ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Акрилді пластмассаны қолдану технологиясы



бет6/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#24177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Акрилді пластмассаны қолдану технологиясы. Өздігінен қатаятын пластмассаны дайындаған кезде, мына жағдайларды есепке алу керек.

  1. Ұнтақ мономермен толық қанығып және мұқият араласуы керек.

  2. Массаны жабық ыдыста араластыру және көлемі массаның көлеміне сәйкес келуі керек.

  3. Масса қоршаған ортаның 23-260С температурасында араласуы қажет.

  4. Масса 35-370С температурада полимерленуі тиіс.

Өздігінен қатаятын пластмасса – Протакрил М- алмалы салмалы пластиналы тіс протезі сынықтарын жағалау, сонымен бірге бет-жақ, ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезінде және алмалы шендеуіштер дайындалған кезде пайданылады.

Протакрил – М суықта қатаятын, ұнтақ – сұйықтық түріндегі пластмасса, оны қолданудың әдісі: ұнтақ пен сұйықты 2:1 қатынасында мұқият араластырады.

Полимерлеу деп мономер мен полимердің қосылысын, яғни, мономердің үлкен санды молекулалары төменгі молекулалары заттар бөлмей (су аммиак және т.б.) өзара қосылысып молекуларалар (полимер) түзілу процесін айтады.

Өздігінен қатаятын пластмассаның полимерленуі мына жағдайларға байланысты:


  1. полимер мен мономердің бастапқы температурасына байланысты яғни, 300С жоғарғы температура полимеризацияны жылдамдатса, 50С-тан төмен температура төмендейді.

  2. активатор мен инициатордың табиғаты мен сапасына байланысты болады.

  3. Ұнтақтың дисперсті дәрежесі мен молекулалары массасы кіші болған сайын полимерлеу тез жүреді.

  4. Мономер мен полимердің арақатынасына байланысты болады.

Полимерлеу кезіндегі өзгерістер мен оларды тексеру дәрежелері.

Кезеңдері

Полимерлер мен мономердің қосылысынан алынған заттардың физикалық және химиялық көрсеткіштері.

Тексеру дәрежесі

1. Құм тәріздес

Полимер мен мономер қосылған полимердің (ұнтақтың) сыртқы қабатында химиялық реакция жүреді, сыртқы қабаты жұмсақ, ішкі қабаты қатты.

Ұнтақ пен сұйықты қосқан кезде суға салынған құм тәріздес болып көрінеді.

2. қыл тәріздес (созылмалы жабысқыш)

Мономер полимерге толық сіңіп, полимердің сыртқы қабығы толық еріп, ішкі қабаты жұмсарады.

Қамыр тәріздес қолға жабысқыш, созылып, қылтәріздес болуы

3. Қамыр тәріздес

Полимер толық мономерде еріп, біртұтас болуы

Қолға жабыспайды және өте жұмсақ

4. Резина тәріздес

Біртұтас, өте тығыз, қаттылау

Жұмсақтау, қолға алған кезде температурасы жоғары, жылу бөлініп шығады.

5. Қатаю кезеңі.

Бірқалыпты жалтыр шыны тәріздес.

Қатты пластмасса.

Мономер мен полимердің ара қатынасы 1:3 болуы керек. Пішіндеуші массаның қолдану түріне байланысты, оны ісінудің әр түрлі кезеңіне қолданады.



    1. кезең: құм тәрізді кезең ұнтақты мономерді араластырғаннан кейін басталады, қоршаған орта температурасына байланысты 30 секундтан 5 минутқа дейін болады.

    2. Кезең: қыл тәрізді кезең. Бұл кезде ұзыннан созылатын жіптер пайда болады.

    3. Кезең: қамыр тәрізді кезең. Пішіндеуші массаның жабысқақтығы жоғалып, жақсы аққыштық, серпімділік қасиетке ие болады. Протез базисін дайындағанда осы кезең қолданады.

    4. Кезең: резина тәрізді кезең. Бұл кезеңде пішіндеуші масса өзіне берілген пішінді сақтап қалады.

Пластмассалы сынықтары – ең жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Акрилді пластмассадан жасалған протездердің жалпы жасалынатын протездерге қарағандағы сынықтары 40-50%-ға теңеседі.

Алмалы-салмалы пластмассала протездің сынықтарының пайда болу себептерін 5 топқа бөлуге болады:



  1. негіздік материалдардың физико – мехнаикалық қасиеттерінің жетіспеушіліктері.

  2. дәрігердің белгілі бір кезеңінде жіберген қателіктерінің болуы.

  3. тіс технигінің белгілі бір жұмыс кезеңінде жіберген қателіктерінің болуы.

  4. науқастың өз протезін дұрыс күтпеуі

  5. протез негізінің семуі нәтижесінде протез жағына сәйкес келмеуі.

Протез сынықтарын екі әдіспен түзетуге болады.

  1. Ыстыққа қатаятын пластмассамен

  1. Өздігінен қататятын пластамссамен

Протез сынғын өздігінен қатаятын пластамссамен түзету үшін Протакрил – М және редонт – 01 пластамссаларын қолданады. Ол үшін сынық сызығына дихлорэтанды желімнің бірнеше тамшысын тамызып, оны сызық бойымен жағып, протезді сынық сызығы бойынша жинап, 3-4 мин ұстап тұрады. Сынықтарды желімдеген протез бойынша мүсін және қарсы мүсін құйылады. Содан кейін протез бөліктерін ойып, сынық сызығының қыры бойынша 2-4 минуттай пластмассаны қырып алып тастайды да, ажыратьқыш лак изоколды мүсінге және қарсы мүсінге жағады. Осыдан кейін пластамссалық қамырды даындайды да, мүсінге қарсы мүсінді орналастырып бір-біріне қысып полимеризаторды полимерлейді. Содан кейін протезді өңдеп, тегістеп, жылтыратады.

Екінші протез бөліктерін жуып-шайып, келтіріп, сынық бөліктерді бір-біріне дәл келтіріп, тіс техникалық балауыздың көмегімен сынықтың сыртқы бетін жабыстырады. Осыдан кеін жабыстырылған протездің ішкі бетіне гипс құйылады. Гипс қаттақанна соң протездің сынған бөліктерін алып, сынық сызығы аймағынан 8-10 мм-ге жететіндей трапеция тәрізді ойықтар жасайды да, протезді құйылған мүсінге қайта отырғызады да, пайда болған қуысқа балауыз құяды. Гипсті мүсінді кюветаға тікелей әдіспен гипстейді. Мүсінді кюветаның негізіне орналастырып кюветаға гипс құяды. Гипспен балауыз құйылған жер ған бос қалады. Гипс қатқаннан кейін кюветаның жоғарғы қабатын жауып оған гипс құяды. Осыдан кеін әдеттегідей балауызды пластмассаға ауыстырады. Пластамсаның полимерленуінен кейін протезді кюветадан шығарып өңдеп, тегістеп, жалтыратады. Осындай әдіспротез сынықтарын жалғау үшін негізінен Этакрил-02, Фторакс және т.б. ыстыққа қатаятын пластамссалар қолданылады.



Пластамссалардан дербес қасық дайындау әдістері.

Көптеген тіс протездері, ортопедиялық аппараттар және пішіндеуші аппараттар ауыз қуысының жұмсақ және қатты тіндерінен алынған мүсін бойынша жасалады. Ал мүсін алу үшін қалып алу қажет. Ол үшін арнайы фабрикалық жолмен қалыптық қасықтар қолданса, ал толық тіссіз жақтан қалып алу үшін дербес қасықтар қажет болады.

Мұндай қасықтар екі әдіспен дайындалуы мүмкін:


  1. Бір мезгілде дайындау – бұл кезде тіс техникалық балауыздың көмегімен алынады.

  2. Екі мезгілдегісі

А) клиникада – стандартты қалыптық қасықты көмегімен қалып алынады.

Б) лабораторияда – мүсіннің үстінде әр түрлі пластинкалық массаның көмегімен дербес қасық дайындалады.

Дербес қасық дайындау үшін АКР-П (пластифицирленген акрилат) пластмассасын өте көп қолданады. Дербес қасық дайындау үшін АКР-П пластинкасын ыстық суда немесе жалында ұстап қыздырады және оны гипсті мүсінге қысып пішін береді. Мұны қолсүрткіш қағаздың, сүлгінің көмегімен істеу өте ыңғайлы, мұндай қасықтың ұстағыш бөлігін АКР-П пластмассасының қиықтарынан жасап, оны дихлорэтанолды желімен жабыстырады немес сымды иіп, оның екі ұшын қыздырып, пластмассаға енгізіп жасауға да болады. Дербес қасықты өздігінен қатаятын пластмассалар Редонт-03, Протакрил –Мнен жасайды. Ол үшін дайын болған пластмассалы қамырды тікелей мүсінге пішіндеп, дербес қасықты дайындайды. Сондай –ақ, дербес қасықты дайындау үшін герпер М.М., Мац Л.Н. өздігінен қатаятын «Карбопласт» атты пластмасса шығарған. Өздігінен қатаятын «Карбопласт» пластмассасынан дербес қасық дайындау әдісі мынадай: Арнайы дайындылған гипсті мүсінді ажыратқыш лак изоколмен өңдейді. Содан соң карбопласт пластмассасын араластырып, оны мүсінде пішіндейді. Масса 3-5 минут ішінде ауада қатаяды. Қасықты өңдеу және тегістеу.

Тұрақты тіс протезін дайындауға арналған пластмассалар. Мұнда пластмассаларды ортопедиялық стоматологияда жасанды сауыттар және тұрақты тіс протездеріне жабындылар ретінде (штампталған дәнекерлер және толық құймалы сауттар үшін) қолданылады. Осындай пластмссалардың ішіндегі ең көп тараған түрлері – синма-74, Синма-М пластмассалары. Олар ұнтақ сұйықтық жүйесіндегі ыстықта қатаятын акрилды пластмассалар түрінде жатады. Бұл пластмассалардың ұнтағы құрамында фторы бар тігілген суспензиядан тұрса, сұйықтығы акрилді мономер мен олигомердің қоспасынан тұрады. Ал синма – 74 пластмассаның құрамында олигомер жоқ. Сондықтан оны тікелей мүсіндеу арқылы дайындалған тіс протездеріне қолданбайды. Синма-М-нің құрамындағы олигмердің болу нәтижесінде пластмассалы массаның икемділігі арта түседі, нәтижесінде бұл пластмассаның саут жабындысын тікелей пластмассамен мүсіндеуге мүмкіндік береді.

Синма-М пластмассасын протез жабындысы ретінде екі әдіспен дайындауға болады. Олар:



  1. Пластмассалы жабындыны тікелей тіс протезі қаңқасына мүсіндеу.

  2. Пластмассаны кюветаға жинақтап пішіндеу.

Осы келтірілген әдістердің ішінде 1-ші әдістің артықшылығы жоғары. Себебі пластамссалы қаңқаны тікелей өзінемүсіндеу 2-ші әдісте кездесетін мынадай көп кезеңдер тұрмайды; балауыздан мүсіндеу, кюветаға гипстеу, балауызды қайнату, дайын өнімді кюветадан шығару.

Полимерлеу үшін мынадай аппараттар қолданылады: стоматологиялық иневмополимеризатор ПС-1, Петровский атындағы Киевтің Автоматика зауыты шығарған және Германияның «Ивокляр» фирмасы шығарған «Ивомат» аппараттары. Бұл аппараттарда «Синма-М 5 атм. Қысымында 1200С-температурада 10 минут шамасында полимерленеді. Ал, егер де протезді түзету қажет болса, онда екінші полимерлеуді 1000С температурада жүргізеді. Бұл металмен пластмасса арасында жарықтардың пайда болуынан сақтайды.

Толық құймалы протез қаңқасына жабынды тікелей әдіспен дайындау үшін диаметрі 0,2-0,6 мм болатын дөңгелек ретенционды шариктері бр толық құймалы металл қаңқаны қолданады. Бұл үшін металлопластмассаны жұмысқа арналған ретенциалық құрлымдар қолданылады. Қаңқаның балауыз мүсініне ретенциалық шариктерді біркелкі етіп орналастырады. Құйылған металды қаңқаны механикалық өңдеуден соң орташа дәнді құм ағымды аппаратта өңдейді. Осыдан кейін қаңқаны жалтыратып, жабынды жалтырататын жерге қол тигізбей мұқиат жауып, кептіреді. Жабынды жабуға дайын қаңқаны мүсінге орналастыру үшін, мүсіннің пластмассамен жанасатын барлық гипсті бөліктерге мұқиат түрде ажыратқыш лак жағылады. Қаңқа мономермен (АКР-7) майсыздандырылып, ауада кептіріліп, қаңқаға жұқа грунтты қабат жағады. Грунтты ұнтақпен ЭДА-02 сұйықтығын қаймақ тәрізді дәрежеге дейін араластырып дайындайды. Ретенционды шариктердің теталын толық грунтты қабатпен жабады. Грунтталған қаңқаны ауада 15 минут аралығында кептіреді, содан кейін қаңқаны полимеризаторға орналастырып, 10 минут аралығында 120С температурамен 5 атм.қысымында полимерлейді. Жабындының түсі өзгеріп кетпеу үшін, пластмасса жағар алдында құрғақ және қатты болу тиіс. Осыдан кейін дентин және кіреуке ұнтақтарын таңдайды. Әрбір Синма-М құрамындағы дентин ұнтағы түсі бойынша стоматологиялық түсті таңдаушының біріңғай тізбесімен керек нөмерді алады. Мысалы; кіреукенің №1 түрі дентин ұнтағының ашық түсті номерлі 6, 10, 12, 14-пен араластырса, кіреукенің №2 түрін дентиннің 16, 19, 20 және 24-ші түстерімен араластырады. Пластмассаны дайындау процесі пластмассаны дайындаудың жалпы тәртібіне ұқсас.

Эластикалық қабатастылық материал. Протездің ауыз қуысында шырышты қабаттың адгезиясын күшейту үшін және сонымен бірге аралас тіс протездерін жасау мақсатындағы ізденістердің нәтижесінде протез негізіне арналған жұмсақ эластикалық қабатастылық материал шығарылған. Бұл материалдар жақ-бет протездерін, обтуратор, эластикалық пелоттар дайындағанда кеңінен қолданылады.

Материал төменгі медико-технологиялық талаптарды толық қанатғаттандыруы керек.
1.негіз материлмен тығыз байланысуы;

2.улы әсерінің болмауы;

3.ауыз қуысында ерімеуі керек;

4.қажалуға жоғары тұрақтылығының болмау қажет.

5.Түсін сақтап тұруы керек.

6.Қолдануға ыңғайлы болуы шарт.



Қолдану ерекшіліктері;

1.альвеолярлы өсіндінің қырының жылдам семуі нәтижесінде протезді бекітудің 2.арлық әдістерін қолдануға мүмкін болмаған жағдайда.

3.Протез жағында сүйек өсіндісі мен қырлары болуы нәтижсінде протездің қатты егізгі ауру сезімін тудырғанда;

4.Науқастың сілекей бөлінуі төмен блып, нәтижесінде ауыз қуысында протез бекітілуіне қолайлы орта болмаған жағдайда;

5.Анатомиялы тістесу кезінде.

6.Протез адгезиясын күшейтуге керек болған жағдайда (мысалы үрмелі аспапта ойнайтын)

7.Ескі протез негіздеріне жаңа пішін беру үшін.

8.Обтуратор дайындау үшін

9.Кламмерсі протез дайындау үшін қолданылады.

Протез негізіне арналған эластикалық қабатастылық материалдар табиғатына қарай 4 түрге бөлінеді; акрилді, полихлорвинилды, силиконды және фторкаучукты.



Акрилді қабат астылық материал. Акрилді материалдар2 түрде болуы мүмкін: 1. ұнтақ – сұйықтық. 2. Эластикалық пластин.

Ұнтақ-сұйықтық түріндегі материал сұйықта және ыстықта ауада қатаятын болып екіге бөлінеді. Ұнтақ-акрилді мономердің жанама полимері – ММА, этилметакрилат, бутилакрилат, метакрил қышқылының гидроксиэфирі және т.б.

Пішіндеуші масса дайындауға арналған сұйықтықтың екі құрамы бар. А) акрилді мономерлер қоспасынан және кейбір органикалық ерекшіліктерден тұрадв; б) Өздігінен қататятын пластмассаға арналған сұйықтығы бар акрилді мономер қоспасы. Кейбір эластикалық материалдар сұйықтығына полимер тізбегінің өсуін реттейтін зат телогендер өосады. Мұндай негізгі полимерлену процесінде молекулярлы массасы төмен полимер (теломер) түзіледі. Материалдың молекулярлы массасының төмендеуі, оның эластикалық қасиетін жоғарлатады.

Эластикалық пластиндер негіз үшін түссіз түрінде немсе (мөлшері 100 х 65 х 1 жоғарғы жақ протезіне, төменгі жақ протезіне 100 х 65 х 2 мөлшерінде) қызғылт түсті пластина түрінде шығарылады. Олар протез бетінің шырышты қабат бөлігіне тиіп тұрған барлық бөлімдерін жабуға немесе белгілі бір бөлігін жабуға қолданылады. Пластинка эластикалық акрилді жанама полимерлерден дайындалады. Ауыз қуысында ең қолайлы эластикалық күйге 37С температурада жетеді. Акрилді эластикалық қабатастылық материалды қолдану күрделі емес, және протез дайындау әдісі өзгермейді. Бұл материалдардың кемшілігі эластикалық қасиетін жоғалтып, тез қажалады.



Полихлорвинилді негіз астылық материал. Мұндай түрдегі материалдардың екі түрі бар. А) Ұнтақ және сұйықтық. Б) екі жағы лакталған полиэтилен пленкамен жабылған гель.

Олар басқа мономерлермен бірге жанама полимер винилхлоридінен тұрады. Жанама полимерлер ретінде акрилаттар, винилацетет т.б. элатикалық дәрежеге сыртқы пластификаторлар өкілі болып табылады. Бұл ұнтақ-сұйықтық түрінде болады. Бұл жоғарғы эластикалық қасиеті бар, ауыз қуысы сұйқтығында ұзақ уақыт тұрақты болатын, негізбен тығыз байланысатын материал. Эладент-100-дің ұнтағы суспензиялы жанам полимер винихлорид бутилакрилатпен, тұманданған титанның екі тотығы және боялған пигментпен, ал сұйықтғы диоктилфталаттан тұрады.

Материалды протез дайындалып жатқан уақытта протез негізіне жағуға немесе қолданылып жүрген протезнегізіне тікелей қолдануға болады. Бұл материалдардың тағы бір өкілі «Паладир» (Германия). Гель түріндегі материалды стоматология тәжірибесінде қолданбайды.

Силиконды негізастылық материал. Бұл материалдар сықпа сұйықтық түрінде болады. Сықпалар металл түтікшелердің ішінде орналасады. Материалдың құрамында бір, екі немесе үш сұйықтық кіреді. Алдыңғы екі сұйықтық желімдеудің катализаторы болса, үшінші – праймер (қабатасты) болады.

Сықпа мынадай негізгі ингредиентттерден тұрады: силиконды каучук СКТ-Н, толтырғыш, бояғыш. Катализатор рөлін үш метилацетоксисилан, аминосиландар атқарады. Сықпаны сұйықтықпен араластырғанда пішіндеуші масса түзіледі де, 10 минут ішінде бөлме температурасында қатаяды. Бұл материал протез дайындау процесінде де және дайын протезге де қолдануға болады. Силиконлы негізастылық материал протездердің адгезия қасиетін 4 есе күшейтеді, ұзақ уақыт эластикалық қасиетін сақтап тұрады, бірақ протез негізіментығыз байланыспайды, басқа акрилді, полихлорвинилді материалдарға қарағанда тез қажалады және төзімділігі төмен. Матриалдың протез негізімен байланысын күшейту үшін силиконды сықпаны қоярдан бұрын прайменрмен өңдеп алады. Праймер ретінде аллилтриметоксисилан, аллилтриацетоксиландар қолданылады.

Қазіргі уақытта силиконды қабатастылық материал ретінде Ортосил-М (Россия), Моллопласт-Б, Моллоксил (Германия) пластмассаларын қолданылады

11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)


  1. Пластмассалардың түрлері.

  2. Пластмассалардың жіктелуі.

  3. Полимеризация кезеңдері.

4. Материалдарға қойылатын талаптар

12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. ---------------------------------------------------8 мин.(6%)

1. Тіс техникалық тәжірибесінде қолданылатын пластмассалардың түрлері, жіктелулерін, полимеризация кезеңдерін білу.



Сабақ №8
1.Сабақтың тақырыбы: Тіс протездеу техникасында қолданылатын фарфорлық масса, физико – механикалық қасиеттері. Фарфорлы жасанды тістер алу, керамикалық масса.

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Қазіргі заманда фарфор дайындау өсіндісінде ең көп қолданылатыны калий дала шпатымен, натрий шпаты, кальций дала шпатымен танысу.

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Фарфордың қасиеті компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Дала шпаты – фарфорлоық массаның негізгі копоненті болып табылады.

5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



    1. Пластмассалардың жіктелулері.

    2. Тот баспайтын болаттың құрамы.

    3. Қосалқы материалдар.

    4. Балауыздар, түрлері, жіктелулері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Керамикалық массалар. Фарфор, биокерамика құрамы, қасиеті. Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдан асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездерді тек қана алмалы протездер жасаған кезде ғана қолданады.

Фарфордың қасиеті көптеген факторларға байланысты болады. Оның ішіндегі ең негізгілері – компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Фарфор құрамында ақ саз балшығы бар материаладар тобына енеді. Сондықтан керамика сөзі гректің «керамос» деген ұғымы, яғни құмыралық балшық деген мағынаны білдіреді.

Фарфор алынатын материалдар. Дал шпаты- фарфорлық масаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық жағынан күрделі қосылыс.

Кварц – бұл да фарфорлық массаның негізгі элементі болып қана қоймай, керамикалық затарға жоғарғы тығыздылық пен химиялық инерттілікті береді. Кварцтың фарфорлық массада болуы, массаға тұрақтылықты береді, сондай-ақ кварцтың массада көп болуы массаның балқу температурасын жоғарлатады.

Еріткіштер немесе флюстер – бұлар фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий корбанаты, кальций карбонаты жатады). Қазіргі заманғы стоматологиялық фарфорлық массада бұлардың мөлшері 25%-ға дейін жетеді. Олардың балқу температурасы 600-8000С.

Бояғыштар – бұларды фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданады. Бояғыштар ретінде металл, марганец, хром, кобальт мырыш тотықтарын және тағы басқа пайдаланады.

Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың ең керек. Құрамы. Оның 3-10% қоспасы фарфорлық мсассаның күйдіру температурасын жоғарлатады. Каолиннің балқу температурасы 1700-18000С. Ақ саз балшық-бұл дала шпатының әртүрлі табиғи фарфорлардың әсерінен ұзақ уақыт ыдыраған тау шөгіндісі болып табылады.

Табиғи ақ сазан балшық әдетте әртүрлі қосындылардан тұрады. Олар металл тотықтары кремнийдің қос тотығы, глинозем т.б.

Күйдіру кезінде каолин муллит кристалдарын түзеді. Әдетте олар фарфорға беріктілік пен термотұрақтылық береді. Бірақ, ол фарфордың мөлдірлігін тез төмендетеді, сондықтан кейбір стоматологиялық фарфор дайындауда каолинді қолданбайды. Құрамында каолині жоқ фарфорлық массаға пластификатор ретінде күйдіру кезінде толық жанып кететін органикалық заттар қосады (қант, декстрин, крахмал)

Фарфор – бұл әртүрлі компоненттерді қосу арқылы күйдіріп және пісірудің нәтижесінде алынады. Ол тұз қышқылынан басқа әртүрлі ортаға төзімді болады.

Фарфордан жасалынатын жасанды тісті зауытта арнайы күйдіру тәртібімен жасайды. Жоғарғы температурада дала шпаты шыны тәрізді фазаға айналады. Ол әртүрлі компонентерді ерітеді. Шыны тәрізді фаза күйдіру кезінде массаға пластикалық қасиет беріп қана қоймай, құрамды бөліктерді байланыстырады. Дала шпаты жасанды тіске күйдіруден соң тістің бетіне бір тегіс жалтыр глазурлы беткей береді.

Фарфорлық массаны дайындау технологиясы. Стоматологиялық фарфорлық массаны, оның болашақта қолдану ерекшеліктеріне қарамастан, біркелкі етіп жасайды. Фарфорлық массаны дайындауда ең маңыздысы – бастапқы өнімнің тазалығы. Дала шпаты мен кварцтың ірі кесектері алдын-ала 5-10 см-ге майдаланады. Содан соң арнайы бегундар арқылы дала шпаты мен кварц майдаланып ұнтақталады. Дайын болған өнімге әр түрлі флюстер қосып араластырады. Қоспаны (штихтаны) шамотты тиглге орналастырып шыны масса (фритта) алынғанша күйдіреді. Фриттаны тез салқындату арқылы оны шытынатады. Содан соң тиглден алып керек дисперсиясына дейін ұнтақтайды. Фарфорлы тістің бояуы мен керек түсті алу, бояғыш пигменттерді қосу арқылы алынады. Содан кейін дайын ұнтаққа плстификатор мен аналин сырларын қсоады. Осындай түрдегі фарфорлы ұнтақты тіс техникалық зертханасында протез жасау үшін қолданылады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет