алынады. Ол кубтық бор нитратының бір түрі. Қаттылығы жағынан бірдей, бірақ жылу тұрақтылығы жоғары.

Түрпілік аспаптар дегеніміз белгілі бір өнімнің, протездердің пломбаның бетін механикалық тұрғыда өңдеуге арналған аспаптар.

Түрпілік аспаптарға – тегістегіш дөңгелектер, әртүрлі пішінді арнай стоматолгияық түрпілік аспаптар және т.б. жатады. Түрпілік аспаптың маңызды қасиеті – жартылай немес толық өздігінен қажалуы. Ал түрпілік материалдар былай сипатталады.

1.түрпілік материалдың тегіне байланысты: (Э-электрокорунд, Е-табиғи корунд, КҚ-карборунд қара, КЖ-карборунд жасыл);

2.дәндердің тізіміне қарай (10-нан 320-ға дейін ұнтақ, 28-ден 45-ке дейін микроұнтақ);

3.беріктілік тобына қарай (ӨЖ-өте жұмсақ, Ж-жұмсақ, ОЖ- орташа жұмсақ, О-орташа, ОҚ-орташа қатты, Қ-қатты, ӨҚ- өте қатты);

4.байланыстырғыш тегіне қарай (К – керамикалық, Б-бакелитті, В-вулканитті, С-силикатты).

5.Құрылысына қарай (О-ден 12-ге дейін).

Байланыстырғыш материалдарды түрпілік дәндерді цементтен керек мөлшердегі аспап алу үшін қолданылады. Олар органикалық емес және органикалық болып бөлінеді.

Өз кезегінде, органикалық емес байланыстырғыш материалдар керамикалық, силикатты, магнезитті, шыныцементті болып бөлінеді. Ал органикалық вулканитті, бакелитті, акрилді болып бөлінеді.

Керамикалық байланыстырушы материал. Бұл материалдың құрамына дала шпатының ақ саз балшықпен қоспасы, тальк және басқа кварц, бор кіреді. Бұл байлам отқа төзімді және жоғарғы механикалық беріктілікке ие.

Материалды әртүрлі тегістегіш аспаптар дайындаған кезде қолданыады. Бұл материалдың кемшілігі болып морт сынғыштығы және соққыға жоғарғы сезімталдығы саналады.

Бакелитті байланыстырушы материал. Бұл материалдарды бакелит негізінде және әр түрлі желімді композициялармен қосып дайындайды. Бұл материал серпімді, соққыға төзімді, беткейі тегіс. Материалды наждакты және шынылы қағаздар дайындағанда қолданылады. Кемшілігі: түрпілік дәнекербір-бірімен байланысуы төмен болып табылады. Вулканитті байланыстырғыш материалды каучукты күкіртпен қоспасы негізінде дәнекерленіп, олардың құрамына түрпілік ұнтақтарды қосып дайындайды. Бұл байлам жоғарғы тығыздылыққа және серпімділікке ие. Вулканитті байлам негізінде дайындалған аспап тегістегіш қызмет атқарып қана қоймай, жалтыртқыш қызмет те атқарады.

Жалтыртқыш материалдар. Жалтырату процесі дегеніміз материалдың бетін анадай жалтырату мақсатында өңдеу. Жалтырату процесінде протез бетіне жалтыр бет қана беріп қоймай, протез материалының жұқа бір қабатын алып тастайды. Оны жалтырату үшін арнайы жалтыртқыш аспаптар және жалтыратқыш соқпалар қолданылады. Бұл сықпалардың құрамына түрпілік және байланыстырғыш материалдар енеді.

Жалтыратқыш түрпілік материалдарға жататындар:


  1. Хром тотығы крокустан берік, оны іші тот баспайтын болаттан дайындалған өнімдерді өңдеуге қолданылады.

  2. тттемір тотығы крокус, тек тот баспайтын болаттан дайындалған бұйымдарды өңдейді. Себебі бұйым кейіннен тотығуға ұшырауы мүмкін.

  3. Бор металл мен пластикті жалтыратқанда қолданылады.

  4. Қолайлы тотығы фарфорлы бұйымдарды жалтыратқанда қолданылады.

Жоғарыда көрсеткен жатыратқыш материалдан дөңгелектерге жататын сықпалар алынады. Олар ұсақ жалтыратқыш түрпілерден, беттік белсенді және байланыстырғыш заттардың қоспаларынан тұрады. Қазіргі кезде мемлекеттік оптикалық институтта шығарылған сықпа кеңінен қолданылады. Оның құрамына хром тотығы 74-81%, силикагель 2-18%, стеарин 10%, ыдыратылған май 5-10%, олейн қышқылы 2%, натрийдің гидрокарбонаты 0,2%, керосин 2% кіреді. Жалтырату прцесі тегістеу процесіне ұқсас, бірақжалтыратқыш аспаптарға жалтыратушы сықпа жағу арқылы жүргізеді. Жалтыратқыш аспаптар теріден, киізден, маталардан дайындалған дөңгелектер мен конустар, ал дөңгелек шеткалары қылдан немесе жіптерден жасалады.

Органикалық емес қышқылдар. Тұз қышқылы өткір хлор иісті, түссіз сұйық. Тығыздығы 1,14г/см3 . Қышқылды хлорды сутекті суда еріту арқылы алады. Хлорлоы сутек ас тұзы мен сутек күкірт қышқылының өзара әрекетіне түсуінен түзелетін газ.

Тұз қышқылы халық шаруашылығының әртүрлі саласында кеңінен қолданылады. Тіс протездерін жасау тәжірібиесінде тұз қышқылы алтын негізіндегі құймаларды ағару үшін, басқа қоспалармен бірге тот баспайтын болатқа арналғанағартқыштар құрамына кіреді. Ол алтын мен платинаны еріту үшін қолданылатын патша арағының құрамына кіреді және қалыптық қоспаларды дайындауға қолданылады. Теріге тиетін болса күйдіреді. Дем алғанда тұз қышқылының буы ауамен бірге тыныс алу жолдарын және ауыз қуысының кілегей қабаттарын тітіркендіреді. Сондықтан бұл қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)

  1. Дәнекерлеу процесі.

  2. Ажыратқыш лактар

  3. Түрпілік материалдың түрлері.

  4. Табиғи түрпілік материалдар.

  5. Жасанды түрпілік материалдар


12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. ---------------------------------------------------8 мин.(6%)

1. Мүсінге арналған материалдардың түрлерін білу. Дәнекерлеу, Түрпілік материалдар.



Сабақ №6
1.Сабақтың тақырыбы: Көпіртәрізді және доғалы протездердің базисінде қолданылатын негіздік балауыздардың қоспасының құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері, жіктелуі. Жабысқақ балауыз.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет