Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауаның жоғарғы температурасының организмге әсері



бет10/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

7.Ауаның жоғарғы температурасының организмге әсері

Ауыл шаруашылығында көптеген малдардың түрлерінің төменгіге қарағанда жоғарғы ауа температурасына төзімділігі нашар болады.

Ауаның температурасы дененің бірқалыпты жылу аймағының жоғарғы қауіпті шегінен жоғарылаған сайын, нормалды физиологиялық процесстердің жүруіне өзгерістер енгізеді, яғни организмнің жылу тепе-теңдігі (баланс) бұзыла бастайды. Ортаның температурасы жоғарылай бастағанда организм оған қарсы тұру үшін, жылу балансын реттеу мақсатында – жылу түзілуді шектеп, ал жылу тарау процессін арттыра бастайды. Яғни жылу түзілуді тежеу үшін малдың тәбеті төмендеп, азық қабылдауы шектеледі, содан ішек-қарын органдарының секреторлық, ферменттік қызметтері нашарлайды. Мұнымен қатар организм жоғарғы температураға қарсы тұру үшін, яғни денеде артық жылу жиналмау үшін, сыртқы ортаға жылудың тарауын арттыруға тырысады. Бұл бағытта тыныс алуды жиілетіп, қан тамырлары кеңейіп, жүрек соғысы жоғарылап, дененің бетінің ауданын ұлғайтып, тер бездерінің жұмысын арттыра отырып күреседі. Бұның нәтижесінде малдың өнімі төмендеп, су қабылдауы артып, малдың өсу салмағы кемиді (15-20 %), жылу, газ және ас алмасу прцесстерінің бұзылуының салдарынан қанның құрамына да өзгерістер енеді, яғни жалпы белок пен оның фракцияларының қатынасы ауысып, дененің суының булануының нәтижесінде тер мен минералды заттар, витаминдер, әсіресе, витамин С,В топтары азаяды, жалпы организмнің резистенттілігі төмендеп, тіпті дене температурасы жоғарылауға апарып соғады да – гипертермия ауруына ұшырайды.

Гипертермия – (грекше hjper – көбею, therme - жылу) денеге, ортаның жоғарғы температурасының әсерінен түзілген жылудың тарауы бұзылып, артық жиналуын айтады. Гипертермия екі бағытта өтуі мүмкін. Бірінші – жедел (үстірт) түрі – жылу соғу, екінші – сүзелең түрі – жылудың денеде ұзақ тоқырауы (жиылуы).

Жылу соғу – дененің қызуынан туатын ауру болып, нерв жүйесінің және қан-айналысы мен жүрек қызметтерінің бұзылуымен сипатталады. Бұл кезде тері мен дене температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, мүшелердің кілегей қабатының беттері қызарып, артық тер шығып, алқынып, қан тамырларының соғысы жиілеп, мазасызданып, бұлшық еттердің дірілі пайда болып, жүрісі тәлтіректеп, аузынан көбік шығып, талықсып, көбінесе мал өлім-жітімге ұшырайды. Мұндай жағдайға көбінесе ыстық күндері малдарды қуғындау, тығыз, ауасы тар, жабық көліктермен тасымалдағанда ұшырайды. Жылудың денеде ұзақ тоқырауы – ортаның жоғарғы температурасының ұзақ уақыт, тоқтаусыз әсер еткенде, организм оған бейімделе алмаған кезде болады. Бұл кезде дененің температурасы өзгермей немесе сәл ғана (0,5 градусқа) көтерілуі мүмкін және жоғарғы (27-35 градусқа) температураның ұзақ әсерінен организм әлсіреп жылу стрессіне ұшырап, тәбеті жойылып, азық қабылдауы нашарлап, ас қорыту мүшелерінің ферменттік секреторлық қызметтері тежеліп, азықтың қоректі заттарын толықтай пайдалана алмай, денеде улы заттар жиналып, қанның қызыл түйіршіктері, гемоглобиндер азайып және фагоциттік қабілеті төмендейді де мал арып, жүдейді, өнімі азайып (сүт өнімі 10-50 %), жас малдардың өсуі тежеледі (10-30%).

Орта ауасының жоғарғы температурасында малдардың, әсіресе мегежіндердің жыныстық қабілеті тежеліп, күйті сылбыр, баяу жүреді,буаздықтың алғашқы кезінде жатырдағы өскен ұрықтың (эмбрион) ыдырау пайызы жоғарылайды да, туған торайлардың саны кемиді.

Мұндай жағдай көбінесе малдарды тар қораларда қамап ұзақ ұстап, ауа алмасуын қамтамасыз етпеген кездерде кездеседі. Жоғарғы температураның әсеріне шыныққан және күйі төмендеу малдар төзімді келеді.

Жылу стрессінің (күйзелісінің) алдын алу үшін мал қораларының ауасының ылғалдылығын төмендетіп, құрғақ ұстап, қалыпты шамада (1-1,5 м/сек) ауа қозғалысы болып, малдарды тығыз, желдетілмейтін жерлерде ұстауға жол бермеу қажет. Жайылымда, ыстық күндері мал тұратын (демалатын) орындар биіктеу, ашық жерлерде болуы керек. Өте ыстық мезгілдерде арнайы малдар үшін күрке, жаппалар қаралып, тәуліктің таңғы, кешкі және түнгі кездерінде жайылымға шығарған жөн болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет