тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту: Жылтырату процесі дегеніміз материалдың бетін айнадай жылтырату мақсатындаөңдеу. Оны жылтырату үшін арнайы жылтыратқыш аспапатар және жылтыратқыш сықрпалар қолданылады.
5.Оқыту әдісі:
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.
б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»
(Москва, «Медицина 1981г.»)
2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы
материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)
3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»
( Москва, « Медицина», 1984г.)
Қосымша :
Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)
Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)
8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Фарфор, құрамы, қолданылуы.
Пластмасса, құрамы, түрлері, қолданылуы.
Жылтыратқыш материалдар.
Қосалқы материалдар
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Түрпілік материалдар. Протездерді және аппараттарды дайындап болған соң, барлық бөліктерін жақсылып жоғалатып жылтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір-бұдырларын тазартып тегістеу.
Тіс протездерінің конструкциясын қаншалықты дұрыс болғанымен, ол нашар өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуін қиындатап, тамақ шайнауын аурлатады. Жақсы өңделген пртездер материалдардың беріктігін және тотығуы тұрақтылығын арттырады. Протезді өңдеу және жылтырату үшін, әртүрлі ұсақ түйіршікті материал қолданылады. Мұндай материалдар түрпілік материалдар деп талады.
Материалдарды түрпілерімен өңдеу, оның құрамындағы әртүрлі орналасқан түйіршіктердің қарама-қарсы қозғалысы кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік түйіршіктердің әрекеті олардың майдалылығына, қалыбына және қасиетіне байланысты. Өнекәсәпте қолданылатын түрпілік материалдар «табиғи» және «жасанды» деп екіге бөлінеді.
Табиғи түрпілік материалдар. Алмаз-табиғатта кездесетін ең қатты материал. Ол көміртегінің бір түрі бола тұрып, одан кристалдық торының ерекше орналасауы арқылы ажыратылады. Алмаз қаттылықтың эталоны болып табылады. Моостың деңгейі көрсеткі бойынша, ең қатты материал-10.
Корунд – кристалдарының құрамында 90% алюминий тотығы бар табиғи минерал. Табиғатта таз күйінде өте сирек кездеседі. Ең жиі кездесетіні – темір және кремний тотықтары қосылыстары. Корунд қаттылығы жағынан алмазға қарағнда төмен. Моостың деңгейі көрсеткіші бойынша ол 9-ға тең.
Наждактың құрамында 97% корунд, темір қоспалары және басқа бірнеше минералдар бар. Моостың деңгейі көрсеткіші бойынша қаттылығы 7-8. қаттылығының әртүрлі болуы үшін, оның құрамындағы қоспаларды 1-2% азайту қажет.
Ұсақтылығы наждак ұнтағын електен өткізіп, қағаз бетіне немесе металдар бетіне желім арқылы жапсырады. Оны пластмассадан жасаған тіс протездерінің ойық беттерін өңдегенде қолданады.
Пемза – жанартау атылған кезде пайда болатын зат. Бұл тех қатқан газ тәріздес заттармен қаныққан лава. Пемзаның құрамы тұрақсыз. Оның негізгі компонентері кремнезем (60-70%). Метал тотықтары олардың басқа құрамдық бөліктері болып, пемза әртүрлі түс береді. Пемза ішкі құрылысында қуыстары көп, қатты және морт сынғыш материал.
Жасанды түрпілік материалдар. Электрокорунд- кристалды алюминий тотығы. Өндірісте құрамында 50% жер лайлы бар бокситтен жасанды түрде алынады. Электр пешінде кокс пен бокситті балқытқанда негізіг массадан қоспалары ажыратылады. Электрокорундтың құрамына 85-тен 98%-ға дейін алюминий тотығы болады. Алюминий тотығының мөлшеріне байланысты электрокорунд үш түрге бөлінеді.
Карборунд. Кремний көміртегінің қосылыстарынан тұрады. Карборундты электр пештерінде негізінен кокспен кварц құмдарын 20000С температурада балқу арқылы алады. Көміртегі мен кремнийдің арасындағы химиялық қосылыс нәтижесінде кремний карбиді алынады. Оның құрылысы кристалды. Моос көрсеткіші бойынша ол 9,5-9,75-ке тең. Таза кремний карбиді түссіз, бірақ техникалық карборундтың құрамында 3-тен 5% дейін түс беретін қоспалары болады.
Бордың және вольфрамның карбиді. Бұл материалдардың қаттылығы жақын. Техникалық бор карбидінің құрамында 85-тен 95% дейін таза кристалл бар. Бор карбиді өте қатты және морт сынғыш. Өндірісте қиын балқитын аспаптарды өңдеу үшін қолданады.
Түрпілік аспатар дегеніміз белгілі бір өнімнің, протездің пломбаның бетін механикалық тұрғыда өңдеуге арналған аспаптар.
Түрпілік аппараттарға-тегістегіш дөңгелектер, әртүрлі пішінді арнайы стоматологиялық түрпілік аспаптар және тағы басқа жатады. Түрпілік аспаптардың маңызы қасиеті-жартылай немесе толық өздігінен қажалуы. Ал түрпілік материалдар былай сипатталады;
1.түрпілік материалдардың тегіне байланысты: (Э-электрокорунд, Е-табиғи корунд, КҚ-карборунд қара, КЖ-карборунд жасыл);
2.дәндердің тізіміне қарай (10-нан 320-ға дейін ұнтақ, 28-ден 45-ке дейін микроұнтақ)
3.беріктілік тобына қарай (ӨЖ-өте жұмсақ, Ж-жұмсақ, ОЖ-орташа жұмсақ, О-орташа, ОҚ -орташа қатты, Қ-қатты, ӨҚ-өте қатты);
4.байланыстырғыш тегіне қарай (К-керамикалық, Б-бакелитті, В-вулканитті, С-силикатты)
5.құрылысына қарай (0-ден 12-ге дейін).
Байланыстырғаш материалдарды түрпілік дәндерді цементтен керек мөлшерде аспап алу үшін қолданады. Олар органикалық емес және органикалық болып бөлінеді.
Өз кезегінде, органткалық емес байланыстырғыш материалдар керамикалық, силикатты, магнезитті, шыныцементті болып бөлінеді. Ол органикалық –вулканитті, бакелитті, акрилді болып бөлінеді.
Керамикалық байланыстыруышы материал. Бұл материалдың құрамына дала шпатының ақ саз балшықпен қоспасы, тальк және басқа кварц, бор кіреді. Бұл байлам отқа төзімді жоғарғы механикалық беріктілікке ие.
Материалды әртүрлі тегістегіш аспаптар дайындалған кезде қолданады. Бұл материалдың кемшілігі болып морт сынғыштығы және соққыға жоғарғы сезімталдығы саналады.
Бакелитті байланыстырушы материал. Бұл материалдарды бакелит негізінде және әртүрлі желімді композицияларымен қосылып дайындайды. Бұл материал серпімді, соққыға төзімді, беткейі тегіс. Материалды наждакты және шынылы қағаздар дайындағанда қолданады. Кемшілігі: түрпілік дәнекер бір-бірімен байланысуы төмен болып табылады. Вулканитті байланыстырғыш материалды каучукті күкіртпен қоспасы негізінде дәнекерлеп, олардың құрамына түрпілік ұнтақтарды қосып дайындайды. Бұл байлам жоғарғы тығыздылыққа және серпімділікке ие. Вулканитті байлам негізінде дайындалған аспап тегістегіш қызмет атқарып қана қоймай, жалтыратқыш қызмет де атқарады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------20 мин (22%)
Табиғи түрпілік материалдадың түрлері
Жасанды түрпілік материалдардың түрлері.
Алмаз, корунд, наждак, пемза. Қолданылуы.
Карборунд, электрокорунд, бор. Қолданылуы.
Түрпілік аспаптарға мінездеме.
12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру. ---------------------------------------------------5 мин.(6%)
1.Түрпілік және байланыстырғыш материалдардың түрлері.
Сабақ №16
1.Сабақтың тақырыбы: Жылтыратушы материалдар. Флюстер, қышқылдар, ағартушылар, электролиттер. Бөлуші материалдар және т. б.
2.Сағат саны: 2 акад.сағат. 90мин (100%)
3.Сабақтың түрі: теориялық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту:
тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту:
5.Оқыту әдісі:
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.
б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі
7. Әдебиеттер:
Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.
Негізгі:
1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»
(Москва, «Медицина 1981г.»)
2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы
материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)
3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»
( Москва, « Медицина», 1984г.)
Қосымша :
Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)
Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)
8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Жасанды түрпілік материалдарың түрлері
Алгинатты қалыптық материалдар
Табиғи түрпілік материалдар.
Миниралды балауыздар. Құрамы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Флюстер. Тығыз дәнекер түзілуі үшін негізгі жағдайлардың бірі-дәнекердің біртіндеп негізгі металдың құрылысына өтуі. Бұл жағдай екі құйманың: дәнекер мен негізгі металдың өзара диффузиялық байланысуы кезінде ғана болады. Өзара диффузиялық байланысу деп балқу температурасы жоғарғы металдың балқу температурасы төмен сұйық металда еру қасиетін айтады. Дәнекер мен негізгі металл бір-бірімен өзара диффузиялық байланысу үшін, металл механикалық кірлерден, майлардан, тотықтығы қабаттан тазартылуы керек. Дәнекерлеу процесі кезінде түзелетін тотықты қабатты алу үшін арнайы флюс деген зат қолданылады.
Флюстер тотығы қабатты ерітіп, шлак түрінде дәнекердің бетіне шығарады. Осының нәтижесінде негізгі металл бетінде тығыз байланыс болады.
Жұмсақ дәнекерлерді пайдаланып, дәнекерлеу процесін жүргізгенде канифоль қолданылады. Ал қатты дәнекермен дәнекерлеу процесін жүргізгенде, қолданылатын барлық флюстердің құрамына бура қосады. Бура 4000С температураға дейін қыздырғанда өзінің 10 сулық молекуласын жоғалтады, ал 7410С температурада өңдейді.
Жылтыратқыш материалдар. Жылтырату процесі дегеніміз материалдың бетін анадай жылтырату мақсатында өңдеу. Жылтырату процесінде протез бетінде жалтыр бет қана беріп қоймай, протез материалының жұқа бір қабатын алып тастайды.Оны жылтырату үшін арнайы жылтыратқыш аспатар және жылтыратқыш сықпалар қолданады. Бұл сықпалардың құрамына түрпілік және байланыстырғаш материалдар енеді.
Жылтыратқыш түрпілік материалдарға жататындар;
Хром тотығы –крокустан берік, оны іші тот баспайтын болаттан дайындалған өнімдері өңдеуге қолданылады.
Темір тотығы –крокус, тек тот баспайтын болаттан дайындалған бұйымдарды өңдейді. Себебі бұйым кеңінен тотығуға ұшырауы мүмкін.
Бор – металл мен пластикті жалтыратқанда қолданады.
Қалайлы тотығы – фарфорлы бұйымдарды жылтыратқанда қолданады.
Жоғарыда көрсетілген жалтыратқыш материалдан дөңгелектерге жағатын сықпалар алынады. Олар ұсақ жылтыратқыш түрпілерден, беттік белсенді және байланыстырғаш заттардың қоспаларынан тұрады. Қазіргі кезде мемлекеттік оптикалық институтта шығарылған сықпа кеңінен қолданады. Оның құрамында хром тотығы 74-81%, силикагель 2-18%, стеарин 10%, ыдыратылған май 5-10%, олейн қышқылы 2%, натрийдің гидрокарбонаты 0,2% керосин 2% кіреді. Жылтырату процесі тегістеу процесіне ұқсас, бірақ жылтыратқыш аспапратға жылтыратушы сықпа жағу арқылы жүргізеді. Жалтыратқыш аспаптар теріден, киізден, материалдан дайындалған дөңгелектер мен конустар, ал дөңгелек щеткалар қылдан немесе жіптерден жасалады.
Органикалық емес қышқылдар. Тұз қышқылы өткір хор иісті, түссіз сұйық. Тығыздығы 1,14г/см3. қышқылды хлорлы сутекті суда еріту арқылы алады. Хлорлы сутек ас тұзы мен күкірт қышқылының өзара әрекетке түсуінен түзелген газ.
Тұз қышқылы халық шаруашылығныңы әртүрлі саласында кеңінен қолданылады. Тіс протездерін жасау тәжірибесінеде тұз қышқылы алтын негізіндегі құймаларды ағарту үшін, басқа қоспалармен бірге тот баспайтын болатқа арналған ағартқыштар құрамына кіреді. Ол алтын мен пластинаны еріту үшін қолданылатын патша арағының құрамына кіреді және қалыптық қоспаларды дайындауға қолданады. Теріге титетін болса күйдіреді. Дем алғанда тұз қышқылының буы ауамен бірге тыныс алу жолдарын және ауыз қуысының кілегей қабаттарын тітіркендіреді. Сондықтан бұл қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақатаған жөн.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------20 мин (22%)
Хром тотығы. Қоладынлуы.
Темір тотығы. Қолданылуы.
Бор. Қолданылуы.
Қалайы тотығы. Қолданылуы.
Тұз қышқылы. Қолданылуы.
Азот қышқылы. Қолданылуы
12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
13. Үйге тапсырма беру. ---------------------------------------------------5 мин.(6%)
1. Қайталау. Жылтыратушы материалдар. Флюстер, қышқылдар, ағартушылар, электролиттер. Бөлуші материалдар және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |